Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Орта мектептің жоғарғы буынында "page make"r бағдарламасын оқыту
Мереке ШОШАК,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы,
Сағитханқызы Әйгерім, аталған университетінің студенті
Орта мектептің жоғарғы буынында Page Maker бағдарламасын оқыту
Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік
баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл
тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін
құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы
жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980
жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды.
Бұл принтерлердің пайда болуы баспа жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың тез қарқынмен дамуына
ынталандыру болды. Столүстілік баспа жүйелерінің пайда болуы типографиядан
қарапайым жұмыс столына баспа шығаруды дайындаудың негізгі кезеңдеріне
мүмкіндік туды.
PageMaker бағдараламасы 1984 жылы Aldus фирмасымен жасалып шығарылды
және кейіннен Adobe фирмасымен сатып алынды. Содан бері бағдарламада
ешқандай өзгеріс болған жоқ, себебі олардың интерфейсі мен функционалдық
мүмкіндіктері өте ұқсас. Бағдарлама Windows графикалық қабыршағының кең
таралу негізінде тез дамыды және столүстілік баспа жүйелерінің арасында
көшбасшысы болды.
PageMaker басқа туысқан Adobe Illustrator және Adobe Photoshop
бағдарламаларымен тамаша бірлеседі. Жаңа интерфейске байланысты бұл
бағдарламалардың барлығы енді өте ұқсас палитралары, мәзір командалары және
бағдарламалар арасында жеңіл ауысуға мүмкіндік беретін шапшаң пернелері
бар.
Орта мектептің жоғарғы буынында, яғни 11-сынып қоғамдық гуманитарлық
бағытта Page Maker бағдарламасы оқытылады. Төменде Ж.Қараев
технологиясына негізделіп жасалған сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Объектілердің бір біріне қатысты орналастыру және
көшірмесін жасау әдістерін көрсету.
тәрбиелік: Зеректілік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын
арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиелеу;
дамытушылық: Басқару палитрамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: Оқу есептеуіш техника кешені (компьютер),
оқулық, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы
Өткен сабақта біз объектілер тобын ерекшелеуді және объектілерді топқа
біріктіруді қарастырғанбыз.
Модульдік тор мәтін мен графиканы туралаудың шекаралары мен сызықтарын
беретін бағыттаушы қосымша сызықтардан тұрады.
Бағыттауыштардың үш түрі бар: алаңдарды бағыттаушы, бағаналарды
бағыттаушы, бағыттауыш сызықтар.
- Алаңдарды бағыттаушылар беттің алаңдарын құру кезінде автоматты
түрде құрылады және тік, көлденең болуы мүмкін. Экранда олар қызыл
күлгін түзу сызықтармен бейнеленеді.
- Бағаналарды бағыттаушылар мәтінді енгізу кезінде шектейді. Бұл
бағыттауыштар әрқашан тік, көк түспен бейнеленеді. Олар да
бағаналарды құру кезінде автоматты түрде құрылады.
- Бағыттаушы сызғыштар мәтінге ешқандай қатысы жоқ, олар бетте
объектілерді орналастыруға көмектеседі. Олар қолмен құрылады және
көлденең де, тік те болуы мүмкін. Олардың саны бетте 120 жасыл түс
болуы мүмкін. Бағыттауыштар баспаға шығарылмайды.
Басқарушы палитра объектілерді қолдан манипуляция жасаудан құтылуға
мүмкіндік беретін альтернативті құрал болып табылады. Басқарушы палитраға
графикалық және мәтіндік блоктармен өте ұқыпты жұмыс істеуге және бір
құралдан екінші құралға өтпей, меню командаларын қолданбай бірнеше
түрлендірулерді орындауға мүмкіндік беретін дәл сандық мәндерді енгізуге
болады. Графикалық объект ерекшеленген кезде немесе графикамен жұмыс
істеудің бір құралын таңдаған кезде палитра осы режимге өзі ауысады.
Сурет 19. Графика пішіміндегі басқарушы палитра
1 - қолдану батырмасы
2 – ерекшеленген объектінің сызбасы, белсенді нүктені таңдау үшін онда
шертіңдер.
3 – Х және У белсенді нүктелерінің немесе тышқан көрсеткішінің
координаттары
4 – Ерекшеленген объектінің ені мен биіктігі
5 – Көлденеңі мен тігінен бойынша масштабтау коэффициенттері
6 – Пропорционал масштабтаудың батырмасы
7 – Объектіні айналдыру бұрышы
8 – Көлденеңі бойынша айналық шағылысу
9 – Объектіні қию бұрышы
10 – Тік айналық шағылысу
Сабақты бекіту: Үш деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1-деңгей. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар оқушының әрқайсысына жеке
қойылады.
1. PageMaker-де қандай графикалық объектілер құрылады?
2. Графика режимінде басқарушы палитраны қолдану
3. Графикалық объектілермен қандай амалдар орындалады?
4. Объектілердің бір біріне қатысты орналастыру қалай жүзеге
асады?
5. Графика мен мәтіннің бірлесіп орналасуы
6. Объектілердің көшірмесін жасау әдістерін көрсету?
7. Графиканы мәтінмен дербес сүйірлеуін қалай орындауға болады?
8. Қандай құралдың көмегімен айналық шағылысуды орындауға болады?
9. Модульдік тор дегеніміз не, оның қызметі қандай?
10. Басқарушы палитраның қызметі қандай?
2-деңгей. Төмендегі тапсырманы орында: Бір объектіні палитраның
көмегімен айналдыр.
1. Кез келген фигура сыз және оны белгіле.
2. Айналдыру құралын таңда.
3. Айналдыру бұрышына -40 санын енгіз және enter пернесін басыңдар.
Объект сағат бойымен 400-қа бұрылады.
4. Айналдыру бұрышындағы «-» таңбасын алып тастаңдар және enter пернесін
басыңдар. Объект сағат бойына қарсы 400-қа бұрылады.
3-деңгей. Жоғарыдағы (2-деңгей) бір объектіні тышқанның көмегімен
айналдыр және объектінің шағылысу бейнесін жаса (ол үшін түрлендірулердің
екі түрі қиық және айналық шағылысу тек қана басқарушы палитраның көмегімен
орындалады).
Сабақты қорытындылау, бағалау: 1-деңгейдің тапсырмаларын толық
орындаған оқушылар «3», 1 және 2-деңгейдің тапсырмаларын толық орындаған
оқушылар «4», үш деңгейдің тапсырмаларын толық орындаған оқушылар «5»
деген баға алады.
Өскемен қаласы
Алдағы уақытта PageMaker бағдараламасына байланысты материалдар
жіберетін боламыз.
-----------------------
9
8
7
5
3
2
1
[pic]
4
10
6
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz