Абай "ескендір" поэмасы. 9 - сынып

Күні: Бекітемін:

І. Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
д) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
т) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу
ҮІ. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
ҮІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ҮІІ. Сабақтың әдісі: сөз әдісі, талдау әдісі, тест алу(бақылау)
ҮІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Флипчарттар, дәйексөздер, Абай шығармалары

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)

Топқа бөлу. 1-топ : «қатаң»

2-топ: « Ұяң »

3-топ « Үнді »

Ұран : «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін » әр топ қол ұстасып, хормен айтады.

Бағалауды түсіндіру : 9- 10 тапсырма жоғарғы -5 ұпай 17-20ұпай - «5»

7-8 тапсырма жақсы - 4ұпай 13-16 ұпай -«4»

5-6 тапсырма орташа - 3ұпай9-12 ұпай -«3»

0-8 ұпай - «2»

1) Үй тапсырмасы . Өткен тақырып бойынша тест. 10-сұрақ

1. Абай өмір сүрген жылдарды тап:

а/ 1841-1900ж ә/1842-1901ж б/1843-1902ж в/1845-1904ж

2. Әкесі Абайды неше жасында Семей қаласына оқуға береді?

а/ 7 жас ә/ 8 жас б/ 10 жас в/ 9 жас

3. Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?

а/Көкбай ә/Барлас б/Жамбыл в/Байкөкше

4. Әкесі Абайды неше жасынан бастап ел билеу ісіне тәрбиеледі?

а/18 ә/13 б/20 в/12

5. Абай қай рудан шықты?

а/Арғын ә/Найман б/Тобықты в/Шекті

6. Абайды жеңгелері кім деп атаған?

а/Телқара ә/Кенжем б/Сұлу жігіт в/Шырақ

7. Абайға «Қазақтың бас ақыны » деп баға берген кім?

а/М. Әуезов ә/А. Байтұрсынов б/С. Сейфуллин в/С. Торайғыров

8. Абайдың аяқталмай қалған поэмасын тап:

а/ «Әзімнің әңгімесі » ә/ «Масғұт» б/ «Ескендір»

9. Абайдың неше қара сөзі бар?

а/40 ә/41 б/43 в/45

10. Абайдың өзі шығарған қанша өлең-әні бар?

а/21 ә/20 б/19 в/10

Жауабы: 1. В 2. Б 3. А 4. ә 5. б 6. а 7. ә 8. а 9. в 10. ә

Бағалау парағына түсіру

Абай -ұлы ақын. Видеоролик
- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?
- Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен.
Абай поэмалары
"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі"

Біз бүгін сол поэмалардың бірі "Ескендір" поэмасымен танысамыз.
- Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?
-"Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.

Жаңа сабақ:
"Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас.
а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» - деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау

2. Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл - Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
6. Жанр түрі - поэма (дастан)
7. Шумақ саны - 42
8. Тармақ саны - 168
9. Буын саны - 3 бунақты
10. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқасы (ааба)

3. Ескендір бейнесі. Видеоролик.

Шығарма кейіпкерлерін талдау

Венн диограммасы 10


Ұқсас жұмыстар
Абай Ескендір поэмасы
Абай "ескендір" поэмасы. жоспар
Сағат саны Уақыты
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы
А. Құнанбаев Ескендір поэмасы
Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаны туралы
"ескендір" поэмасы
А.құнанбаев «ескендір» поэмасы. 10-сынып
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Ескендір поэмасымен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz