Ток күші. амперметр. 8 сынып

Қарағанда облысы, Шет ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының

Физика пән мұғалімі Асылбекова Жанар Мухаммедовна

Сабақтың тақырыбы: Ток күші Амперметр.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Ток күші және электр кернеуі ұғымдарын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу, амперметр және вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, сызба бойынша электр тізбегін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Практикалық ситуацияда жедел шешім қабылдай білуге баулу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

  1. Электр тогы дегеніміз не?
  2. Электр тогы пайда болу және ұзақ сақталу үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?
  3. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?
  4. ЭҚК деп нені айтады?

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымызда ток күшімен электр кернеуімен танысамыз. .

ІV. Жаңа материалды меңгерту:

Ток күші

Ғалымдар ток әсерін өз денесінен өткізіп байқайтын кездерден бері көп уақыт өтті. Қазір ол үшін амперметр деп аталатын құралдар қолданылады.

Амперметр - ток күшін өлшеуге арналған құрал. Ток күші дегеніміз не?

21, б -суретті қарайық. Онда электр тогы бар кезде зарядталған бөлшектер өтіп жатқан өткізгіштің көлденең қимасы көрсетілген. Металл өткізгіште бұндай бөлшектер электрондар болып табылады. ­Өткізгіш бойымен қозғалу процесінде элетрондар заряд тасымалдайды. Электрондар неғұрлым көп болса және олардың жылдамдығы жоғары болса, онда олар бірдей уақыт аралығында көбірек заряд тасымалдайды.

¤ткізгіштің көлденең қимасынан 1с ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шама ток күші деп аталады. ¤ткізгіштің көлденең қимасынан t = 2 с ішінде ток тасымалдаушы бөлшектер q = 4 Кл заряд тасымалдасын. Олардың 1с-та тасымалдайтын заряды 2 есе аз. 4 Кл-ды 2 с-қа бөліп, 2 Кл/с аламыз. Осы ток күші. Ол І әрпімен белгіленеді: I - ток күші.

Сонымен І - ток күшін табу үшін өткізгіштің көлденең қимасынан t уақыт ішінде өткен q - электр зарядын осы уақытқа бөлу керек:

Ток күшінің бірлігі француз ғалымы А. М. Ампердің (1775-1836) құрметіне ампер (A) деп аталған. Бұл бірліктің анықталу негізіне токтың магниттік әсері жатады. Біз оны қарастырмаймыз.

Егер ток күші І белгілі болса, онда t-уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасынан өткен q -зарядты табуға болады. Ол үшін ток күшін үақытқа көбейту керек: q = It.

Алынған өрнектен электр зарядының бірлігі - кулон (Кл) анықталады: 1 Кл = 1 А · 1 с = 1 А · с.

../../../../../../Program%20Files/Просвещение-Казахстан/ЭМОП/HTML/Courses/5/Chapters/images/Ph9_P10_028.png Ток күші 1А болғанда өткізгіштің көлденең қимасынан 1с ішінде өткен заряд - 1 Кл.

Іс жүзінде ток күшінің амперден басқада туынды бірліктері қолданылады. Мысалы: миллиампер (мА) және микроампер (мкА) : 1 мА = 0, 001 A, 1 мкА = 0, 1 А. Айтып кеткеніміздей ток күшін амперметрмен (сондай-ақ, милли- және микроамперметрлермен) өлшейді. Жоғарыда, айтылған демонстрациялық гальвонометр қарапайым микроамперметр болып табылады. Амперметрдің құрылысы әр түрлі болады. Мектепте демонстрациялық тәжірибеге арналған амперметр 28-суретте берілген. Осы суретте оның шартты белгісі де (ішінде “A” - латын әрпі бар дөңгелек) көрсетілген.

Басқа да өлшеуіш құралдар сияқты амперметрді тізбекке қосқанда өлшенетін шамаға әсері елеулі болмау керек. Сондықтан, амперметр тізбекке қосылғанда ток күші өзгермейтіндей етіп жасалады. Техникада қолданылуына қарай шкалаларының бөлік құны әр түрлі амперметрлер қолданылады. Амперметр шкаласынан оның қандай ең үлкен ток күшін өлшей алатындығы көрінеді. Ток күші көбірек тізбекке құралды қосуға болмайды, ол күйіп кетуі мүмкін.

../../../../../../Program%20Files/Просвещение-Казахстан/ЭМОП/HTML/Courses/5/Chapters/images/Ph9_P10_029.png Амперметрді қосу үшін тізбекті үзіп, өткізгіштің бас ұштарын құрал клеммаларына қосады. Мына ережелерді орындау керек:

1) аперметрді ток күшін өлшейтін тізбек элементімен тізбектей қосу қажет;

2) амперметрдің «+» таңбалы клеммасына ток көзінің оң полюсынан келетін өткізгішті, «-» - таңбалы клеммасына теріс полюстан келетін өткізгішті қосу керек.

Амперметрді тізбекке зерттелетін элементтің қай жағынан (оң немесе сол) қосса да бәрібір. Бұған тәжірибеде көз жеткізуге болады (29-cурет) . Лампадан өтетін ток күшін өлшегенде амперметрлердің екеуі де (оң және сол жақтағы) бірдей мән көрсетіп тұр.

Электр кернеуі

../../../../../../Program%20Files/Просвещение-Казахстан/ЭМОП/HTML/Courses/5/Chapters/images/Ph9_P11_030.png Біз электр тогы зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы екенін білеміз. Бұл қозғалысты осы кезде жұмыс жасайтын электр өрісі тудырады. Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын ток жұмысы деп атайды:

../../../../../../Program%20Files/Просвещение-Казахстан/ЭМОП/HTML/Courses/5/Chapters/images/Ph9_P11_031.png А - ток жұмысы. Бұл жұмыс тізбектің әр бөлігінде әр түрлі, бірақ ол сол бөліктерден өтетін зарядқа пропорционал. Тізбек бөлігінде заряд тасымалдауға жұмсалатын ток жұмысының мөлшерін көрсететін физикалық шаманы осы бөліктің электрлік кернеуі (немесе жай кернеу ) деп атайды. Тізбек бөлігінде q = 2 Кл зарядты тасымалдау үшін А = 10 Дж жұмыс жасалсын. 1 Кл зарядты тасымалдау үшін жұмсалатын жұмыс 2 есе аз болар еді. 10 Дж - ды 2 Кл-ға бөліп 5 Дж/Кл аламыз. Осы тізбек бөлігінің кернеуі болып табылады. Кернеуді U әрпімен белгілейді. U - кернеу. Сонымен, тізбек бөлігінің U кернеуін табу үшін А - ток жұмысын осы бөліктен өтетін

q - зарядқа бөлу керек:


Ұқсас жұмыстар
Электр кернеуін өлшейтін құрал
Электр шамының ток күші мен кернеуін анықтау
Ток күші мен кернеудің мәнін біле отырып, электр кедергісін есепте
Электр кернеуі
Ток күші Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр
Сабақ міндеттері
Практикалық жұмыс
Сабақ жоспары. Сабақтың басы
Тұрақты электр тогы
Ток күші мен кернеуді есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz