Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Қасым Аманжолов өзім туралы өлеңі туралы ақпарат

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов <<Өзім туралы>> өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:


Қасым-батыр,азамат,Қасым-өлең,
Бірге өлмеген өлеңі өзіменен.
Тани білу,бағалау өр мінезін,
Өлеңіне өзі жайлы бойлап терең.








Дамытушылық:

Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау,
Ойымызды ортаға сап,байқап қарау.
Метафора,эпитет,теңеу іздеп,
Тақырып пен идеяны ашып қарау.








Тәрбиелік:

Ақынның мінезінен абаттану,
Үлгі алып,ойменен өзін тану.
Өрліктен,қайсарлықтан үлгі алып,
Қасымның қасиетінен қанаттану.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Беспальконың сатылық тапсырмалары арқылы өлеңге талдау жасау.

Сабақтың формасы: Ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: Саз өнерімен, тарихпен.

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, Қ.Аманжоловтың жыр жинағы. Видеопроектор. Карточкалар. Кестелер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап. Мәнерлеп оқу. Талдау. <<Топтастыру>> стратегиясы, <<Ой қозғау>> стратегиясы, Ойланып,пікір айту, хат жазу.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу,танысу.

III. Жаңа сабақ.

Күн жады, сабақ тақтаға жазылып, сабақтың мақсаты таныстырылады. <<Ой қозғау>> стратегиясы бойынша сұрақ қойылады.
1. Қасым Аманжоловты білеміз бе? Ол кім?
2. Төменгі сыныпта оының қандай өлеңімен таныстық?
(5-сыныптағы <<Дауыл>> өлеңі сұралады.)

Кіріспе сөз ретінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, Қ.Аманжолов өмірі, шығармашылығы туралы түсіндіріледі. Естеліктер оқылады. (Осы кезде проектор арқылы слайдтар жүріп тұрады.


Өлеңдері: <<Дауыл>>, <<Сарыарқа>>,
<<Ертіс>>, <<Жайық>>,
<<Мен табиғат бөбегі>>
<<Қазақстан>>, <<Ақын>>.

Драмалық шығармалары:
Ю.Лермонтовтан
<<Маскарад>> драмасы,
<<Естай-Қорлығайын>> дастаны.





Қасым
Аманжолов

Аудармалары:
Низами <<Ләйлі-Мәжнүн>>, А.Пушкин <<Полтава>>, А.Твардовский <<Василий Теркин>>, Т.Шевченко өлеңдері.
Поэмалары:
<<Ақын өлімі туралы аңыз>>, <<Құпия қыз>>, <<Бикеш>>, <<Боран>>, Біздің дастан>>, <<Жамбыл тойында>>.

Әндері:
<<Туған жер>>, <<Өзім туралы>>, <<Дариға, сол қыз>>.

1-саты. Міндетті оқушы деңгейі. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы
туралы әңгімелеген соң, өлеңді түгел мәнерлеп оқып беремін.
Сұрақ: Өлең не туралы?

2-саты. Алгоритмдік деңгей. Оқушыларға оқытып,қара сөзбен өз түсінгендерін сұраймын. (Өлеңнің екі шумағын оқушылармен қосылып әнімен айтамыз).

3-саты. Эвристикалық деңгей. Өлеңге талдау үшін карточкалар таратылады.

Ө тақырыбы:
З идеясы:
І лирикалық қаһарманы:
М шумақ саны:

Т 1 шумақтағы тармақ:
У бунағы:
Р ұйқасы:
А эпитет:
Л теңеу:
Ы метафора:

4-саты: Шығармашылық деңгей.
<<Сен неткен бақытты едің,келер ұрпақ>> тақырыбында ой бөлісу.
-Келер ұрпақ дегені кім?
-Қандай бақытты өмірді меңзейді?
-Ақын елестеткен ұрпақ ,мына сіздер, өздеріңізді бақытты сезінесіздер ме?
(көзді бір сәт жұмып ойланады.) Неге? (Өз ойлары тыңдалады)

<<Сан қазақ сырласады өзіңменен,
Өлмепсің, өлтірмепті өлең сені!>>
тақырыбында Қасым ақынға хат жазады.

IX Сабақты бекіту.
Біз Қ.Аманжоловтың <<Өзім туралы>> өлеңін оқыдық, талдадық.
(Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, проектордан көрсетіледі.)

Өр рухты Аудармашы
Қасым Аманжолов
майдангер ақын

Журналист сыншы

драматург әнші, сазгер

2. <<Өзім туралы>> өлеңі не туралы?
Оқушылардың жауабы арқылы сабақты қорытындылау. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дарынды балаларға айтқан ғибратымен байланыстыру.

IV. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Кестені толтыру.
(Суретімен қоса оқушыларға таратылады.)
3.Өздеріне ұнаған шумақтарын жаттау.

V. Оқушылар білімін бағалау.

Қадыр Толқын
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық
колледжінің оқытушысы
Маңғыстау облысы

Ұқсас жұмыстар
Қасым аманжолов. өзім туралы
Қазақта Қасым бір туар
Қасым аманжоловтың "өзім туралы" өлеңі - 7 сынып
Қасым Аманжолов Өзім туралы өлеңі
Қасым аманжолов. 11-сынып
Қасым ата
Қасым аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
«өмірін өрген өлеңмен» қ.аманжоловтың шығармашылығына арналған әдеби кеш
Қасым -ән, қасым -жыр
Қасым өлеңі
Пәндер