Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Жылы жүрек-жақсы тілек. 3- сынып

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып Жылы жүрек- жақсы тілек
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: <<мейірімділік>>, <<қайырымдылық>>, <<ізгілік>> т.б.
Оқушылар саны 10

Сабақ мақсаты: Оқушылардың қиянат жасаудың бұрыс әрекет екені жайлы және <<мейрімділік>>, <<қайрымдылық>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
1.Білімділік. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік пен ренжіту,зиян келтіру жайлы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамыту. қайырым ды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелеу. мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
* Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.


* Үй тапсырмасын тексеру.
Әңгіме <<Жақсы ата>>
-Әңгіме не туралы?
-Ерасылға жасалған қайырымсыздықты қай жерден көруге болады?
-Жылы сөз бен жақсы тілек айтылған жерлерді мәтіннен тауып оқып бер.
Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз.

Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Жақсы сөз- жан семіртер
Халық мақалы

-Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

. Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады.

* Әңгiмелеу.
Енді осы тақырыпты жақсылап ұғып алу үшін мына әңгімені тыңдайық.
Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.
-Балам, бүгін мазам кетіпғ шаршап тұрмын. Шайды өзәі қамдап қоямысың?Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.
Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.
<<-Жасағани ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!>> -деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?
-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.
-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
-Балам тн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа , балам!

- Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?

Қорытынды
Балалар бүгінгі <<Жылы жүрек- жақсы тілек>> атты сабағымыз не жайлы екен?
Бір бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып,қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді айтып жүрейік.

* Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап.
Сол тақырыпқа сәйкес сөйлем құрастыр.
Дәпермен жұмыс
-<<Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер>> күнделігін арнап , күн сайын өзінің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып көріңдер.

* Топпен ән айту.
Жақсы көрем
Ақыл ойдың мекені ,
Ата - әжем бар менде.
Айтып түрлі ертегі,
Аялайды әнмен де
Қ-сы
Жақсы көрем атамды
Жақсы көрем әжемді
Асыл сөздің мақалды
Екеуі де әдемі .
Тыңдап әже - атамды,
Берем менде қол ұшын.
Жасы үлкен адамды,
Сыйлай білу борышым.
Қ-сы
Күн нұрындай шуақты.
Атам, әжем ардақты.
Күнде екеуін қуантам ,
Беске оқып сабақты.
Қ-сы
Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

* Соңғы тыныштық сәтi.
Қымбатты, балалар, қазір барлықтарымыз Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отыра тұрайық!
Ықыластарыңа рахмет.
Адамзатық жақсы қасиеттер өзгелерге қайырымдылық жасаудан, жақсы тілек айта білуінен көрінеді.
Қайырымдылық жасауды үйрен!
Шамаң келсе көмектес!
Жақсы болу өз қолыңда!


Ұқсас жұмыстар
Сен ізеттісің
Өткізген сыныптар
Мектеп жолдары жаттығу
Отан деп соғар жүрегім. 3 сынып
Нарқызыл негізгі мектебіндегі Инабат қыздар ұйымында өткізілетін қыздар жиналысының жоспары
Жігіт жүректі болсам
Қан мен тер. қмж
Жаным толған жақсылық
Жаны саудың тәні сау
Мектеп кітап ханасы
Пәндер