Көміртектің қосылыстары

Сабақтың тақырыбы: Көміртектің қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көміртек қосылыстарының табиғатта таралуын, алынуын, физикалық қасиеттерін, химиялық қасиеттерін, қосылыстарын және қолданылуын өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі тексеруге, химиялық теңдеулерді ұқыпты жазып, теңестіре білуге баулу.
Тәрбиелік: Тұрмыстық химияда кездесетін заттармен ұқыпты жұмыс жасауға, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: презентация, оқулық, периодтық кесте
Сабақтың құрылымы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Бекіту
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушыларымен амандасып, кезекшілікпен жұмыс жасау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Периодтық жүйедегі орны
- Физикалық қасиеті
-Химиялық қасиеті
-Табиғаттағы айналымы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көміртек (ІІ) оксиді - түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газы организмде гемоглобиннің оттекті тасымалдауына мүмкіндік бермейді. СО - тұз түзбейтін, бейтарап оксид.
СО 2 - көмірқышқыл газы, иіссіз, түссіз газ, тыныс алғанда, органикалық заттар шірігенде, жану кезінде түзіледі. Зертханада қышқылдардың мәрмәрға немесе борға әсер етуі арқылы алынады. Ауадан ауыр, жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі температурада қар сияқты массаға айналады.
СО 2 -қышқылдық оксид, сондықтан сілтілермен әрекеттеседі.
СО 2 +Са(ОН) 2 →СаСО 3 ↓+Н 2 О
Бұл реакция көмірқышқыл газына сапалық реакция болып табылады.
СО 2 негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
СО 2 +СаО→СаСО 3
Сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі:
СО 2 +Н 2 О→Н 2 СО 3
Көмір қышқылы -тұрақсыз зат, оңай айырылады:
Н 2 СО 3 →Н 2 О+СО 2 ↑
Көмір қышқылының тұздары екі түрлі болады: орта тұздары - карбонаттар, қышқыл тұздары - гидрокарбонаттар деп аталады.
Химиялық қасиеттері:
Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:
Н 2 СО 3 + NаОН=Nа 2 СО 3 +2Н 2 О
натрий карбонаты
Н 2 СО 3 + NаОН=NаНСО 3 +2Н 2 О
натрий гидрокарбонаты
NаНСО 3 + NаОН=Nа 2 СО 3 +2Н 2 О
Көмір қышқылының тұздары:
Қыздырғанда ыдырайды:
СаСО 3 =СаО+СО 2
2NаНСО 3 =Nа 2 СО 3 +СО 2 +Н 2 О
Гидролизге ұшырайды:
Nа 2 СО 3 +НОН=NаОН+NаНСО 3
СО 3 2- +НОН=НСО - 3 + ОН -
Сапалық реакциясы:
Nа 2 СО 3 +2НСl=2NаОН+СО 2 +Н 2 О
СО 2 +Са(ОН) 2 =СаСО 3 +Н 2 О
ақ тұнба
Қолданылуы. Кейбір металдардың карбонаттары кең түрде қолданылады, натрийдің гидрокарбонаты (ас содасы) асқазан ауруларына, литий карбонаты организмде тұз жиналғанда, сондай-ақ карбонаттар - өндірісте, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Бекіту кезеңі.
Бекіту сұрақтары:
- Иіс газы мен көмірқышқыл газының айырмашылығын айтып беріңдер.
- Көмірқышқыл газы қандай мақсаттарға қолданылады?
- Мына айналулар тізбегін іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
- Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері қандай болу керек?
А) 20% Ә) 78 % Б) 0, 03 % В) 1 % Г) 0, 08 %
5. Егер шығымы 90 % болса, онда 1 кг әктасты қыздырғанда қанша сөндірілмеген әк алуға болады?
Тренинг ойындары:
Сенесің бе, сенбейсің бе?
1. Сенесің бе, сенбейсің бе, - көміртектің (ІV) оксиді - негіздік оксид
2. Сенесің бе, сенбейсің бе, - көміртек (ІІ) оксиді - түссіз, иіссіз, улы газ.
3. Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылы - тұрақты зат.
4. Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылының тұздары - карбонаттар
5. Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылы суға және көмір қышқылына айырылады.
Жоғалған формулалар.
1. С + . . . → СО 2 2. СО + . . . → 2СО 2
3. С + СuО → . . . + СО 4. СаСО 3 + . . . → СаСl 2 + Н 2 О + СО 2
5 . . . → СаО + СО 2 6 . . . + СО 2 → Н 2 СО 3
7. СО 2 + . . . → СаСО 3 8. СО 2 + . . . → СаСО 3 + Н 2 О
Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті )
Реттік санмен көміртектің, көміртек (ІІ) және (ІV) оксидтерінің химиялық қасиеттерінің жартылай теңдеулері берілген. Әріппен реакция нәтижесінде түзілетін заттарды жұптап, сәйкестендіріңіздер.
1. С+О 2 → …. . +402 кДж а) СН 4
2. 2С+ О 2 → . . . ә) СО 2
3. C+Cu O → …… б) СаС 2
4. С+2 Н 2 → в) 2СО
5. 2С+Са → г) Al 4 C 3
6. 3С+4Аl ғ) СО+Сu
7. 2CО + О 2 →……+577 кДж д) Сu+ CO 2
8. СО+Cu O →……+ ж) H 2 CO 3
9. CО 2 + Н 2 CO →…. . +……. з) 2СО 2
10. СО 2 +2Na OH →……+…… и) Na 2 CO 3 +H 2
11. CO+Ca O →…… к) CaCO 3 +H 2
12. CO 2 +Ca(OH) 2 →……. л) СaCO 3
Жауабы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz