Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас: бірлескен тәрбие мен психологиялық қолдау

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы № 38 мектеп-лицейдің

Ата-аналар клуб жетекшісі: Қойбасарова Нұр Берікқанқызы.

Тақырыбы : “Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас”

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым -қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.

Міндеті: Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету

Барысы:

Бүгінгі күн тәртібінде:

1. Клуб жұмысымен таныстыру

2 . Тақырыбы:“Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас”

3. Баяндама. Тәжірибелі маман 1-сынып жетекшісі Жанар Қалиқызына беріледі. (Балалық шаққа саяхат . Өзіммен-өзім әдістемесі қолданылады. Ата-аналар бір сәт өздерімен -өздері қалып, балалығын есіне алып, өз баласын түсінуіне м үмкіндік беріледі)

4. Өзара пікір алмасу

5. Педагогикалық және психологиялық кеңес беру

1. Кіріспе (Клуб жетекшісінің алғы сөзі)

-Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар және отырысымызға қатысушы ұстаздар?! Қош келіпсіздер, қадамдарыңызға гүл бітсін!

Сіздерді бүгінгі отырысымызға шақырған себебіміз, мектебімізде «Ата-аналар» клубы ашылып отыр. Өздеріңіз білетіндей біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз -нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде. Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса, біз оқушылардан мемлекеттік бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Қандай да бір жетістікке қол жетізу үшін біздер мұғалім- ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.

Клубтың алға қойып отырған мақсаты да осы.

Клубқа жетекшілік ететін мен-Қойбасарова Нұр Берікқанқызы, сіздермен біздерге, оқушыларға психологиялық кеңес беретін мектебіміздің білікті психологы- Шакиртова Маржан Серікқазықызы, сондай-ақ бізбен үнемі байланыста болатын әр сыныптың жетекшілері. Қандай да бір сұрақтарыңыз болып жатса біз сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Ал бірлесіп жұмыс істеу үшін танысып алайық, ол үшін сөз кезегін психолог маманға береміз. (Психологиялық сәт. Жауапты-психолог)

2. Бүгінгі біздің тақырыбымыз “Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас” тақырыптың негізгі қамтитын ойы, қазіргі кезде өкінішке орай қоғамымызда орын алып отырған кейбір мәселердің алдын алу мақсатында сіздерді бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Қажет деп тапсаңыздар педагогикалық және психологиялық кеңес беру

“Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас” атты бүгінгі тақырыппен таныстыру

Негізгі бағыттары мен таныстыру:

Мұғалім - мұғалім

Мұғалім - оқушы

Мұғалім - ата-ана

Оқушы - оқушы

Ата-ана - оқушы

Баяндама “Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас”(Жанар Қалиевна)

3 Практикалық кезең.

Практикалық кезеңге дайындық. (Балалық шаққа саяхат . Өзіммен-өзім әдістемесі қолданылады. Ата-аналар бір сәт өздерімен -өздері қалып, балалығын есіне алып, өз баласын түсінуіне м үмкіндік беріледі)

а) Ата-аналар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөліседі.

б) Психологиялық сәт. Жауапты-психолог

4. Қорытынды кезең

Ата-аналарға өз пікірлері мен ұсыныстарын жазу үшін парақтар таратылады. Әркім өз ойларын жазғаннан кейін «Өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиетіңіздің балаңыздың бойына дарығанын қалар едіңіз?» деген сұраққа жауап бере отырып, парақты арнайы ілінген плакатқа іледі.

а) Отырыстағы ойды қорытындылау (Клуб жетекшісінің қорытынды сөзі)

-Құрметті ата-аналар енді әрқашан бірігіп жұмыс істеуге шақырамыз. Сіздерге педагогикалық және психологиялық кеңес беруге әрқашан әзірміз. Бүгін әрқайсыларыңыз үйге барғаннан кейін балаларыңызды бауырыңызға тартып, ол сіздің өміріңіздің жалғасы екенін, өзіңіздің оған сенетініңізді, болашақта рухы биік елін сүйетін азамат болатынына, сіздерге әрқашан сүйеу болатынын айтыңыз. Және осы әдісті жиі қолдансаңыз сіздің балаңыз дарынды болатынына сізде сеніңіз.

Рух пен тіл әнімен қорытындылаймыз


Ұқсас жұмыстар
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: тәрбие, сенім және отбасылық бақыт
Мұғалім әдебі және оқушылармен қарым-қатынас: жағдаяттық талдау мен психологиялық қолдау
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған психологиялық тренинг
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау және жетілдіру: мектеп педагог-психологтары мен сынып жетекшілеріне әдістемелік нұсқаулық
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың психологиялық тренингі
Баланың бас ұстазы - ата-ана: мектеп пен отбасының тиімді қарым-қатынас модельдері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі отбасылық рухани қарым-қатынас пен психологиялық-педагогикалық қолдау
Қарым-қатынас шеберлігі: психологиялық негіздер мен дағдыларды дамыту
Отбасы тәрбие жүйесі: ата-ана мен мұғалімнің бірлескен рөлі
Мектеп пен отбасының бірлігі: ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы және оқушы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz