Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Ұстаздар қауымы бүгінгі таңда оқытудың ұтымды технологияларын пайдаланып, шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту мақсатында оқушыларға білім мен тәрбие беруді педагогикалық ізденімпаздықпен жүзеге асыруда. Жалпы әлемде педагогикалық технологияның 300-ге, ал Қазақстанда 40-қа жуық түрі бар. Жаңа технологияның әдістерін оқып - үйрену негіздерінің мақсаты: жаңа технологияны оқып - үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.
Міндеттері:
* Білім берудің мазмұнын жаңарту.
* Оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу.
* Ғылымға мән беру.
* Оқытудың озық технологиясын меңгеру.
* Шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде оқушы:
* Өз ойын ашық айтады.
* Тұлға ретінде қалыптасады.
* Өзін-өзі бағалай біледі.
* Өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.
* Ортақ шешімге келеді.
* Еңбекке араласады.
* Бірін-бірі сыйлайды, санасады.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Оқытудың жаңа технологиялары ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Оқытудың жаңа технологиялары - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің ролін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Технология мен әдістеменің мақсаты бір - <<қалай оқыту мәселелерін қарастырады>>. Ал, инновациялық білім беру- іскерліктің жаңа түрі. Білім беруді ақпараттандыру - бұл ақпараттық - коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану педагогтар мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Белгілі ғалым В.В.Давыдов <<Оқушының шығармашылығын қалыптастыру үшін, ең алдымен оқушы қиялының қалыптасуына көмектесу қажет>> - деп атап көрсетсе, ал Л.А. Парамонов оқытудың мазмұнды жағын талдағанда, оқушы шығармашылығын дамыту үшін бейнелі негізі бар әрекеттің өнімді түрлерін ерекше атап көрсетеді. <<Шығармашылық - бұл эмоционалды қаныққан процесс, қиялдау образдарын іске асырудағы белсенді ұмтылыс>> деп жазды Л.С. Выготский.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері және ізденімпаздығы арқылы дамиды. Жаңа типтегі мұғалім тәрбиелеу мен оқытудың, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың технологияларын меңгерген , әдіскерлік мәдениетке ие маман ретінде жаңа формация мұғалімнің пайда болуын көрсететін жаңа кәсіби ойлау жүйесі мен сананы меңгеруі керек. Мұғалім дамымай, оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай жатып, оқушы мен білімнің сапасын арттырамын деуге болмайды. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
ДАРИҒА ОҢАЙБАЙҚЫЗЫ
Абай атындағы орта мектебі директорының
бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
Бейнеу ауданы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz