Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаңа ғасырдағы толеранттылық – үйлесімді қарым-қатынас шарты
ЖАҢА ҒАСЫРДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ - ҮЙЛЕСІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ШАРТЫ
<<Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында>>
Н.Ә.Назарбаев
Баршамызға белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілікболмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Осы қоғамның мүшесі ретінде бұл мәселе мені де толғандырмай қоймайды.
Егеменді елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізіп,соның нәтижесінде Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстауға қабілетті, жан-жақты, парасатты, ақылды, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр.
Ұрпақ тәрбиесі-Қазақстанда жүріп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық дамудың алғы шарттарының бірі.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де жиырма жылдан асып отыр. Қазақстан тәуелсіздігін алған бұрынғы кеңестік елдер арасында ғана қарыштап қана койған жоқ, сондай-ақ әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер санатына қосылып та үлгерді. Халқымыздың <<Бірлік бар жерде тірлік бар>> деген мақалын елбасымыз жиі айтады, өйткені біздің ортақ Отанымыз-Қазақстанның қазіргі қарыштап дамып отырғаны елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымақтығы мен бірлігінің арқасы.Сонымен қатар, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың, халықаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасаудың да тигізген ықпалы зор болғанын атап көрсеткеніміз жөн.Осындай ірі әрі күрделі міндеттерді шешіп, жолға қоюда көп этносты, бірнеше дінді Қазақстан Халықтарының бірлігі мен ынтымақтығын сақтап, оны одан әрі дамыта түсуге өлшеусіз күш-жігер жұмсаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі зор.
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол - ел болудың биік мағыналы ұғым екендігі. Ал ол ұғымның іргетасы -мемлекет. Қазақ халқы ежелден бейбіт өмір сүруді қалайтын ел екені тарихтан мәлім. Ата Заңымыздың І бабында: <<Қазақстан Республикасы - әлеуметтік - демократиялық, зайырлы мемлекет. Оның негізгі құндылығы - адамның өмірі мен бостандығы>> деп атап көрсетілген.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен қабылданған <<Интеллектуалды ұлт - 2030>> ұлттық бағдарламасының мақсаты - Қазақстанның жаңа буын ұрпағын тәрбиелеуге, бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қалыптастыруға негізделген. Бәсекелестікке қабілетті адамның ақыл - парасаты биік, өзін қоршаған ортаға салмақты оймен қарай білетін ақыл иесі екені мәлім. Елдің тыныштығы, бірлігінің нығаюы сол халықтың бейнесін танытады. Сол бейнені қалыптастырудың бастауы - елдік сана мен мемлекеттік сапаны қалыптастыру, барды баянды ету.
Толеранттылқ туралы Декларация 1995 жылы ЮНЕСКО-ның конференциясында бекітілді.Содан бері 16 қараша дүнижүзілік толеранттылық күні болып аталып келді.
Декларацияда төзімділік (толеранттылық) <<біздің әлеміміздің аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну>> мағынасында көрсетілді. Декларацияға сәйкес, <<адамдар табиғатынан сыртқы келбеттерімен, беделімен, сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру, өзінің даралығын сақтап қалу құқығына ие>>.
Ал толеранттылық (лат. tolerantia -- төзімділік, көнбістік) -- басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық -- қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейі.
Ол латын тілінде - шыдамдылық , өзге көзкарастарға , мінез -құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіредіФранцуз тілінде - басқаға оң қарым-қатынас Орыс тілінде -төзімділік, шыдамдылық.Араб тілінде -сабырлылық, шыдамдылылық, рақымшылдық.Қытай тілінде -өзгелермен көркем қарым - қатынас.Ағылшын тілінде - шыдамды деген мағыналарды білдіреді. Қарапайым түсінікпен қарасақ, басқа саяси көзқарастағы адамдардың пікіріне шыдамдылық көрсету, олардың ой- пікірін сыйлау,ғылыми мектептер мен сан алуан көзқарастағы теорияларға, басқа пікірлерге төзімділік таныту,ашусыз, қысымсыз басқара білу біліктілігі, білім алушылардың түрлі мінез - құлықтық ерекшеліктеріне шыдамдылық таныта білу, олардың кемшіліктері мен қателіктерін түсіну, кешіре білу.
Толеранттылық - бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл - халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы - біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық - үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тір-лікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан - Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда.
Толеранттылыққа қарама - қарсы қайшылықтардың (интолеранттық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттық тұлға - шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес, басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар,тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтыны дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Сондықтан да адамдар арасындағы өзара түсіністікті іздеу, қайырымдылыққа және жақыныңа көмектесуге шақыру өте маңызды.
Жаңа ғасырдағы толеранттылық - бұл адамзат қоғамындағы қозғаушы күш, қоғамдағы үйлесімді қарым-қатынас шарты.
Жас ұрпақ бойына толеранттылық тәрбиесін сіңіру үшін ұстаз бойында шәкіртін тыңдай білу, өзара қарым-қатынас деңгейін арттыру, кез-келген мәселені өзі шеше білуге мүмкіндік беру, келеңсіз жағдайларға килікпеуіне бағыт беру, бірлесе атқарған қызметін мадақтау сияқты қасиеттер болуы тиіс. Оқу- тәрбие процесінде өз халқының және өзгенің атақ-абыройына деген құрмет сезімін қалыптастыру, өзін халықтың бір өкілі ретінде тани білуге тәрбиелеу, басқа халықтардың да мәдени деңгейін бағалауға бағыт беру үнемі назарда болуы керек.
Студенттік орта - осындай этникааралық байланыстардың бір зонасы.
Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжінде 978 студент білім алады. Мамандық алу мақсатында бізге жастар әр облыстан, шет аудандардан келіп жатады. Осында олар күнделікті қарым-қатынас жасау барысында бір-бірін түсінуге , басқа адамның ішкі әлеміне жол табуға тырысады.
Осындағы игі шаралардың арқасында әр халықтың мәдени әлемі ашылады да,адамның бойында жағымды көзқарас қалыптастырып,жалпы әлемге деген толерантты қарым-қытынасқа жол ашылады. Жеке және топтық жұмыстар, түрлі саяхаттар, ойындар мен диспуттар, тренингтер шығармашылық шабыттың қуанышына бөлейді.Осындай жұмыстар нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізілді:
-тұлғааралық үйлесім;
-ұжымның бірлігі мен беріктігі;
-этникалық, жеке адамдар арасындағы қарама-қарсы көзқарастардың азаюы;
-дау-дамайдың бәсеңдеуі;
-тәуелсіз сананың дамуы;
-әр студенттің топпен бірлесе жұмыс атқаруға дайын болуы;
Көпұлтты Қазақстанның азаматы, қазақстандық жастардың бірі, студент, болашақ мұғалім ретінде менің ұсынысым :
-Студенттік ортада, колледжде Қазақстанды мекендеген түрлі ұлттардың мәдениеті мен
тарихын , өнерін тануға арналған шаралар ұйымдастырылса;
-шет мемлекеттердегі өзіміз секілді колледждерде білім алып жатқан студенттермен интернет желісі арқылы байланыстар орнатылса, пікіралмасулар өткізілсе, онлайн дәрістерімен таныссақ;
- осы ауылда орта мектепті бітіріп, жоғары білімді шет мемлекеттерде алған немесе қазіргі таңда білім алып жатқан студенттермен кездесулер өткізіп, сол елдер туралы мағлұматтар алып, өзге елдердегі толеранттылық мәселелерімен таныссақ;
Сөзімнің соңында өзім секілді жас талапкерлерге мынадай үндеуімді жеткізгім келеді :
-біз, болашақ мұғалімдер, шәкірттерімізді өзгені,өзге халықты сыйлау,құрметтеу сезіміне тәрбиелеуді басты нысана етіп алайық!
-Өз халқын,өз ұлтын, өз туған жерін сүйе білетін елжандылық рух беруге атсалысайық !

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz