Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББ мектебінің
І санатты педагог-психологы
Бағдыбаев Марат Қабиұлы

Тренинг - сабақ
(ата-аналарға арналған)
Тақырыбы:Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары
Мақсаты: Көңіл-күйлерін көтеру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, топқа бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, қарым-қатынастарын нығайту.
Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: Парақшалар, қағаз қиындылары, қалам-қарындаштар
Сабақтың уақыты: 45 минут
Қатысушылар: 15-20 адам
І. <<Өз есіміңді құрметтеу>>
Мақсаты: Қатысушылар бір-бірінің есімдерін естерінде қалдыру.
Уақыты: 5 минут.
Жүргізуші бір қағаздың қиындысын алып топта тұрған қатысушылардың біреуінің есімін атап қағаз қиындысын аспанға лақтырады. Есімі аталған адам сол қағаз қиындысын жерге түсірмей қағып алуы шарт.
ІІ. <<Оркестр>>
Мақсаты: топқа бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, қарым-қатынастарын нығайту.
Уақыты: 15 минут
кедергілер оның ерік-жігерін жануға, мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үндейді. Сондықтан да қиындықтан қашуға болмайды, керісінше оны жеңе білу керек, шешу жолдарын іздестіре білу қажет.
Сіздерге, қандай жағдайда болмасын кездескен кедергілерді жеңіп, балаларыңыздың тек жақсылықтарын көріңіздер деп бүгінгі тренингімізді аяқтағым келеді. Тренингке қатысқан ата-аналарға рақметімді айтамын.

ІІІ. <<Арал, кеме және жолаушылар>>
Мақсаты: Өз мақсатыңды әрекеттену арқылы орындалуына қол жеткізу.
Уақыты: 20 минут.
Тренинг барысы: Саяхатшылар бір аралға кемемен келіп, белгіленген уақыттары аяқталғаннан кейін үйлеріне қайтуға жиналған кезде кемелерінің жүзуге жарамсыз болғанын өздерінің кеме капитандарынан естиді. Кеме жолаушылары аралдан басқа төрт кеменің жүзуге әзірленіп жатырғанын біліп, кеме капитандарына жолығады.
Қатысушылардан төрт кеме капитандары сайланады. Жүргізуші кеме капитандарын оңаша шақырып оларға тренинг барысын түсіндіреді. Жолаушылардың әрқайсысында парақша қағаздар болады. Капитан кемеге алуын өтінген төртінші жолаушыны қабылдауы шарт. Яғни, кеме капитандары алдына келген үш жолаушының қағазына минус (-) белгісін, төртінші жолаушыға плюс (+) белгісін белгілейді. Жолаушылар кемеге жолаушы болып қабылдану ережесін білмеулері керек.
Талқылау: Тренингке қатысушылар кемеге қабылдану себептерін талқылайды. Әркім өзінің пікірлерін айтады.
Жүргізуші қатысушыларға кемеге жолаушы болып қабылдану ережесімен таныстырады.
Тренинг-сабақты қорытындылау
Уақыты: 5 минут.
Жүргізуші: Бұл тренингтер көңіл-күйді көтеруге, мақсатын орындауға ұмтылушылыққа, адамдардың қарым-қатынастарын нығайтуға арналған. Жалпы адамға берілген қандай да болмасын қиындық-
а) Ұйымдастыру бөлімі:
Үш адамнан тұратын әділқазылар алқасы сайлануы керек. Қалғандары <<музыка аспаптары>> бойынша үш топқа бөлінеді. 1-топ: <<Гитаристер>>, 2-топ: <<Пианистер>> және 3-топ: <<Баянистер>> деп аталады
б) Негізгі бөлім:
Жүргізуші: (Қатысушыларға) Көз алдарыңызға өздеріңді бір оркестрде ойнайтын музыканттармыз деп елестетіңіздер. Мен оркестрдің <<дирижёрі>> қызметін атқарамын.
1-жаттығу:
Жүргізуші: Мен қолымды <<төменгі нотадан>> бастап жайлап көтеремін. 1-топ (гитаристер) <<гита-гита-гитаро>> деген сөзді баяу бастап, жоғары көтерілген қолға қарап дауыстарын да қатайта береді. Мен қолымды түсірген кезде топта сөзді аяқтайды. Қалған топтарда осы бағытта өздерінің сөздері бойынша жаттығуды орындайды. 2-топ <<пиа-пиа-пиано>>, 3-топ <<бая-бая-баяно>>.
2-жаттығу:
Жүргізуші: Бұл жаттығуда да мен қолымды <<төменгі нотадан>> бастап жайлап көтере беремін, қатысушылардың барлығы да өздерінің сөздерін әндетеді.
Қорытынды: Әділқазылар үш топты дауыс басымдықтарына қарай бағалайды.
марапатталды.

Пайдаланылған әдебиет:
Қожанғалиев А.Т. Тренингтер жинағы


Ұқсас жұмыстар
Салтанатты портрет
Ойлы болсаң, озып кө р оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, жылдам есептеу дағдыларын дамыту,
Күй сиқыры
Менің тәрбие жұмысыма алып қосарым
Үй-ағаш-адам әдістемесі
Қазіргі заман мұғалімі
Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу
Бет әлпет
Жұлдызды сағат. Сайыс сағаты
Күймен жұмыс жүргізу
Пәндер