Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Білім берудің қазіргі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік
қабілетінің дамуы.Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың
алар орны ерекше.Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар
үлесі аз болған жоқ.Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың
негізгі мақсатына тоқталайын.
Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика-
оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі
және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының
және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың
осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру
мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың,
үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту
әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына
байланысты.Дарынды оқушылармен үйірме жұмысын дұрыс ұйымдастыра білсе, оның
білім берерлік және тәрбиелік мәні өте зор. Үйірме жұмыстары оқушылардың
практикалық дағдысын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. Сондықтан
дарынды оқушылармен үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн.Үйірме
жұмысының мақсаты:
-дарынды, қабілетті, ынталы оқушылардың арасында математикалық ойдың
дәрежесін арттыра түсу,
-теориялық білімді тереңдету,
-математикаға бейімі, қызығушылығы бар оқушылардың практикалық дағдысын
дамыту,
-шығармашылық қабілеттерін тереңдету,
-ғылым жолына бағыт-бағдар беру.
Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен
және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру
мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-
өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға,
викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын
математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені
дұрыс.
Оқушылардың қызығушылын арттыру үшін үйірменің кейбір сабақтарын
дәстүрлі емес сабақ түрінде өткізуге және қосымша қызықты материалдармен
таныстырып отырған орынды.Әр сабақта әдістерді кезектестіріп оқушыларды
шаршатпай материалды қызықты жеткізе білуді ескерген жөн.Дәстүрлі емес
сабақтар түрінде өткізу оқушылардың логикалық ойлау, оқу процесін
жандандырып, балалардың көңіл күйлерін көтереді.
Мен өз тәжірбиемдегі осындай 7-сыныптың бағдарламасын
ұсынамын.Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған.Бағдарлама
оқушылардың математиканы қызыға оқуына терең және тиянақты білім алуына жол
ашады. Бағдарламада математиканың шығуы, даму кезеңдері
қамтылады.Бағдарламада Вавилондықтардың, Гректердің, Индиялықтардың, Орта
азиялықтардың және Қазақстан математикасы туралы қысқаша мәліметтер
беріледі. Бағдарламада оқушылардың ой өрісін логикалық есептер шығару,
есептерді талдау, шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық
ребустар, қызықты есептер, сиқырлы квадраттар, шырпымен құрастыру есептері,
танымдық есептер қамтылған.
Мысалы:
1.Натурал көрсеткішті дәреже тақырыбы бойынша мынадай түрдегі есептер
шығартуға болады.
№85
1 2 3 4 5 ... 49 50 көбейтіндісі 2-нің ең үлкен қандай дәрежесіне бөлінеді.
№86
1 2 3 ... 79 80 көбейтіндісі 5-тің ең үлкен қандай дәрежесіне бөлінеді.
№88
1 2 3 ... 99 100 көбейтіндісі 7-нің ең үлкен қандай дәрежесіне бөлінеді.
Мұндай типтегі есептерді мынадай алгоритммен шығаруға болады.Оқушылар
алдымен
1) 1мен 50 арасында 2-ге бөлінетін қанша сан бар екенін анықтайды, демек
бұл дегеніміз 225 дәрежесі;
2) олай болса 1 мен 25 арасындағы көбейтіндіні жаза отырып, сол
көбейтіндіде 2-ге бөлінетін қанша сан бар екенін анықтаймыз, демек бұл
212 дәрежесі;
3) енді 1 мен 12 арасындағы көбейтіндіні жазып, ондағы 2-ге бөлінетін сан
26 дәрежесіне тең;
4) демек қалған көбейтінді 23 дәрежесіне бөлінеді;
5) бұдан қалған көбейтінді 21 дәрежесіне бөлінеді;
6) сонда 225 212 26 23 21=247, сонда мұндай көбейтінді ең үлкен 247
дәрежесіне бөлінеді.
Қалған екі есепті да осы алгоритммен шығара отырып оқушылар мынадай
нәтиже алады:
1 2 3 4 ... 79 80 : 519
1 2 3 4 5 ... 99 100 :716
№94
Берілген натурал сан мен оның бесінші дәрежесі бірдей цифрға аяқталатынын
дәлелдеңдер.
Бұл есепті шешу үшін оқушы 0 мен 9 арасындағы цифрларды жаза отырып, оның
бесінші дәрежесін табады, яғни оны мынадай кесте құру арқылы, олардың
бірдей цифрмен аяқталатынын дәлелдейді.
| | | | | | | |
|N |0 |1 |2 |3 |4 |5 |
| | | | | | | |
|Әлімбаева Ә.П. |Математика, |5 |4жыл |жоқ |2007ж |Оқушылардың |
| |алгебра, |8 |2ай | | |логикалық ойлау |
| |геометрия |9 | | | |қабілетін арттыру|

Өзекті мәселесінің мақсаты: Оқушылардың математика пәнінен алған
білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Математика 5 класс:барлығы – 170 сағат, оның І тоқсанында – 46 сағаты
игерілді.Бұл тоқсанда 4-сынып материалдары қайталанып, «өрнектер мен
формулалар,натурал санның бөлінгіштігі» туралы тараулары меңгеріліп,
бақылау жұмыстары алынды.Бақылау жұмыстарының сапа көрсеткіші:

[pic]

Қазан айының 10-шы жұлдызында «Шеңбер және дөңгелек» тақырыбында ашық
сабақ өткізілді.Бұл осы тақырыптың екінші сағаты болғандықтан,бекіту
сабағы түрінде өтілді.Оқушылар екі топқа бөлініп, сұраққа жауап беріп,
есептер шығарып,сергіту сәті жасалынып,тест, математикалық сынақ хат
жазылды.Оқушылар шеңбер және дөңгелек туралы білімдерін кеңейтті.
Алгебра, геометрия 8 класс:барлығы – 68 сағат, І тоқсанда алгебрада-
19 сағат, ал геометрияда-18 сағат берілген.Алгебра пәні бойынша нақты
сандар,квадрат түбір,арифметикалық квадрат түбір,у=х функциясы,квадрат
теңдеу тақырыптары меңгертілді және бақылау жұмысы алынды.Ал геометрия
пәні бойынша төртбұрыш және оның түрлері,Фалес теоремасы,үшбұрыштың және
трапецияның орта сызықтары туралы жаңа білім меңгеріліп, бақылау
жұмысымен тиянақталды.
Қыркүйек айында 8 класс бойынша «Білімділер сайысы» сыныптан тыс
жұмысы жүргізілді.Сынып екі топқа бөлініп, «бәйге, кім жылдам, кім
шапшаң, полиглот, ойлайық та, ойнайық, сөз туым» бөлімдерінде
білімдерімен сынасты.
Алгебра, геометрия 9 класс:барлығы- 68 сағат, оның І тоқсанында-18 сағаты
игерілді.Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеу,
теңсіздік және олардың жүйелерін шешуді меңгерді және бақылау жұмыстары
алынды.Ал геометрия пәні бойынша вектор және жазықтықты түрлендіру,
қозғалыс тараулары бойынша жаңа білімдері меңгертілді және бақылау
жұмысымен нәтижесі тексерілді.І тоқсан бойынша 5,8,9 кластардың білім
сапасының көрсеткіші:

[pic]

Мектеп директоры: Құлтанбаева Б. Қ.
Пән мұғалімі : Әлімбаева Ә.П.


Ұқсас жұмыстар
Білімнің бағасын арттыру
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Есептерді шешу әдістері
Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері
Тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері
Математика сабағында оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу арқылы табиғи қабілеттерін ашу
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Әнші ақындар шығармашылығы
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Пәндер