Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Генераторлар. трансформаторлар. 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Генераторлар. Трансформаторлар.Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға электр энергиясын тарату және жеткізу, трансформатор, генератор ұғымы, атқаратын қызметі, құрылысы, туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың трансформатор, генератор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.Оқи алу құзіреттілігін дамыту.
в) тәрбиелік: қарым - қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу. Коммуникативтік құзіреттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың өткізілу әдістері: ұжымдық оқыту, СТО
VІ. Сабақтың көрнекілігі: <<Трансформатор>> тақырыбындағы презентация, трансформатор, катушка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (ақырын музыка қосылып тұрады Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.) Еске түсіру.
1. Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ... деп аталады.
2. Ферромагниттік емес заттар ... және ... болып екіге бөлінеді.
3.Парамагнетиктерге жататындар:
Диамагнетиктерге жататындар:
4.1831 жылы Фарадей магнит өрісін өзгерткенде, электр тогының пайда болу құбылысын ашты. Бұл құбылыс ... деп аталады.
5.Тұйық өткізгіштің контурын тесіп өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісінде өткізгіште... пайда болады және ол ... өрісінің барлық өзгеру процесінде бар болады. ... құбылысының мәні де осында.
3. Суреттер сөйлейді.
Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
Сыныпты топқа бөлу
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
1) І топ. Трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы.
Трансформатор анықтамасы
қызметі
құрылысы
Шартты белгісі
тарихы
түрлері

2)ІІ топ. Ток генераторы дегеніміз не? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі
Генератор
қызметі
құрылысы
анықтамасы
түрлері

3) ІІІ топ. Электр энергиясын тарату және жеткізу (кластер түрінде ұсыну)
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
І топ. Трансформатордың адам өміріне қауіптілігіне байланысты қауіпсіздік ережесін қорытып шығар.
ІІ топ. Трансформаторды құрастырып, әр бір бөліктеріне сипаттама беру. (плакат жасау)
ІІІтоп. Генераторды құрастырып, әр бір бөліктеріне сипаттама беру. (плакат жасау).

6. Сергіту сәті. Физикалық жұмбақтар.
Оңынан оқы,
Тіршілік нәрі
Солынан оқы,
Онсыз адам, өсімдік, аң, құс
Әп-сәтте сөнер, тұншығып бәрі. (Ауа)
Хабар алған алыстан,
Екі өріс табысқан. (Электромагниттік өріс)
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
Сырт еткіздім түймені,
Жарқ еткіздім бөлмені,
Шоқтан қолым күймеді. (Электр шамы)
Кілт ашсақ,
Жұлдыз болып жанады.
Қайта бассаң,
Сөне қалар шамы. (Электр шамы)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Найзағай)

7. Тест.
1. Генератордың айналатын бөлігі қалай аталады?
А) ротор ә) статор б) якорь
2) Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?
А) ротор ә) статор б) якорь
3. Кернеуді жоғарлатуға және төмендетуге арналған құрылғыны не деп атайды?
А) генератор Ә) трансформатор Б) статор
4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина не деп аталады?
А) генератор Ә) трансформатор Б) статор
5. Трансформатордың жұмыс iстеу принципi ... негiзделген.
А)жылу құбылысына б) электромагниттiк индукция құбылысына в)жарық құбылысына
6.Генератор неше бөліктен тұрады?
А) 1 ә) 2 б)3
7.Электромагниттік индукция дегеніміз не?
А) Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі
Ә)Б)Контурды тесіп өтетін магнит өрісі өзгерген кезде контурда электр тогының пайда болу құбылысы

Үйге тапсырма: § 60 Генераторлар.Трансформатор .Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі тақырыбын оқып келу.П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагин туралы реферат жазу


Ұқсас жұмыстар
Қанатты сөздер
Үшфазалы кернеу трансформаторы орамасының ұштарын белгілеу
§ 2.10. Трансформатор
Үшфазалы трансформатор кірісіндегі фазалық кернеу
Трансформаторлардың қызметі
Айқын полюсті машинаның қҧрылғысы
Тік ості жел электр генераторлар
Өсімдік қорғау әдістері мен машиналары
Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің айналу жиілігіне тең
Сабаққа шолу
Пәндер