Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!
(Ертеңгілік)
Әсем безендірілген бөлмеге балалар кіріп орналасады.
1-бала Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жыылға балайды
Жаңа жылға әр кімде
Жақсы үмітпен қарайды.
2-бала : Жоламасын елге мұң
Жаңғырып кел жаңа жыл
Бар жақсылық бақытты
Жандырып кел жаңа жыл!
3-бала: Қуандырып біздерді
Нұрланып кел жаңа жыл
Жаңа жылда шаттықпен
Шырқатайық жаңа жыр!
Бәрі: Құтты болсын жаңа жыл
Жүргізуші: Даланың да қаланың
Думандатып отбасын
Тағы міне жаңа жыл
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Далама, қалама, жеріме
Жаңалықтармен жағымды
Шыға ғой әлем төріне!
Құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар! Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2014
Жылы құтты болсын!Бақыт, байлық, денсаулық, көп, көп жақсылық ала келсін!
Ән : «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!»
Тәрбиеші: Тыныш балалар, тоқтаңдар
Құлақ салып тыңдаңдар
Сықырлатып ақ қарды
Тез ақ біреу кеп қалды?!
Кім болды екен, қарайықшы
(музыкамен ақша қар кіреді. )
Ақшақар: Сәлем, сәлем балалар
Барша ата-аналар
Келіп қалды мінекей,
Қар ханшасы- Ақшақар!
Балалар :Сәлеметсіз бе, Ақшақар!
Ақшақар: Қандай әсем шыршамыз
Әдемісіздер баршаңыз
«Шырша жырын шырқайық
Басталсын думан, той аңыз!
Ән : «Зырлайды шанамыз»
4-бала: Ертегідей бір нағыз
Жайнасын деп шыршамыз
Ойыншықты көп ілдік
Қарашы өзің Қарша қыз
Ақшақар: Көрдім әсем жайнап тұр
Сиқырлы оттар ойнап тұр
Бірақ білгім келеді-Ілдіңдер оған нелерді?
Кәмпитпен безендірдіңдер ме?
Балалар: Жоқ!(Бастарын шайқап топылдатады)
Ақшақар :Ойыншық қоян ілдіңдерме?
Балалар: Ия!Бастарын изеп қол шапалақтайды)
Ақшақар: Сақина, моншақ тақтыңдар ма?
Балалар: (Бастарын шайқап, аяқтарын топылдатады)
Ақшақар :Әлде түрлі түсті от жақтыңдар ма?
Балалар : Ия!(бастарын изеп, қол шапалақтайды)
Ақшақар: Іліпсіңдер және де
Көп ойыншық аққала
Сиқырлайын оларды
Билеп берсін ортада!(Сиқырлайды)
Би: «Ақшақарлар биі»
5-бала: Тойлаудамыз шаттанып
Кешіміз кетті басталып
Аяз ата бірақ әлі жоқ
Қарақшыға қалмады ма ұсталып?!
Ақшақар :Шанасын баптап сайланып
Сыйлығын қамдай ойланып
Бағана-ақ жолға шыққан ед(і)
Таба алмай жүр ме айналып?!
Шақырайықшы дауыстап!
Балалар: Аяз ата!
2-бөлім
(Музыка ойланып, 2 мыстан сыпырғышпен ұшып кіреді)
1-мыстан: Сыпырғышқа мініп ап
Келіп қалдық біз лезде
Мыстан дейді біздерді
Білмесең де, білсең де
2-мыстан :Ұзын мұрын, қалың қас
Біздей сұлу табылмас
Сиқырлау да білеміз
Қорықсаңдар әрі қаш!
1-мыстпан :Фу! Жап-жаман боп киініп алып
Неғып отырсаңдар мұнда жиылып алып?!
Тәрбиеші: Айнала жар салып
Би де билеп, ән салып
Күтудеміз жаңа жылды
Алмаққа бірге қарсы алып
2-мыстан: Болды, болды, тоқтаңдар,
Дереу қане, тарқаңдар!
Той, думан деген болмайды!
6-бала: Күтеміз Аяз атаны
Күтеміз жаңа жылды да
Қуаныш силап баршаға
Ән арнаймыз баршаға !
Ән «Жаңа жыл-той тамаша!»
2-мыстан: Қара тіпті өздерін
Далаға кетті ме сөздерім?!
Жоғалмасаңдар тез енді-Сиқырлаймын сендерді!
(музыкамен балаларға тап беріп, сиқырлай бастайды)
1-мыстан : Мұның ақыл сөз екен
Ойлануға лайық
Кел онда екеуміз
Бірге сиқырлайық!
Екеуі бірге : Фирдоне, фани, қош,
Шыршаның шамы өш!
(шыршаның шамы өшіп қалады)
Тәрбиеші : Қап, Енді қайттік, балалар?!
Не амал бар, Ақшақар?
Ақшақар :Меніңше жалғыз амал бар
Музыка қосып табанда
Мыстандарды шақырайық
Би билеуге алаңға!
Көңілденіп сонда мүмкін
Шыршаны жағуға көніп қалар
Болмаса бір би біткенше
Аяз ата да келіп қалар
Тәрбиеші :Дереу онда шақырайық
Музыка қосылсын биге лайық!
5-бала: Ал, мыстан әжелер
Сиқырлағанда жарайсыздар
Би билеп бізбенен, Жарысуға қалайсыздар?
1-мыстан: Би билеу деген сөзбе екен?!
Сұрағанға іздеген
Жасында бәйге бермеген
Бишіміз ғой біз деген!
Би:»Матрешкалар биі»
(Бидің соңын ала Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Ау, балалар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Жаңғыртып жақын бар маңды
Қыздырыңдар думанды
Балалар: Армысыз, Аяз ата!
Аяз ата: Бар болыңдар, балалар!
Қыздырып тойды әнге сал!
7-бала: Аяз ата, тыңдаңыз
Айтпауға әсте болмай тұр
Шырайлы сұлу шыршаның
Шамдары мүлде жанбай тұр
Аяз ата :Қиналмаңдар, кел, қалыспай
Үн қатайық біз дауыстай:
Балалар: Қуант шырша таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар: Еш өзгеріс болмайды,
Шырша шамы жанбады
Аяз ата :Сиқыр сөзді әлгінде
Айттыңдар ма бәрің де?!
Балалар :Ия!
Аяз ата: Қане, тағы қайталайықшы,
Бәріміз қалмай айтайықшы
Балалар: Қуант шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша жанбайды)
Аяз ата :Бұл не сиқыр, жұмбақ сыр
Шырша неғып жанбай тұр?
(Ойланып шыршаны айналып жүр)
Аяз ата: Ә! Мұнда мыстандар бар екен ғой
Бар беле солардан келген екен ғой
1-мыстан: Аяз ата, балалар
Кешіріңдер біздерді
Қателігімізді түсіндік
Түзелеміз біз енді.
2-Мыстан: Шыршаны қайта сиқырлап
Шамдарын қайта жағымыз
Жаман әдеттен арылып
Жақсы әже боламыз. (сиқырлайды)
Аяз ата: Қане, қайта еш қаалыспай
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша шамы жанады)
Балалар: Алақай!
Тәрбиеші: Таң қалдырып тәмам жұртты
Думанды той жалғассын
Мәнерлі ой, өлең, тақпақ
Ән мен биге ұлассын!
Ән «Аяз ата»
Аяз ата :Шырқалған мына мен жайлы
Ұнады әсем әндерің
Қыс айына арналған
Тақпақтарың бар ма еді?
Балалар :Әрине!
8-бала: Аспанды бұлт тмшалап
Жер ақ тонын киеді
Шұнақ аяз шымшылап
Ақ бетіңнен сүйеді
9-бала :Ақ қыс келіп ән құрды
Тау, далаға жараса
Әйнектердің сан түрлі
Әшекейі тамаша!
10-бала :Аяз келіп қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Жеке ән: «Аяз ата-Ақша қар»
11-бала: Айналаны қар басқан
Суықта біз тоңбастан
Асыр салып ойнаймыз
Суыққа еш тоңбастан
12-бала :Жарқырайды мұз айдын
Жалтырайды мұз айдын
Мұз айдында конькимен
Әрі-бері зулайды
13-бала :Мейлі күн суытсын
Зырлайды шанамыз
Аяз не біз үшін
Шыныққан баламыз
14-бала :Аулаға да, баққа да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып
Ән айтамыз шаттана
Жеке ән:
Тәрбиеші: Ақ мамыққа ораған
Мынау байтақ даланы
Ұлпақарлар қалайша
Би билемей қалады
Ұлпақарлар қалықта
Қалықтаудан жалықпа
Асау желмен айналып
Өнер көрсет халыққа!
Би: «Аяз аталар» биі
15-бала :Жаңа жылдың думаны
Қызығына тоймайық
Аяз ата сізбенен
«Тығылмақ» ойынын ойнайық
Аяз ата : Жарайды!
16-бала :Алдымен онда сіз бастап
Көзіңізді жұмыңыз
Біз тығылып болғанша
Қимылдамай тұрыңыз
Аяз ата: Тығылыңдар тезірек
Беске дейін санаймын
Келістікпе?
Балалар: Келістік
Аяз ата: 1 2 3 4 5
Тығылыңдар тез!
(Көзін ашып, балаларды іздеп таппайды. Балалар Аяз атаның дәл артында тізбектеліп тұрады)
Аяз ата: Ау, балалар қайда бұл?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz