Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық курсы

<<БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ БӨЛІМІ>> ММ
<<БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ №2 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ >> КММ



<<ӨЗІҢДІ ФИЗИКА ӘЛЕМІНДЕ ТАНЫ>>

атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген
инновациялық (танымдық) курсы

Авторы: Макенбаева Гаухар Жакыпбайкызы
- физика пәні мұғалімі

Балқаш 2013
* Түсінік хат
<<Өзіңді физика әлемінде таны>> атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген курсын оқыту үдерісінде негізгі назар оқушыларға дайын білімдер жиынтығын беруге емес, оларды қоршаған әлемді танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстыруға, білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамытуға себептесетін, оқушыдан шешімін табу үшін өзбетінше әрекет етуді талап ететін проблемалар қоюға аударылуы қажет.
Оқушыларды эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі туралы, физика заңдарын техника мен технологияда қолданудың кең мүмкіндіктері туралы біліммен қаруландыру;
Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсіну математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.

Курсты оқытудың мақсаты:
* Оқушылардың ой-қабілетін дамыта отырып, физиканы қоршаған ортамен, өмірмен байланысын тереңірек түсінетін дарынды оқушылар қатарын көбейту.

Курсты зерделеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
* оқушылардың ой-өрісін дамыту, олардың өз бетінше білім ала білуін және оны қолдана алуын, физикалық құбылыстарды бақылай алу біліктілігін қалыптастыру;
* қоршаған ортаны тану, қорғау, түсіну;
* оқушыларға материя құрылысының бірлігі туралы идеяларды және оны танып-білу процесінің шексіздігі, физикалық құбылыстар мен заңдарды танып-білудегі практиканың ролі жайлы білімдерді игерту;
* физикаға мен техникаға танымдық қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттіліктерін, оқуға деген саналы көзқарасты, білімді жалғастыруға және кәсіпті саналы таңдауға дайындықты қалыптастыру.

Курстың өзектілігі:
Негізгі білім берудің мақсат-міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Физиканы оқытудың өзектілігі тәрбиелік, дамытушылық, жалпы мәдениеттілік сипат ала отырып, әлемнің физикалық бейнесін, физика ғылымының даму жолдарын экономикамен, адамзаттық мәдениетпен, өмірмен философиялық ақиқатпен байланыстырып, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын, шығармашылықтарын дамытуға әсер етеді.

Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ой - өрісін кеңейте отырып, ойлау қабілеті дамиды, ізденімпаздығы артады, ұқыптылыққа, жауапкершілікке бейімделеді. Өз бетінше жұмыс істеу белсенділігі мен логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Бөлінетін уақыт көлемі, сабақтардың жиілігі
Курсты оқытуға аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат уақыт бөлінген.


2 КУРС МАЗМҰНЫ
(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
КІРІСПЕ (1 сағ)
<<Өзіңді физика әлемінде таны>> атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық (танымдық) курсының негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

<<Өткенді білмей, келешекке көз тікпе>> (2 сағ)
Физика ғылымының пайда болуы, дамуы. Физика ғылымының пайда болуына үлес қосқан ғалымдардың өмірбаяны, еңбектері жайлы деректер жинақтау;

Табиғат-тал бесігің аялай біл! (1 сағ)
Табиғат, Жер, Су, Ауа, Топырақ туралы ұғымдар, табиғат байлығының адам өміріндегі маңызы.

Адам-әлем бөлшегі (2 сағ)
Физика және табиғат, физика және адам, адамның табиғатқа ықпалы.

Табиғаттан нәр алып (2 сағ)
Баламалы энергия көздері, оларды пайдалану жолдары. Қазақстанның <<болашақ энергиясын>> пайдаланудағы алғышарттары

Халық даналығы-рухани байлық көзі (1 сағ)
Халық даналығы, ақындардың өлең жолдарындағы физикалық құбылыстар.

Мен - Зерттеуші (2 сағ)
Алғашқы физикалық зерттеулер. Алғашқы зерттеу құралдары.

Тылсым дүние ғажаптары (2 сағ)
Адам мен әлем тұтастығы. Жаратылыс құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілкке тигізетін әсері.

Денім сау болсын десең... (1 сағ)
Ұялы телефонның адамға пайдасы және зияны

Атамекен-алтын бесік (1 сағ)
Туған жердің экологиялық жағдайы, смог жайлы білу

Таным шаттығы (1 сағ)
Осы бөлімде не түйгенін ортаға салу.

Ғажайып есептеулер (1 сағ)
Физикада пайдаланылатын тұрақты шамалардың, сандардың шығу тарихы

Табиғаттағы үлкен және кіші жылдамдықтар (2 сағ)
Қозғалыс-материяның ажырамас қасиеті. Табиғаттағы жылдамдықтарды есептеу.

Физикалық формулалар (3 сағ)
Физикалық формулаларды есте сақтау жолдары. <<Үшбұрыш ережесі>> бойынша формулаларды көрсету. Формулаларды пайдаланып есептер шығару, есептеулердің маңыздылығы.

Ертедегі қарулар (3 сағ)
Бумерангтың тарихы, түрлері, дайындау жолы, ұшыру жайлы білу. Бумеранг жасау.

Тірі табиғаттағы серпімділік күші (2 сағ)
Деформация түрлері, адам денесінің деформациялануы. Өсімдіктердің деформациялануы.
Жұлдызды сағат (1 сағ)
Интеллектуалдық ойын.

Физикалық ойын (1 сағ)
Физикадан өткен тақырыптары бойынша өздері интеллектуалдық ойын ұйымдастыру.

Формулалар әлемінде (4 сағ)
Қозғалыс заңдарына есептер шығару. Масса және күш бойынша практикалық жұмыс. Қысым заңдарына есептер шығару. Жұмыс, қуат, энергияны анықтау.

Таным шаттығы (1 сағ)
Таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана білу, өз еңбегін, өзгенің еңбегін орынды бағалай білу.

<<Өзіңді физика әлемінде таны>>
атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық (танымдық) курсының жоспары

1-бөлім <<Теориялық бөлім>>

Тақырыбы
Мазмұны
Сағат саны
Мерзімі
1
Кіріспе.

1

2
<<Өткенді білмей, келешекке көз тікпе>>
Физика ғылымының пайда болуы, дамуы үшін үлес қосқан ғалымдардың өмірбаяны, еңбектері жайлы деректер жинақтау

2

3
Табиғат-тал бесігің аялай біл!
Табиғат, Жер, Су, Ауа, Топырақ туралы ұғымдар, табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы жайлы түсінік.
1

4
Адам-әлем бөлшегі
Физика және табиғат, физика және адам, адамның табиғатқа ықпалы.
2

5
Табиғаттан нәр алып
Баламалы энергия көздері, оларды пайдалану жолдары, Қазақстанның <<болашақ энергиясын>> пайдаланудағы алғышарттары
2

6
Халық даналығы-рухани байлық көзі
Халық даналығы, ақындардың өлең жолдарындағы физикалық құбылыстар.
1

7
Мен -Зерттеуші
Алғашқы физикалық зерттеулер, алғашқы зерттеу құралдары.
2

8
Тылсым дүние ғажаптары
Адам мен әлем тұтастығы, жаратылыс құпиялары, табиғи апаттардың тіршілкке тигізетін әсері.
2

9
Денім сау болсын десең...
Ұялы телефонның адамға пайдасы және зияны
1

10
Атамекен-алтын бесік
Туған жердің экологиялық жағдайы, смог жайлы білу
1

11
Таным шаттығы
Осы бөлімде не түйгенін ортаға салу.
1

2-бөлім <<Практикалық бөлім>>
12
Ғажайып есептеулер
Физикада пайдаланылатын тұрақты шамалардың, сандардың шығу тарихы
1

13
Табиғаттағы үлкен және кіші жылдамдықтар
Қозғалыс-материяның ажырамас қасиеті
2

14
Физикалық формулалар
Физикалық формулаларды есте сақтау жолдары, <<үшбұрыш ережесі>> бойынша формулаларды көрсету, формулаларды пайдаланып есептер шығару.
3

15
Ертедегі қарулар
Бумерангтың тарихы, түрлері, дайындау жолы, ұшыру жайлы білу.
3

16
Тірі табиғаттағы серпімділік күші

Деформация түрлері, адам денесінің деформациялануы жайлы білу.
2

17
Жұлдызды сағат
Интеллектуалдық ойын.
1

18
Физикалық ойын
Физикадан өткен тақырыптары бойынша өздері интеллектуалдық ойын ұйымдастыру
1

19
Формулалар әлемінде
Физикалық формулаларды есептер шығаруда тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
4

20
Таным шаттығы
Таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана білу, өз еңбегін, өзгенің еңбегін орынды бағалай білу.
1

Барлығы
34

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
(МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ ҮШІН)
* Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 1-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары./ Алматы, <<Бөлік>> ҰҒПББСО, 2010.
* Физика және астрономия 7-11-сыныптарға арналған бағдарламалар қаз. және орыс тілдерінде.- Алматы, НАО им. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2010.- (Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Кронгарт Б.А.).
* <<Энциклопедический словарь юного физика>> (составитель Чуянов В.А.), <<Педагогика>>, М., 1984 г.
* Яворский Б. М., Пинский А. А., <<Основы физики>>, том 1, М., <<Наука>>, 1974 г.
* Тоқбергенова У.Қ. 12 Оқу жоспарының вариативті компоненті оқу курстарының мазмұнын түзу ерекшеліктері. Білім - Образование. 2007. № 5. Б.35-38
* Лукашик В. И. сборник задач по физике 7-9 классы: Пособие для учащихся. -- 25-е изд., -- М.: Просвещение, 2011
* Большая энциклопедия Кирилла и Мефодия 2006 (3 CD)
* Журнал <<Юный техник>>
* http://mkmagazin.almanacwhf.ru
* http://ru.wikipedia.org/wiki
* http://www.youtube.com/watch?v=nIUbzvN58CY
* http://www.how-to-do.ru/page.php?id=15
* http://www.znaikak.ru/bumerang.html


Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік тұрғыда
Бағдарлама тақырыбы
Физика және эксперимент
ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Ортақ ұпайы
Өзін-өзі тану - жаңа заман педагогикасы
Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бір пәндік сабақтарды ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы және өткізу әдістемесі
Mathcad бағдарламасы
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТИІМДІ ҰШТАСТЫРУ
Пәндер