Мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері

Мухамедова Зухра Димянқызы

Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері

Әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері

Тәрбиеленуші қандай болсын десе,

тәрбиеші де сондай болуы тиіс.

В. Даль

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.

Тәриеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. Владимир Иванович Даль айтқандай: «Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс. » Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері - тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады.

Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады. Ю. А. Конаржевский айтқандай: «Талдаусыз ақпарат өлі, ал мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ». Әдіскер алдымен алдына мақсаттар мен міндеттер қою керек. Мысалға, келесідей мақсаттар қоюға болады:

  • Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім бру ұйымының (МДБҰ-ның) кешендік жетілуіне көмектесу.

Міндеттері:

  • Аудандық МДБҰ педагогикалық тәжірибелерінің нәтижесін айқындау, талдау, бағалау.
  • Ғылыми-әдістемелік әрекеттің түрлі формалары арқылы (әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ж. т. б. ) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу.
  • Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми жетістіктердің, педагогикалық тәжірибе мен ақпаратты-коммуникациялық технологияларының енгізілуіне қолдау жасау.
  • Шығармашылық тұрғыдан белсене жұмыс атқаратын педагогтардың тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу: кәсіби сайыстарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстыру арқылы.
  • Оқыту-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдануды жетелеу.
  • Жаңа дәуір оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.

Еліміздегі әр шағын орталық, әр балабақша сапалы білім мен сәйкесінше тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті сабақ жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өз-өін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс. Осы орайда әдіскердің міндеті - тәрбиешілерді ынталандыру, шығармашылық дамуына жағдай жасау.

Біріншіден, педагогтар жұмысында себі тиетіндей, көмек болатындай материалдары бар аудандық семинарлар өткізілуі тиіс. Тақырытары төмендегідей болуы мүмкін: «Жаңа педтехнологиялар», «Жас маман - ертеңгі білікті ұстаз», «Дені сау бала - дені сау Республика», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін ойын-жаттығулар арқылы дамыту», «Балалардың шығармашылық әрекеттерін дамытудағы дәстүрлі емес бейнелеу технологиясы», «Балабақша-Бала-Ата-ана бірлестігі», «Инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори әдісін енгізу-заман талабы» және т. с. с. Әдіскер семинардың ұйымдастырылуын қадағалайды: мақсаттарын, міндеттерін айқындап, жоспарын құрады немесе құруға көмектеседі. Үздік тәжірибе таратылуын қамтамасыз ете отыра, тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған, семинар мазмұнына байланысты болатындай ойындар, викториналар, сергіту сәттерін өткізілуін ұсынады. Сондай-ақ, семинарға қатысуға ауданның немесе қаланың жан-жағынан келген тәрбиешілердің бір жерде жиналуына байланысты семинар тақырыбынан бөлек, сол кезде өзекті мәселелер бірінің басын ашуы міндетті. Мысалға, педагог кадрларының аттестациядан өту ережелері мен ерекшеліктері, мониторинг мәселелері, ата-аналар жиналыстарын өткізу ерекшеліктері және т. с. с. өзекті мәселелерге әдіскер тоқталуы тиіс.

Семинарға жиналған тәрбиешілер ешқашан құр қол кетпеуі керек. Оларға семинар ұйымдастырушы мекеме ұжымы семинар материалдарын, ал әдіскер ғаламтордан, біліктілікті арттыру институтынан жинақтаған әдістемелік материалдарды ұсынуы орынды.

Әдіскер жұмысының тағы бір міндеті - шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру, нәтижелілігін қадағалау. Топ жиналысында аудан бойынша өткізілетін шаралардың жылдық жоспарын талқылап, әр мүшеге міндет қойылды. Жалпы шығармашылық топ жұмысы әр әдіскерге үлкен көмек тигізеді. «Бір адамның ойы - бұлақ, көзі ашық адамдар ойлары - су тасқыны» дер едім. Сан алуан қызықты ойлар, стандартты емес шешімдер табуға болады.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие өзегі балабақшадан басталады
Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері
Мария Монтессори педагогикасының ерекшеліктері
Әдістемелік кеңес отырысы
Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану
Сынып жетекшінің сынып оқушыларымен жұмыс жоспары
Баланы толыққанды дамыту
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Тәрбиеші әдістемесі
Логопедия негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz