Өзін-өзі тану сабағы: Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты қалыптастыру

Тәрбиеші: Тауданбек Арай Тауданбекқызы

Білім беру аймағы: Әлеуметтік орта

Өткізу аймағы: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен Отанымды сүйемін

Мақсаты:

1. Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

2. Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

3. Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Отан- Родина, туған жер - родная земля, отбасы - семья.

Интеграция: Тіл дамыту, қоршаған орта, сауат ашу

Сабақ әдісі: әңгімелеу, түіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын ойнату.

Жұмыс кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеттері
Балалардың әрекеттері
Жұмыс кезеңдері: Қызығушылықты арттыру кезеңі
Тәрбиешінің әрекеттері:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал, балалар қане бәріміз шеңбер құрайық. Күн туған жерімізге нұрын шашып, әрдайым шуағын төгіп тұрады. Сол күнге ұқсас шеңберімізде тұрып әнұранды шырқайық.

Балалардың әрекеттері:
Жұмыс кезеңдері: Мақсатты жүзеге асыру кезеңі
Тәрбиешінің әрекеттері:

Сұрақ-жауап:

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Біз қандай ұлтпыз?

-Шағын орталығымыз қалай аталады?

-Тобымыз ше?

Әңгімелесу: Әр адамның өз Отаны болады. Отан - ол біздің туған жеріміз, отбасымыз, осы тобымыз, айнала қоршаған ортамыз. Қазақстан үлкен, ғажап, әдемі ел. Қазақстан - біздің сүйікті отанымыз, оны мақтан тұтамыз.

- Балалар, сендер Отанымыз туралы не білесіңдер?

Фото-суреттермен жұмыс.

Сергіту сәті:

Жаттығулар жасаймыз,

Жақсы сергіп қаламыз.

Біздер тату баламыз,

Отанды біз сүйеміз

- Балалар, кім отан туралы мақалдар біледі?

Тыныштық сәті:

Денелеріңді түзу ұстап, ыңғайлана отырып, көзімізді жұмып әдемі әуен үнімен Отанымыздың әдемі жерлерін елестете қойыңдар, махаббат пен тыныштыққа толы шипалы ауасымен терең дем алайық. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар болады.

- Балалар әуен тыңдағанда Отан туралы тақпақтар естеріңе түстіме, кім айтады?

Тосын сый: Көгершін-қыз келеді.

Тапсырмасы:

1. Өзіммен-өзім:

Самрұққұсқа көмектесу.

Бәтерекке жапырақтарын жапсырайық, жапсырмас бұрын «Отан отбасынан басталатынын» ескеріп, отбасымыздағы ең жақсы көретін адамдарды жапыраққа жазуымыз қажет.

2. Бәйтерек жайлы аңызды, Отанымыздың жүрегі Астанадағы бәйтеректің осылай пайда болғанын айту. Әдемі жерлерін көрсету.

3. Бесік сыры неде?

Дәйексөз: «Отаным - алтын бесігім» Бесікті көрсетіп мәнін түсіндіру, қайталату, жаттату.

Балалардың әрекеттері:

Сұрақтарға жауап береді

-Қазақстан

-Өскемен

-«Күн»

-«Жұлдыз»

Мәліметті мұқият тыңдайды, ой қосады.

Балалар сурет бойынша білгендерін айтады.

Өлең мазмұнына сай жаттығу жасайды.

Отан туралы мақалдар айтады

Денелерін түзу ұстап, ыңғайлана отырып, көздерін жұмып әдемі әуен тыңдайды.

Балалар Отан жайлы орысша, қазақша тақпақ айтады

Балалар жазған жапырағын бәтерекке жапсырады.

Ертегіні тыңдап, суреттерді қарайды.

Жұмыс кезеңдері: Рефлексиялық кезең
Тәрбиешінің әрекеттері:

Қорытынды: Отанымыз туралы көп айттық, не екенін түсіндік. Біз елімізді, жерімізді, Отанымызды құрметтеп, мақтанамыз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат боламыз.

Жүректен-жүрекке шеңбері:

Отан бізді баласындай

Асырап бізді қорғайды

Біз Отанды сүйеміз,

Дос боп мәңгі жүреміз!

Балалардың әрекеттері:

Балалар үш тілде тақпақтарын айтады.

Қолдарынан ұстап, өлеңді қайталап айтады, құшақтасып аяқтайды.

Білуі тиіс: Отан туралы түсініктері

Меңгеруі тиіс: Отаны жайлы өз ойымен, білгендерімен бөлісе алуды.

Үйренуі тиіс: Тапсырмаларды, ойын шартын нақты орындап, өз Отанын сүйе білуді.


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану музыкалық білім беру пәні: Қазақстан - ортақ мекеніміз және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы №14: Адамдарға деген сүйіспеншілік және адамгершілік қасиеттер
7-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Өмір, қымбатсың маған - сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттер
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Біз өсіп жатқан өлке - сүйіспеншілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу
Өзін-өзі тану пәнінен 4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Жақсылықтан жақсылыққа - сүйіспеншілік пен мейірімділікті қалыптастыру
8-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Өзіңе деген махаббат
Отбасындағы сүйіспеншілік: өзін-өзі тану сабағының мақсаты мен әдістері
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Жақсылықтан жақсылыққа - сүйіспеншілік пен мейірімділікті тәрбиелеу
Өзін-өзі тану сабағы: Менің ұстаздарым - сыйластық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағының жоспары: Ата-ана құндылығы - сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz