Функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру

Функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ұлт-тық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі тиіс.
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай география сабақтарында ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуты ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілгені жөн.
Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Жер, табиғат, еліміздің табиғат жағдайлары, қоршаған орта, әлем елдері, табиғат ресурстары туралы бiлiм, білік, дағды қалыптастыру мектепте «География» пәні арқылы жүзеге асырылады. Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады. Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. . Сондай ақ мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып, өз туған өлкеңмен, өз ауылыңның халқымен, тұрмыс жағдайлары мен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Географияны оқытуда әр сабақ сайын тек қана теорияға негізделмей практикалық жұмыстарды орындап отыру қажет. Кескін картаға түсіру, масштабпен арақашықтығынын өлшеу, диаграмма құру, обьекттілерді салыстыру, азимутпен жол жүру, табиғат құбылыстарын жазып жүру, есептер шешу, ұғым құру, қорытынды шығару, тұжырым жасау сияқты тапсырмаларды жүйелі түрде орындаудың іске асырылуын ескеріп отыру керек. Пәннің оқу экскурсияларын ұйымдастырып, сол кезде орындалған практикалық жұмыстарды оқушылардың жете меңгергенін өз тәжірибемде байқадым. Мысалы: Төбені немесе ойысты деңгейлегішпен өлшеп, горизонтальдар арқылы түсіру, өзеннің су шығынын есептеу, құлау еңістігін есептеу, азимутпен жол жүріп, масштабпен есептеп планшетке түсіру, шартты белгілерді қолдану, өсімдік жамылғысына мән беру, басқа табиғат зоналарымен салыстыру т. с. тапсырмалар. Физикалық георафия курсында планға түсіруді меңгертуде мынадай тапсырмаларды қолдануға болады: Өз бөлмеңнің планын сызу, үйдің планын сызу, мектепке дейінгі жүріп өтетін жолыңды шартты белгілердің көмегімен белгілі масштабқа салып дәптерге түсіру, мектептің планын түсіру- деген сияқты жеңіл тапсырмаларды орындау тиімді болады. Материктер мен мұхиттар географиясында салыстыру, мағынасын ашу, топтастыру, атлас картамен ендік, бойлық бойынша жер шарын айналып шығу (мұнда мысалға 45º ендікпен солтүстік жарты шарды және оңтүстік жарты шарды жүріп өтіңдер, көрген обьекттерді сипаттаңдар т. с) Географиялық обьекттерді мазмұнына және материгіне қарай топтастыруға мынадай тапсырмалар орындауға болады:
Берілген обьекттерді мазмұнына және материгіне қарай топтастырыңдар? Триполи, Муррей, Калахари, Ұлы шөл, Замбези, Парана, Атакама, Рубь-Эль-Хали, Өлім аңғары, Мехико, Лима, Юкон, Сидней, Токио, Қарақия.
Жауабы:
Мазмұнына қарай
1. Триполи
2. Мехико
3. Лима
4. Сидней
5. Токио
1. Калахари
2. Ұлы шөл
3. Атакама
4. Рубь-Эль-Хали
5. Өлім аңғары
1. Муррей
2. Замбези
3. Парана
4. Юкон
Топонимикада жер- су атауларының мағынасын ашу, әр материкті өткенде неше түрлі атаулардың барлығының өзінің мағынасы бар екенін ескеру керек. Мысалы: Африкадағы Мейірімді Надежда мүйісінің бастапқы аты қалай және кейін ол неге осылай аталды?
Жауабы: Бұл мүйісті португалдық теңіз саяхатшысы 1488 жылы Бартолем Диаш ашқан. Ол оны Бурь мүйісі деп атады. Кейіннен поргугалия король ІІ Жуан оның атын Мейрімді Надежан «Үміт» мүйісі деп өзгертеді себебі Осы мүйіс арқылы Үндістанға баратын жол болсын деп. Кейін Васко да Гама 1497 жылы Мейрімді Надежда мүйісін арқылы Африканы айналып өтіп Үндітанға баратын жолды тауып ІІ Жуанның арманы орындалады.
Африкадағы Ақ Нил өзенін неге ақ деп атайды?
Жауабы: Ніл жер бетіндегі ең ұзын өзен оның ұзындығы 6671 км, суының алабы 2870 мың шаршы шақырым. Ол бастауын Шығыс Африка тауларынын бастау алып сағасы Жерорта теңізіне құяды. Осы сағасында ежелгі Мысыр мәдениеті қалыптасқан. Арабша атауы Аль-Бахр. Ніл ол латынша атауы. Ақ Нілді ағылшын Джон Спик ашқан. Ақ Ніл Сол жақ саласы болып келеді Собатаның етегінен басталады соңы батпақты болып лай болып ағады. Оны Бахр-аль газал деп атайды.
Саяхатшылар дүние бөліктеріне барған кезде . «Юкатан», «Кенгуру» деген сөздерді естіді. Бұл қай жер . . . және сөздердің мағынасы?
Ресейдің Тюмень облысында өзен, сол өзен аттас қала және сол өзеннің үлкен сағасы бар. Бұл өзен Обь өзенінің сағасына құяды. Осы өзеннің атымен қазақта ру бар. Бұл өзеннің атын анықтаңыз. Жауабы: Таз өзені, Тазовск қаласы. Тазовская губа.
Төмені сызылған географиялық обьекттерді анықтап кестеге түсіріңдер:
Бұл мемлекет өз материгінде солтүстігіде орналасқан мемлекеттен кейін ауданы жөнінен екінші орынды алады, ал көрші елдерінің саны бойынша бұл елге материкте бір ел бәсекелес бола алмайды. Егер-де 40 шақырым теңіз бен шектеспесе, оны ішкі құрлықтық мемлекет деп атауға болар еді. Астанасы -4 миллиондық қала.
Жер аумағының көп бөлігін ойпаттар алып жатыр. Жер бетінің қалыптасуына те қана Амозонка өзенінен қалыс қалатын мол сулы негізгі өзені әсерін тигізіпті. Суының молдығына қарамастан бұл өзеннің тек қана орта ағысы су көлігіне ыңғайлы. Мұның себебі өзенде ұлы саяхатшы атымен аталған сарқыраманың болуы.
Мемлекеттің шығыс жағалауы жоғары сейсмикалығымен ерекшеленеді. . Мұнда үлкен таулы қатпарлықта биік көлдер тізбегі өткен, олардың бірі материктің ең терең көлі болып табылады. Ел аумағының жартысынан көбін керіктің «Жақын туысы» және ең үлкен адам тәрізді маймылдар мекендейтін орман зонасы алып жатыр.
Орманда өзгеше ұлт өкілдері өмір сүреді: олардың бойы небәрі 140-150 см-бұлар жер шарының ең аласа бойлы адамдары. Тұрғындарының көпшілігі егіншілікпен айналысады. Мал шаруашылығын дамытуға бір жәндік кері әсерін тигізуде.
Жауабы:
Конго, ОАР, О Судан,
Уганда, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Ангола
Қазақстанның географиясын оқытуда тапсырмаларды түрлендіріп беруге болады. Картамен жұмыты көбірек орындау, обьекттерді жоспар бойынша сипаттау, демографиялық есептер шешу, зоналарды салыстыру, жел тағы да басқа табиғат құбылыстардың себеп салдарын анықтау, өмірде пайдалану, табиғат ресурстарын үнемдеуді жоспарлау сияқты жұмыстарды орындауға болады.
Есеп шығару. Қазақстан халқының орналасуының орташа тығыздығын есептеп шығарамыз:
Халық саны -17 000 000 адам, жер көлемі -2724900 шақырым шаршы
Халық: аумақ=орташа тығыздығы, 17 000 000: 2724900=6, 2 адам.
2) ҚР барлық халқының 45 пайызы ауылда тұратын болса, ол қанша адамды құрайды?
Шешуі: 17 000 000 адам --- 100 %
Х адам --- 45 %
Х= 17 000 000*45 / 100=765 адам ауылда тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының халқының орташа тығыздығын және Қазақстан халқының қанша пайызын құрайтынын табыңдар? (2013 ж)
Шешуі: ОҚО ауданы- 117 мың км 2, халқы 2 678 000 адам.
Орташа тығыздығы: Т=2 678 000 / 117 000=22, 8 адам;
Қазақстан халқы 17 млн адам- 100 %
ОҚО халқы 2 678 000 адам- Х %
Х % = 15, 75 %. Қазақтан халқының 15, 75 % ОҚО-да тұрады. Сабақта шеберлікпен неше түрлі тапсырмаларды орындауға оқушыларды дағдыландыру, олардың мектепте алған білімдерін өмірде қолдануға септігін тигізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz