Cанның пайызын табу, 5 сынып. жоспар

Сыныбы: 5 «г» сынып
Күні: 22. 04. 14
Сабақтың тақырыбы: Cанның пайызын табу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Санның пайызын табумен таныстыру; Пайызды ондық бөлшекпен, жай бөлшекпен жаза білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: Пайызға арналған есептерді шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім іс әрекеттерін жетілдіру
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: 5-сын. Математика. АлдамұратоваТ. А. 317 бет.
Қажетті құрал жабдықтар: транспортир, сызғыштар, интерактивті тақта, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, психологиялық дайындық жасау. Оларды бүгігі сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру. Тексеру кезінде пайда болған олқылықтарды жою.
ІІІ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттердің қалыптасуы: Тірек конспекті жаздыра отырып сабақ түсіндіру.
Өтілген тақырыптағы ережелерді негіздеу, өткен түсініктерді тереңдетуге қажетті тірек білімдерді ауызша сұрау.
- 1. Пайыз дегеніміз не?
- 2. Берілген санның 1% қалайтабылады?
- 3. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
Біз кез келген нәрсенің бөлігін табуды білеміз. Мысалы торттың
бөлігі, оны теңдей 6-ға бөлгендегі бір үлесі. Ал кезкелген шаманың бөлігі оның 1 пайызы деп аталады. Пайыз жай бөлшекпен 1/100 ондық бөлшекпен 0, 01 түрінде жазылады.
Қайсысы үлкен, ауызша есептеу









Мысал №1:
Саяжай учаскесінде 320 қызғалдақ өсіп тұр, оның
15% сары.
Қанша сары қызғалдақ бар?
Шешуі: 1% қанша қызғалдақ екенін табайық. 320 : 100 = 3, 2.
Енді 15% неше қызғалдақ екенін анықтайық. 3, 2 • 15 = 48.
Жауабы: саяжайда 48 сары қызғалдақ бар.
Мысал №2:
Бақтағы раушан гүлдердің 20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп қана.
Бақта қанша түп раушан гүлі бар?
Шешуі: 1% раушан қаншаға тең екенін табамыз. 2 : 20 = 0, 1.
Енді, 100% қаншаға тең екенін есептейміз. 0, 1 • 100 = 10.
Жауабы:бақта 10 түп раушан гүлі бар .
Мысал №3:
Аэропортта 30 ұшақ бар, оның алтауы Боенг фирмасына тиісті.
Боенг ұшақтары эропорттағы барлық ұшақтың қанша пайызын құрайды?
Шешуі: Боенг ұшақтардың қанша бөлігін құрайтынын
табайық. 6:30=0, 2.
Енді, ол қанша пайыз екенін анықтайық. 0, 2 • 100 =20Жауабы: 20% Боенг ұшақтары.
ІҮ. Біліктілік дағдысын қалыптастыру. №1296-1299
№1296
Берілгені: бағасы-420теңге
15 % арзандатылды
7 ойыншыққа неше теңге үнемделді?
Шешуі: 420*0, 15=63
63*7=441
Жауабы : 441 теңге
№1297
Берілгені: в=6см
а=в+в0, 75
S=?
Шешуі: а=6+6*0, 75=6+4, 5=10, 5
S=6*10, 5=63
Жауабы: 63
№1298
Берілгені: жылдамдық 50 км/сағ, 3 сағ
20% арттырды, 2 сағ
Орташа жылдамдығы?
Шешуі:50+50*0, 2=60
(50*3+60*2) /(3+2) =54км/сағ
№1299
Қоланың-85% мыс, 5кг қоланың құрамындағы мыс қалайыдан қанша
кг. артық ?
Шешуі: 5*0, 85=4, 25
5-4, 25=0, 75
4, 25-0, 75=3, 5
Жауабы: 3, 5 артық
Ү. Тест арқылы өзін-өзі бақылау
1. 20 % түрінде қай санды жазамыз?
а) 0, 5; в) 0, 4; с) 5; д) 1/5
2. 0, 01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с) 1%; д) 0, 1 %
3. 0, 9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с) 9%; д) 0, 9 %
4. 50 санының 20 пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с) 0, 2; д) 0, 1
5. 650 санының 20 пайызы қанша ?
а) 110, в) 130 с) 65; д) 650
Үйге тапсырма:№ 1300, №1312
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.
1. 20 % түрінде қай санды жазамыз?
а) 0, 5; в) 0, 4; с) 5; д) 1/5
2. 0, 01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с) 1%; д) 0, 1 %
3. 0, 9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с) 9%; д) 0, 9 %
4. 50 санының 20 пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с) 0, 2; д) 0, 1
5. 650 санының 20 пайызы қанша ?
а) 110, в) 130 с) 65; д) 650
1. 20 % түрінде қай санды жазамыз?
а) 0, 5; в) 0, 4; с) 5; д) 1/5
2. 0, 01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с) 1%; д) 0, 1 %
3. 0, 9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с) 9%; д) 0, 9 %
4. 50 санының 20 пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с) 0, 2; д) 0, 1
5. 650 санының 20 пайызы қанша ?
а) 110, в) 130 с) 65; д) 650 20
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz