Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББ мектебінің
І санатты педагог-психологы
Бағдыбаев Марат Қабиұлы

Психологиялық - зияткерлік сайыс бағдарламасы
Тақырыбы: <<Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз>>
Түрі: Психологиялық - зияткерлік сайыс
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру және топтық жұмыстарға баулу.
Ұйымдастыру бөлімі:
М.Қ.Бағдыбаев: Бүгінгі шара <<Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз>> атты психология және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға сынып оқушыларынан құралған <<Достық>> және <<Бірлік>> командалары қатысады. Сайыс бағдарламасы психология, математика, география, биология пәндері бойынша құралған. Командалар алты турдан тұратын тосқауылдардан өтіп, жинаған ұпайлары саналып, жеңімпаз топ анықталады. І тур: Таныстыру, ІІ тур: Үй тапсырмасы (Презентация), ІІІ тур: Математика пәні бойынша тапсырмалар, ІV тур: География пәні бойынша, V тур: Биология пәні бойынша және VІ тур: Психология пәні бойынша. Сайыс басталмас бұрын барлық топ мүшелері тренингке қатысуға шақырылады.
Тренинг:
Негізгі бөлім:
1-жүргізуші: Құрметті: ұстаздар, оқушылар!
Сіздер психологиялық - зияткерлік сайысқа келіп отырсыздар!
Сайысты ашық деп жариялаймыз!

Ақыл тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың озып шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз!

2-ші жүргізуші: Енді әділқазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:
І тур: Таныстыру. Бұл турда қатысушылар өздерін таныстырады. Тур нәтижесі 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-жүргізуші:
ІІ тур: Презентация. Бұл турда оқушылар сыныптың жетістіктерін слайд арқылы көрсетіп баяндайды. Тур нәтижесі 5 балдық жүйемен бағаланады.
2-жүргізуші:
ІІІ тур: Математика пәні бойынша тапсырма: <<Достық>> тобына сұрақтар:
* 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5 - тен кем сан шығады.
Жауабы: (үтір таңбасы, 4,5)
* Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: (бес бұрыш)
* Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар.
Жауабы: (5)
* Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Жауабы: (Жоқ. 24 сағаттан кейін түнгі 10 болады. Түнде күн шықпайды.
* Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда 1 асық досбада қалды. Бұл қалай?
Жауабы: (1 бала асықты дорбасымен алды).
1-жүргізуші: <<Бірлік>> тобына сұрақтар:
* Страус құспен деп айта ала ма?
Жауабы: (ол сөйлей алмайды)
* Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?
Жауабы: (көлеңке басталған жерде)
* Кір тасының салмағы қай мезгілде өзгереді: Жазда ма, әлде қыста ма?
Жауабы: (Салмағы өзгермейді)
* 5 жұмыртқа 12 минутта піседі? 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: (12 минутта, бәрін бірге саламыз).
* Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?
Жауабы: (атасы, баласы, немересі)
2-жүргізуші:
ІV тур: География пәні бойынша тапсырма. <<Сөзжұмбақ>> құрастыру.
Уақыты - 2 минут
<<Достық>> тобының сұрақтары:
* Шөп басқан, батпақсыз жазық жер. Жауабы: (дала)
* Маусымдық жел деп қандай желді атаймыз? Жауабы: (муссон)
* Күн жүйесіндегі төртінші планета. Жауабы: (Марс)
* Ең үлкен мұхит. Жауабы: (Тынық)
* Ауаның жер бетіне таяу қабатына түсетін ылғал. Жауабы: (қырау)
* Таудың беткейлері қия келетін әрі терең, әрі тар аңғарлар. Жауабы: (шатқал)
1-жүргізуші:
<<Бірлік>> тобының сұрақтары:
* Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел. Жауабы: (Бриз)
* Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан. Жауабы: (Есіл)
* Қысымды қандай құралмен өлшейміз? Жауабы: (Барометр)
* Қазақстандағы миллионер қала. Жауабы: (Алматы)
* Шығыс Қазақстандағы суы мол өзен. Жауабы: (Ертіс)
* Күн жүйесіндегі бірінші планета. Жауабы: (Меркурий)
2-жүргізуші:
V тур: Биология пәні бойынша тапсырма:

<<Достық>> тобына:

1. Cағақты жапырақ болады
Дұрыс жауабы: Қайыңда
2. Жүгерінің жемісі
Дұрыс жауабы: Дәнек
3. Қосжарнақты класының өсімдіктері:
Дұрыс жауабы: Үрмебұршақ.
4. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:
Дұрыс жауабы: аналық және аталық
5. Жемістің түзілуі :
Дұрыс жауабы: аналық жатынында
6. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны):
Дұрыс жауабы: картоп

1-жүргізуші:

<<Бірлік>> тобына:

1. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік
Дұрыс жауабы: Темекі
2. Жасушалық құрылыс тән
Дұрыс жауабы: Барлық өсімдіктерге
3. Бұршақ тұқымдастарына жатады:
Дұрыс жауабы: үрмебұршақ
4. Тұмау вирустарының кездесетін жері
Дұрыс жауабы: қақырықта, сілекейде
5. Сүйекті шырынды жеміс
Дұрыс жауабы: Алхоры
6. Астық тұқымдасқа жататын өсімдік:
Дұрыс жауабы: Жүгері
2-жүргізуші:
VІ тур: Психология пәні бойынша тапсырма:
Нұсқау: Алдымыздағы төрт сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады. Сіздің мақсатыңыз әр қатардан артық бір сөзді тауып белгіле. Уақыты - 2 минут.
1-жүргізуші:
Сайыс қорытындысын таныстыруға әділқазыларға сөз береміз
1,2-жүргізуші бірге:
Психологиялық - зияткерлік сайыс аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Сезіміңді жеткіз мақсаты - балаларда ынтымақтастықты қалыптастыру
Тәуелсіз елдің ұланымыз. 2-сынып
Кел достар
Алтын күз сценариі жайлы
Менің тұңғыш президентім
Толағай отбасылық сайысы туралы ақпарат
Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады
Біз - біргеміз, берік іргеміз тренингі
Маған өмір керек
Тақырып Мейірімділік - асыл қасиет
Пәндер