1-сынып. Еңбекке баулу: қағаздан қатпарлап тауыс (Бақыт құсы) жасау сабағы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Н. С. Оңалова

Пәні: Еңбекке баулу Уақыты:10. 12. 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: .

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қағазды қатпарлап бүктеу әдісін

пайдаланып «Тауыс» құсын жасап үйрету.

ә) Тәрбиелігі: Қол еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Оқушылардың қағазды қатпарлап

бүктеу туралы дүниетанымын дамыту.

Сабақтың әдісі, түрі: түсіндіру, машық.

Сабақтың көрнекілігі: Тауыс құсының суреті, сырнай, желпуіш.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сабақ барысына зейіндерін аудару

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлем саған дос, сәлем саған құрбым,

Сейсенбінің күні, сәттілікке толсын

Бүгінгі алған бағамыз, кілең бестік болсын.

ІІ Қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қайталау.

  1. Қайшыны қолданған кезде қауіпсіздік ережесін сақта. Ұшын көзіңе жақындатпа.
  2. Ермексазды аузыңа салма. Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме, еденге жабысып қалады.
  3. Желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты желімде, жұмыс аяқталған соң қылқаламның ұшын тазалап қой.
  4. Әрдайым жұмыс орнын таза ұста, өзіңе қажетті құралдарды ғана пайдалан.

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img216.jpg D:\Мои_документы\Мои рисунки\img217.jpg

ІІІ Жаңа сабақ: Қағазды қатпарлап бүктеу арқылы тауыс құсын жасау.

Қағазды бірдей қатпарлар салып, бүктеу арқылы түрлі бұйымдар жасауға болады. Қатпарланған жері жыртыоып кетпес үшін оған жұқа, тығыз қағаз таңдалып алынады.

Күнделікті өмірде қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз. Қатпарлар жиналады және жазылады. Қатпарланған жолақ қағаздың екі ұшын қоссақ дөңгелек шығады. Бұл неге ұқсайды балалар?

Күнделікті өмірде де қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз. мысалы: сырнай, желпуіш т. с. с көптеген заттар бар.

Тауыс-құйрығын жайып жібергенде сан түрлі түске енетін әдемі құс. Халық оны «Бақыт құсы» деп те атайды. Ол Халқаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

ІV Машықтық жұмыс:

1. Түрлі-түсті қатырма қағазға құстың үлгі қалыбын қойып, айналдыра сызып алу. Бірдей екі құстың бейнесін қиып алып, бір-біне желімдеу. қанатын, айдарын, құйрығын орнататын орындарды белгілеп, кішкентай тілік жасау.

V Сергіту сәті:

2. Қанаты, құйрығы, айдары үшін әртүрлі өлшемде үш жолақ қағаз дайындау. Ол жолақтарды суретте көрсетілгендей қатпарлау.

3. Бөлшектерді дайындалған тілікке орналастырып, оларды желіммен бекіту.

VІ Сабақты қорытындылау: «Бақыт құсы» ертегісін әңгімелеу.

VІІ Сабақты бекіту:

1. Тауыс құсы қандай бөлшектерден тұрады?

2. Тауыстың қанаттары қалай жасалады?

VІІІ Мадақтау, бағалау.

Ж. Молдағалиев атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:

Өткізген: Куватова М. К.

1 «в» сынып

2013-2014 оқу жылы

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img208.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img209.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img210.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img212.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img211.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img213.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img214.jpg

D:\Мои_документы\Мои рисунки\img215.jpg


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпта еңбекке баулу: модульдік оригами техникасымен қағаздан гүл шоғын жасау
2-сынып Еңбекке баулу сабағы: Қобдиша қақпағын әшекейлеу
4-сынып Еңбекке баулу сабағы: Ұлттық киімдер және тымақ тігу
1-сыныпқа арналған Еңбекке баулу пәні: Тігіс түрлері және инені сабақтау (пысықтау сабағы)
1 сыныпқа арналған Еңбекке баулу пәнінің қайталау-жарыс сабағы: практикалық дағдылар, қауіпсіздік және тәрбие
3-сынып: Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспарлары мен практикалық тапсырмалары
4-сынып - Еңбекке баулу пәні: Сәукеле тігу сабақ жоспары
Еңбекке баулу пәнінің орта мерзімді жоспары - бастауыш сыныптар, 1-модуль: Табиғи материалдармен жұмыс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бастауыш мектептің 1-4 сыныптары үшін Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы (2013)
Технология пәні: Қағаздан гүл жасау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz