3-сынып Әдебиеттік оқу сабағы: Н. Ақышевтің Балалар елін бағындыру ертегісін оқу және өмірлік құндылықтарды топтық талдау

3-сынып

Әдебиеттік оқу күні

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер) .

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді) . Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т. с. с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Көктем сәні ертегісін талдау және рөлге бөліп оқу
3-сынып Әдебиеттік оқу сабағы: Алтын балта ертегісін талдау және бай, кедей, шаруаның іс-әрекеттерін салыстыру
3-сыныпқа арналған Алтын балта ертегісін оқу және талдау сабағы
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасын талдау
4-сынып Әдебиеттік оқу Қайнекей Жармағамбетовтың Ормандағы оқиға ертегісін талдау сабақ жоспары
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Абайдың Күз өлеңін оқу және талдау
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: М. Әуезовтың Әке арманы шығармасын талдау
Әдебиеттік оқу (4 «А»): Г. Х. Андерсеннің Түймедағы ертегісін талдау және мазмұндау дағдыларын қалыптастыру
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: С. Сарғасқаевтың Шыбық әңгімесін талдау, оқу дағдыларын дамыту және экологиялық тәрбие
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Мысық пен тышқандар ертегісін оқыту және сыни ойлауды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz