Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дара және күрделі сын есім


Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы





Ашық сабақ

Тақырыбы: <<Дара және күрделі сын есім>>







Дайындаған: Көбеева Роза













Түркістан қаласы
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім. Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту.Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындықІ Кіріспе бөлім. Бүгінгі қазақ тілі сабағында яғни, сендердің қазақ тілі сабағында сын есімнен алған білімдеріңді жинақтап бекітеміз. <<Сын есім туралы не білдік?>> деген сұраққа жауапты бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды слайд арқылы орындай отырып табамыз.ІІ. Негізгі бөлім.Тапсырманы орындай отырып алғыр да білімді, тапқыр да жылдам оқушыны анықтауымыз керек.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?Зат есім дегеніміз не?Арал, Талдықорған Айжан қандай зат есім?Жалпы есім дегеніміз не?Етістік қандай сөз табы?Балалар сыныпқа кірді. Етістік болып тұрған сөзді ата?Етістіктің шақтары дегеніміз не?Өткен шаққа мысал келтір?Сын есім дегеніміз не?Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?Күрделі сын есімге мысал келтір?Мақал - мәтелдерден сын есімдерді табу.Тілі тәтті, діні қатты.Жақсы кісі жығылса,Жаман адам табылар.Сабыр түбі - сары алтын.
Жұмбақ шешу. Сын есімді табу.Сергіту сәті.Мына мен тұра сала төсектен,Жаттығатын спортшы деп есепте.Бір, екі, үш,Бұлшық етте, міне, күш!Төрт, бес, алты,Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,Созыламыз, керілеміз сәкідей.Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықта.Берілген сөйлемдерден тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықтап, сын есімдерді табу. Бөлмеге ақшашты әже кірді. Бізді ұзын бойлы адам қарсы алды. Оның әкесі жылы жүзді кісі екен.Мәтінмен жұмыс. 455 - жаттығу.Сын есімдерді тап, олардың дара және күрделі екенін айт.Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.Денсаулық қандай байлық? (зор)Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)Қандай бала арлы бала? (әдепті)Жақсы - жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)Тудың түсі? (көгілдір)ІІІ. Қорытынды.Сонымен балалар, біз сын есім атты сөз тобын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың, алғырлықтарың дәлел болды.
ІҮ. Оқушылар білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 453 - жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
Дара сын
Бір сөзден тұратын сын есімді
Қазақ тілі сабақ жоспары
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Есімдіктің мағыналық түрлері
Сан есімнің дара жіне күрделі түрлерімен таныстыру
Күшейтпелі шырай жайлы ақпарат
Екінші сөйлем
Сөз таптары жайлы
Сан есім туралы түсінік
Пәндер