1-сынып математика: Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру

№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Математика

1 сынып

Әріпті өрнектерді салыстыру

(есептемей салыстыру)

өткізген Еспенбетова Зағира

Қызылорда

Тақырыбы:Әріпті өрнектерді салыстыру

(есептемей салыстыру)

Мақсаты:

-білімділік :әріпті өрнектер туралы түсінігін кеңейте түсу, әріпті өрнектерді есептемей салыстыруға үйрету, «артады», «кемиді» ұғымдарын енгізу;

-дамытушылық :қосу, азайту амалдарының компоненттерін талдай білу машығын арттыру, 10 көлеміндегі кестелік қосу, азайтуға қатысты төрттік мысал құрастыру дағдысын жетілдіру;

-тәрбиелік :көркем жазуға баулу, қалыптан тыс ойлауға үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.

Қолданылған құрал-жабдықтар :интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Көркем жазу 2 2 2 2 2 2 2

III. Ой ширату

а) 3+2 2+3 6-5 10-8 4+5 8-6 1+8 9-7 6+4 3+7 10-8

8-2 а+7=8 8-а=2 3+а=9 +1+3=6 7++1=8

ә) 3-ті 5-ке арттыр, 8-ді 2-ге кеміт, 6-ны 3-ке кеміт, 6-ны 3-ке арттыр.

IV. -Сүйінші деген не? Сүйінші қай кезде сұралады? Олай болса тақтаға қарайық. .

-Құстар бізден сүйінші сұрай келіпті. Олардың бізге ала келген тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба? =

А) - «Көктем» сөзі мен 2+4=6 өрнегінің арасында қандай байланыс бар? 2 дауысты+4 дауыссыз=6 дыбыс(әріп)

-Қосудағы сандар қалай аталады? 2 қосылғыш, 4 қосылғыш,

6 қосындының мәні.

В) Берілген сөздердің көктемге қатысы туралы сұралады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарға қатысты өрнектер құралып, мәні табылады.

Найзағай 8-3=5 азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні аталады.

Сиыр а+с 2+2, Ұя а-с 2-1, Нөсер а-в 5-2.

V. Оқулықпен жұмыс

1-мысал

Қосылғыш 3 3 3 3 3 3 3

Қосылғыш 1 2 3 4 5 6 7

Қосындының мәні 4 5 6 7 8 9 10

«Қосылғыштардың бірін арттырғанда қосындының мәні де артады»деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 9 9 9 9 9 9 9

Азайтқыш 1 2 3 4 5 6 7

Айырманың мәні 8 7 6 5 4 3 2

«Азайтқыш артса айырманың мәні кемиді» деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 4 5 6 7 8 9 10

Азайтқыш 2 2 2 2 2 2 2

Айырманың мәні 2 3 4 5 6 7 8

«Азайғыш артса айырманың мәні де артады» деген қорытынды жасалады.

VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3+4 >4+2 бұл санды өрнектер

3+а > а+2 әріпті өрнектің мәні белгісіз болса да белгілі қосылғышқа қарап салыстырамыз 3>2, демек, 3+а артық

7-3 < 7-2

d-2 > d-3 себебі азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді

VII. Бекіту

2-мысал

а < а+3 с+3 = 3+с с+1 < с+2

b < b-3 5- c < 10-c a-1 > a-2

7. Ертеде әріптер мен сандар араз болыпты. Олар үнемі айтысып жүреді екен. «Біз болмасақ санау, қосу, азайту болмас еді», -деп мақтанады сандар. Ал әріптер болса: «Біз болмасақ жазу, оқу болмас еді»-деп таласады.

Бір күні 3 саны мен З әрпі бірін -бірі көріп таң қалады. Қалай ойлайсыңдар?Олар неге таң қалды? (Олар бір-біріне ұқсайды)

Сол күннен бастап олар дос болып кетеді. Содан соң басқалары да достасады. Бәрі бірігіп «төрттік мысал» деген ойынды ойлап тауыпты .

8. Ендеше біз де сол ойынды ойнайық

-Сағат сөзінде 2 дауысты, 3 дауыссыз -барлығы 5 дыбыс.

«Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. Қосуды азайтумен тексереді» деген ережелер пысықталады.

Жолбарыстың баласын шөнжік деп атайды. Біліп жүріңдер.

Шөнжік 2+4 4+2 6-2 6-4 Бұлт 1+3 3+1 4-1 4-3 Өрмекші 3+4 4+3 7-3 7-4

9. Өзіндік жұмыс(4-мысал 90-сабақ)

10. Көгершіннің тапсырмасы

«Мен осы үйлердің шатырында тұрамын. Үйдің тұрғындары кілттерін шатастырып алыпты. Көмектесейік»

-Мәні бірдей өрнектерді сызық арқылы қос

11. Көгершін ризашылығын білдіреді

12. Электрондық оқулық тапсырмалары орындалады

№ 4 № 3 № 6

13. Қорытындылау

14. Бағалау, мадақтау

15. Үйге тапсырма беріледі, кері есеп құрастыру тәсілі түсіндіріледі


Ұқсас жұмыстар
Толық ондықтардан тұратын әріптік және сандық өрнектерді есептемей салыстыру
Математика 1-сынып: Әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және мәнін табу
2-сынып математикасы: Екі және үш амалдан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Бастауыш сыныпта санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, салыстыру және тік төртбұрыштың периметрін есептеуде қолдану
1-сынып: Қосу және азайту кестесі арқылы сандар мен өрнектерді салыстыру сабақ жоспары
1-сынып математика пәні: Ондықтарды салыстыру сабақ жоспары
2-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерді жазу, мәнін табу және есептер құрастыру
5-сынып математикасының орта мерзімді жоспары: сандық және әріпті өрнектерді оқыту, ықшамдау, белсенді оқыту және формативті бағалау
5-сынып математика: Әріпті өрнектер мен коэффициент ұғымын енгізу және жаттығулар
Бастауыш сыныпта әріпті өрнектер мен теңдеулерді оқыту әдістемесі (1-3 сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz