Бөлшектерді қосу және азайту

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудыға бағытталған сабақ жоспары.

Сабаққа дейін.

  1. Мотивация (қозғаушы күш) :

Жоғары сынып есептерін шешу барысында өрнекті ықшамдауды, тепеөтең түрлендірулерді қатесіз орындау үшін бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту амалдарын жетік меңгеруі өте маңызды.

  1. Мақсаттары:

Оқушы білуі тиіс: 1) ортақ көбейткішті жақша сыптына шығаруды; 2) қысқаша көбейту формулаларын қолдана білуі, рационал көбейткіштерді қосу және азайтуды; 3) өрнекті тепеөтең түрлендіруді.

Сын тұрғысынан ойлауға сабақта мынандай мүмкіндіктер бар:

1) жеке ойланады, өз ойын жинақтап қорытындылап ойын нақты айтады; 2) өз білімін өзі бағалайды; 3) басқалармен салыстырады; 4) іс-әрекет жасауға ұмтылады.

  1. Алғы шаттар:

а) мазмұнды бұрыннан біліуі

б) сыни ойлау мен үйрену тәсілдерін қолдана алады.

  1. Бағалау: ойын дәлелді, ұғынықты жеткізе білуі;

Шағын топ әрекетіне қатысуы;

Тест жұмысын орындауы арқылы бағаланады;

Өзін-өзі бағалайды.

  1. Қажетті материалдар және уақытты меңгеру карточка тесттер қолданылады.

Уақытты меңгеру: тест жазу арқылы уақытты үнемдеймін, топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы жүйелі қайталауда уақытты үнемдеймін.

Сабақ кезеңдері.

  1. Қызуғышылықты ояту (12 мин. )
  2. Мағынаны ажырату (10 мин. )
  3. Ой толғаныс (20 мин. )
  4. Қортындылау (3 мин. )

Алгебра пәні. 7 сынып

Тақырыбы: Бөлшектерді қосу және азайту

Мақсаты: 1) Рационал өрнек; рационал бөлшектердің негізгі қасиеті, ММЖ және оларды қысқарту, бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді және бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу және азайтуды еске түсіріп қайталайды, жүйелейді.

2) Топта жұмыс жасау дағдысын, нақты сөйлеу дағдысын дамытады. Қыйындығы жоғары есептерді шешуде білімін қолдану дағдысын дамытады.

3) Сапалы білім алуға, жауапкершілікке баулыймын.

Өту барысы.

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Құзіреттік (пәндік, тұлға)
Б. Блум таксономиясының түрі
Сабақ кезеңдері:

Қызығушылықты оятамын

Мұғалімнің әрекеті:
  • Ұйымдастырамын
  • Сәйкестендіру тестісін орындауды ұсынамын
  • Сабақ тақырыбын хабарлап әр оқушыға бүгінгі сабаққа алдына мақсат қоюды ұсынамын
  • Бір геометриялық формуланы таңдап (топ жұмысының мақсатын көрсету үшін) өз мақсатыңды топ мақсатымен ұштастыруға тапсырма беремін
Оқушының әрекеті:
  • Сабаққа әзірленеді
  • Жеке орындап, топта ой бөлісіпшешім қабылдайды.
  • Жеке мақсат қояды.
  • Топпен талдайды, орындайды, ойларын сыныпта ортаға салады.
Құзіреттік (пәндік, тұлға):

Өзін-өзі басқару.

Пән негізін білуі.

Қарапайым мәселені математикалық аудара алу

Б. Блум таксономиясының түрі:

Есте сақтау (Т. Д. )

Түсіну

Мағынасын үйкестіріп идеяны таныс жүйеге аудару

Сабақ кезеңдері:

Мағынаны ажыратады

Мұғалімнің әрекеті:
  • Кластер құруды тапсырамын
  • Әр топтан оқушылар ережелерді айтады. Сұраймын
Оқушының әрекеті:
  • Жеке құрады, өз топтарына ой бөліседі, еске түсіреді
  • Ережелерді қайталап отырады
Құзіреттік (пәндік, тұлға):

Әр түрлі формада ақпаратты іріктеу

Пән негізін білуі.

Б. Блум таксономиясының түрі:

Түсіну

(О. Д. )

Түсіну

(О. Д. )

Сабақ кезеңдері:

Ой толғаныс

Мұғалімнің әрекеті:
  • Әр ұғымды қолдануда көрсетуді тапсырамын
  • Бағалау: «Мақсатың орындалды ма?»
Оқушының әрекеті:
  • Жеке, мысал ойлап жазады
  • Жеке есепті шығарады тест шешеді
  • Жеке ой толғаныс (Рефлексия)
Құзіреттік (пәндік, тұлға):

Практикалық есепті орындау біліктілігі, түсіндіре білуі

Білім, әртүрлі формадаақпараттарды іріктеу өзінің әрекетін бағалау

Б. Блум таксономиясының түрі:

Талдау

(Ж. Д. )

Қолдану

(О. Д. )

Талдау

(Ж. Д. )

Сабақтан кейін.

Сабақты толықтыру;

Қандай күрделі есептерді шығаруға ынталандырады. Оларды орындау арқылы білімін жетілдіре алады.

Сабақтан кейінгі ізденіс:

Модель құру, өз жүйелерін басқа мысалдар арқылы көрсету, эссе.


Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Рационал бөлшектерді қосу және азайту жайлы ақпарат
Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару
Аралас сандарды азайту мен қосу тақырыбын қайталау
Ондық бөлшектерді қосу және азайту жайлы ақпарат
5 класс емтихан сұрақтары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту, 5 сынып
Ондық бөлшектерді қосу және азайту жайлы
Ондық бөлшектерді қосу, азайту, натурал санға көбейту тақырыбын бекіту
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz