Беларусь ұйымдастырған халықаралық қашықтық олимпиадасында Шұбарсу жалпы орта мектебінің 9 оқушысының жүлделі орынға ие болуы

Бәрекелді!

" Халықтың кемелiне келiп өркендеп өсуi үшін ең алдымен азаттық пен бiлiм қажет "-деп ұлы ойшыл Шоқан Уәлиханов айтқандай, ХХІ ғасыр білім мен техниканың өркендеген, қарыштаған ғасыры. Ғаламтордың дамуы оны қолданушылардың көптігімен өлшенеді. Ғаламтордың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түрлі еңбектерді көпшілік назарына ұсына отырып, өз білімімізді шыңдау бүгінгі күннің басты талабы деп ойлаймын. Осы орайда Беларусь елi ұйымдастырған Халықаралық қашықтық олимпиадасына «Шұбарсу» жалпы орта мектебінен 30 оқушы қатысып, 9 оқушымыз жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, математикадан Маканов Нұриддин (1-сынып, мұғалімі Сарыбаева Жангүл) . Амангелдиева Сабина, Абдуашимова Перизат (4-сынып, мұғалімі Абдраманова Құндызай), физика пәнінен Жұмаділдә Шапағат (7-сынып, мұғалімі Иманбаева Айым), биологиядан Мухудов Бекжан (7-сынып), Жаңабай Таңшолпан (5-сынып), география пәнінен Тасполатова Мадина (10-сынып), Жеткер Сабира (9-сынып), Мухудова Кермеқас (8-сынып) дипломдармен марапатталды. Бұл жақсы жаңалық ауданымыз Ордабасының 50 жылдық мерей тойына тарту болды.

Ендеше ұстаздар қауымының еңбегіне жеміс тілеп, шәкірттеріне алдағы білім жолындағы сайыстарына жеңіс тілеймін!

Туечиева Ивагүл Қадірқызы

«Шұбарсу» жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі,

олимпиада координаторы


Ұқсас жұмыстар
Лондон-2012 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының жетістіктері және мемлекеттік марапаттау
№59 жалпы орта мектебінің бастапқы диагностикасы мен 7-сынып оқушыларын қалай оқу керектігіне үйретудің маңызын зерттеу
№9 орта мектебінің тәрбие жұмысының моделі
Шаған жалпы орта мектебінің 2013 жылғы білім сайысы: кезеңдер, сұрақтар және ережелер
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Туған жерім - табиғатым, тағдырым экологиялық сайысы
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік тәжірибесі
Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы: халықаралық сауда, шаруашылық және мәдени ықпалы
Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің ашық сабағы: Арифметикалық прогрессия (9-А сынып, мұғалімі Тлеумбетова Д.Т.)
Соркөл орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламасы
Қарауылкелді орта мектебіндегі Азова Манчук ұйымдастырған Ғажайып инфо-математикалық алаңы танымдық ойыны 9-11 сыныптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz