Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Аруана-бауыр дүние



Толқын Қадыр Сұлтанқызы
Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжінің оқытушысы
Бейнеу ауданы , Маңғыстау облысы


Сабақтың тақырыбы: Т.Айбергенов
<<Аруана-бауыр дүние>>

Сабақтың мақсаты: Ақынның <<Аруана-бауыр дүние>> өлеңінің мазмұнымен таныстыру.
Идеялық ерекшелігін таныту.

Тәрбиелік: Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру,
елжандылыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға баулу.
Шығармашылық жұмыстары арқылы қабілеттерін, икемділіктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті. Жыр жинақтары.
Видеопроектор.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап.Түсіндіру. Мәнерлеп жатқа оқу.
Талдау жұмыстары. Шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың түрі: Беспальконың сатылық тапсырмалар жүйесі
бойынша жұмыстар жүргізу.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып,танысу.
Назарларын сабаққа аудару.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.Үйден жаттауға ақынның <<Ана>> өлеңі берілді.
2 оқушыдан <<шынжырлау>> әдісімен жатқа сұраймын.
Шолу сұрақтарын қоямын.
а) Т.Айбергенов кім?
ә) Оның қандай жинақтары жарық көрді?
3. Бүгін ақынның <<Аруана-бауыр дүние>> атты өлеңімен танысамыз.
(күннің жады және сабақ тақырыбы тақтаға жазылады) Мақсатымыз - осы өлеңді оқу, түсіну және ақынның айтпақ ойын ұғыну. Өлеңге талдау жұмыстарын жасау.
Біз білетін Т.Айбергенов - өткен ғасырдың 70-жылдарының көрнекті ақыны. Сол кезеңде әдебиет ауылына ат ізін салған немесе студент кезеңі дәл осы көзге дөп келген жандардың барлығы да Төлеген өлеңдерін жаттады. Талай адамның тұңғыш оқыған жыр жинағы <<Мен саған ғашық едім>> болыпты. Ақындыққа әуес жандар оған еліктеп өлең жазып, Төлегенше образды ойлауға тырысыпты. Оның өлеңдері бір деммен оқып шығуды талап етеді. Аса қуатты дарынның арғы жағында сонау жыраулар поэзиясынан тамыр тартушылық бар сияқты, сөздің суретін ғана емес,сазына да көңіл бөлетін далалық дана дәстүр бар. Халқымыздың ұлттық поэзиясы секілді тек оқуға ғана емес, тыңдауға да арналған сазды үйлесімі, яғни эвфония жағынан жинаған олжасын жаңа заманға жарастыра қолданатындығын байқаймыз.
Сұрақ:
* Сендер Төлеген өлеңдеріне жазылған қандай әндерді білесіңдер?
Төлеген өлеңдеріне сазгерлер әуен жаза бермейді. Өлеңдерінің өзі оқығанда сазы бардай естіледі. Оның талантының басты құдіреті жақсылыққа, адамға ғашық жүрегінде, баршаны бірдей құшағына алуға дайын тұрған дархан жанында, кең пейілінде, тиген жерін күйдіріп кететіндей Төлегеннің өзінің <<мөлдір дерті>> - Сағынышында. Ол мені де, сені де,тауды да сағынады. Өзінің М.Шахановқа жазған <<Сағыныш>> атты өлеңінде
Қажет жерінде қатігездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте, - деп жазғанындай, ол өз сағынышымен ұлы, сағынышымен аяулы. Бүгінгі өлеңді түсіну мақсатында мынадай сатылардан тұратын жұмыстарды жүргізуіміз қажет.



2593340393700025933403937000
174180514795500174180514795500 Шығармашылық деңгей

953770113030009537701130300095377011303000 Эвристикалық деңгей

1339851250950013398512509500 Алгоритмдік деңгей

Міндетті деңгей

Ең алдымен өлең мазмұнын түсінейік
Бұл- біздің міндетті деңгейіміз.
(Өлеңді жатқа оқу).

Сұрақ:
* Өлең сендерге ұнады ма? Енді өлең мазмұнын ашу үшін шумаққа бөліп оқып, мазмұнын қара сөзге айналдырып, түсініп қарайық.

1-шумақ Жау қолына түскен аруана ботасын шайнап өлтіріп, артына қарай алмастай боп, көз жасын төгіп боздаумен туған жеріне қашады екен.

2-шумақ Айлар бойы шөлдеп, таңдайы қатса да, тіпті мәңгілік түнек болса да, туған жерін аңсап өтетін аруана ақынға аса қымбат. Өйткені ақын да сол бір жылдары (ата-бабасы) жерінен ауған, тағдыры аруанаға ұқсас-бауыр дүние.

3-шумақ Ақын қиналысы: сол тағдыр тәлкегіне заман сырын қалай жазу керек? Тіл де, сөз де жетпейді.

4-шумақ Өмірде ұзақ жасап, қаншама қайғыға батса да, туған жеріне орала алмаған адамға тағдыр мейірін төкпейді, ол адам арманына жетпейді. Мен де аруана тектес, алыста, туған жерден шетте өскен ұл едім.

5-шумақ Мен де ата-бабам жеріне аңсарым ауып сағынам. Жеріне асығып жыл сайын қиқулап ұшқан аққудың дауысы жанымды толқытады. Жанарымнан жас төгіледі. Баласы өліп, қайғырғанда аққан көз жасынан туған жерді сағынғанда, қамыққанда төгілетін көз жасы қымбаттау екен.

6-шумақ Қуаныш! Міне, өзім де, өлеңім де туған жерге жетті. Оңай емес, қаншама арман, қанша қиял, қаншалық жүрек сағынышы.

7-шумақ Қалған малға да, дүниеге де қайғырмаймын. Тасқа да гүл шығады, тіпті тасқа да,тауға да өз жері, өз топырағы керек. Басқаны білмеймін. Мен сан рет туған жерімді қайталап айта аламын.

8-шумақ Бұл арман, сүйіспеншілік-менің сәнім де, жырым да, жүрісім де.

9-шумақ Туған жерге деген махаббат менің зердем мен кеудемде ықылас отын мәңгі маздатып тұратыны хақ. Сол маздаған отқа оранған ыстық жүрегім кең байтақ Қазақстанды мадақтап, түгел көтеріп,туған халқына шаттана жыр төгетініне Сен сене біл!

Өлеңді талдау барысында төмендегі түсініксіз сөздерге түсінік беріледі:

Аруана - шөл жерде өсіп-өнетін түйенің ерекше қасиетті, сүтті түрі, текті жануар.

Бауыр дүние - туған жері,табиғатына бауырмалдық қасиетін бейнелейтін тіркес.
Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп - өзге қоныс, жат жерден
өз ботасын өлтіріп, артқа қарайламастан туған жерге жету.

Омырауын шерге толтыру - мұң басу, қайғыру, өзегі өртену.

Мөлт ете қалсам балапанымды шайқап ап - баламды өлтіріп алсам да.

II. Алгоритмдік деңгей. Өлеңді талдау жұмыстары. 1 оқушыны тақтаға шығарып, 1-шумағын жаздыру және талдау жұмыстарын жасау.
19 Аруана жаудың /қолына түссе / ботасын шайнап / өлтіріп,
18 Қаралы мойнын /қайтадан артқа/ бұрмастай халге / келтіріп
18 Жеріне тартып / отырады екен / моншақтап жасы / боздаумен
9 Омырауын шерге / толтырып
Қара өлең ұйқасымен жазылған

Қалған оқушыларға сұрақ қою:

Сұрақ: Ал, енді өлеңде сөз болатын басты мәселе не? Тақырыбы не?

Жауап: Туған жер, туған жерге сүйіспеншлік.

Сұрақ: Осы тақырыппен ақын қандай ойын білдіреді? Идеясы не?

Жауап: Қазақ халқында атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімізбен дарып, ақ дәммен бекіген. Елінсіз, жерінсіз көгеру, гүлдену атымен жоқ.

Сұрақ: Осындай оқиға кімдердің басында болды?
Лирикалық қаһарман кім?

Жауап: Лирикалық қаһарман-ақынның өз бейнесі. Ақын халық аңызы-аруана туралы ежелгі шындықты еске алады. Оның тағдырынан өзінің арманын, жүрек мұңын сезінеді. Ақын мұңы-ел мұңы. Қайғырады, қапаланады, жылайды, таңданады, тамсанады, ант етеді ,дегеніне жетеді, қуанады.

Сұрақ: Ақын осы қуанышпен қалайша жырлайды екен?
(көркемдік ерекшелігі)

Жауап: Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін аруана бейнесі арқылы ойын астарлап жеткізген. Балама бейне - Аруана-символдық бейне.

III. Эвристикалық деңгей.

Сұрақ: Оқушылар, мүмкін сендердің араларыңда да поэзияны сүйетіндерің бар шығар. Басқа қандай қазақ ақындарының, жерлес ақындардың туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерін білесіңдер? (бір шумақтан оқыту)

IV. Шығармашылық деңгей.

- Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар ұысынылады.

* <<Алыс кетсем мен сені...>>

* <<Туған жер>> тақырыбына ойтолғау, өлең жазу.

* Жаңа сабақты бекіту.
а) Бүгін қандай жаңа тақырып өттік?
ә) Оның идеясы қандай?

4. Үйге тапсырма беру.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумағын жаттау.
ә) Шумақтардың мазмұнын ашу.
б) Өлеңдегі ажарлы, айшықты сөздерді теріп жазып келу.

* Оқушылар білімін бағалау.











Ұқсас жұмыстар
Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы
Төлеген Айбергенов Аруана-бауыр дүние
Мал шаруашылығы
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Түйе иесі
Әліппе мұғалім
Өмірі мен шығармашылығы
Түйе. 2-сынып. ана тілінен қысқа мерзімді жоспар
Махамбет жауласқан хан
Буырқанған даланың дауылпазы
Пәндер