Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ана өмірдің шуағы. жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
Мақсаты:
а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға ,ана есмін ардақтап ,қадірлеуге,сыйлауға баулу.ә) Қыздарды әсемдікке, іскерлікке қабілет пен талантын дамыту.б) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер ,слайдБарысы:Мұғалім: - Құрметті аналар, ару қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір <<АНА>> деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, тәрбие сағатымызды бастаймыз
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе бар мейрімін
Орнар еді бар әлемде тыныштық
Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың астыннан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.
8 наурыз мерекесінің шығу тарихына назар аударсақ.
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады. Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды Клара Цуткин 5 .06. 1857ж Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Австрия , Дания
Дания , Германия, Швейцария елдерінде аталып өтілді
8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. "Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа" дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.
Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке "Women-only" атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.
Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.
Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көр таралған түрі.
Әйел жерден шыққан жоқ,Ол да еркектің баласы.Ерлер көктен түскен жоқ,Әйел - оның анасы. А.Тұрмағамбетов
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.
Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.В.Г.Белинский
<<Ширату сұрақтары>>сайысында әр сайыскер қыздарымыз ортаға шығып, бір әріпті таңдайды. Берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.1. Атың кім?(С)- Самал2. Құрбыңның аты кім?- Саяжан3. Қайдан келдің?(қала, ауыл аты)- Сараннан4. Нені жақсы көресің?- Самсаны5. Фамилияңды(тегіңді) айт.- Смағұлова6. Жануардың атын айт.- Сілеусін7. Қандай өсімдікті білесің?- Сәбіз8. Ер баланың атын айт.- Саят9. Қандай көлікке міндің?- Самолетке10. Нешеге дейін санай аласың?- Сегізге дейін.
1.Сенің Анаңның аты кім?- Қалампыр
2.Анаңның ұнататын түсі-Қызыл
3.Анаңыздың сізге еркелеткен сөзі-Құлыншағым
4.Анаңыздың ұнататын гүлі - Қызғалдақ
5.Анаңыздың сүйікті әні-Қоштасқым келмиді
6.Анаңыздың сүйікті жануары- қой
Аналарымызға арналған өлең шумақтарымызды оқыймыз
"АНАНЫҢ СҮЮІ" Ы.АЛТЫНСАРИН
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Ана деген - ұлы есім!
О, Ана!
Неткен ұлы есім ең!
Тұрса да қажып тағдыры,
Бар шаттығым - бала деп,
Тәнін торлап таң нұры,
Мін бақпай ұрпақ өсірген.
Бар қатені кешірген,
Жасайды мәңгі аруана
Жалғасып тарих көшімен.
Асаудай асыл бейнесі,
Кетпейді адам есінен.
Баласын басса бауырына,
Нәр тамған ақ төсінен.
Бармақтай жатқан бақытты
Артық көрген өзінен.
Ол - сәби, сонда жылайды,
Ынтызар көмек сұрайды,
<<Іңгә>> деген сөзімен.
Анама
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: <<Құлыным-ау, жасыма!>>.
Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.
Анашым
Дүниедегі ең ардақты асыл жан
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады,қуанады ол бірге,
Мен қиналсам, табылады қасымнан
Маған қымбат жан жоқ сірә , анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борыштығой бар адам
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегімен мәнгі бірге боласың
Сен асқарсың сен аспансың ,биіксің
Сен дархансың сен жомартсың ,данасың
Ана-деген асыл жандар болаттай
Ана - деген мөлдір жандар бұлақтай.
О , адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Берсе барлық адамға ана мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Мақал -мәтелдер
Алып анадан туады, ....................................... Ат биеден туады.
Ананың сүті -- бал, ............................................Баланың тілі -- бал.
Ананың ізін қыз басар, ........................................Атаның ізін ұл басар.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да ...............................................................................................қарызынан құтыла алмайсың.
Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,.............................................................Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.
Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді. ..................................................................................Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.
Ана алдында құрмет, ................................................................................................Ата алдында қызмет.
Ағайынның алтын сарайынан
.........................................................................Ананың жыртық лашығы артық.
Астың дәмін тұз келтірер,,...........................................Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Ата -- асқар тау,Ана -- баурындағы бұлақ,Бала -- ................................................................жағасындағы құрақ.
Ұлға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым) Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ) Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер) Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)
Қорытынды:
Мұғалім:
Балалар:Әйел-ана, әйел- өмір,әйел-тіршілік өзегі.Адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі ,сөзі-өсиетті,тұғыры -биік.Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен,жүзі мирімді, қолы - қайрымды,- дей келе мына өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,-
Анаға бас иеміз!
Әрқашан да аналар беделі биік болсын!деп өзіміздің мінезімізбен, жеткен жетістіктерімізбен аналарымызды қуанта берейік.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
№18 орта мектеп
Тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы.
Сынып:
Өткізген:Джамбозова Г.Т
2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz