Мағжан Жұмабаев сүйемін өлеңі жайлы ақпарат

№39 “Қызылөзек” орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сапаржанова Лаура Айдарбекқызы
Қызылорда қаласы, Қаракөл ауылы
Бекітемін:
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7 - сынып
Күні:
Пән мұғалімі: Лаура Сапаржанова
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. « Сүйемін »
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін
мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2. Дамытушылық : Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,
шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,
сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі - қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге
тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды
өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке,
қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен
жұмыс, топтастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс : тарих, қазақ тілі, география
Қолданылған әдебиеттер:
- Әдебиет. Р. Құттығожина, Қ. Бітібаев, Е. Арын Алматы «Атамұра» 2012жыл
- Мұғалімге әдістемелік құрал
- Оқушы анықтамасы 5-11сыныптар. Арман-ПВ баспасы 2004жыл
Сабақ барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
- Өтілген материалдарды еске түсіру.Үйге І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.
Үй тапсырмасын сұраймын.
- Жаңа сабақ.
А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.
Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан - алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т. б.
Поэмалары: "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері : "Педагогика"кітабы, "Сауатты бол" оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
Ә) Топтастыру
Б) Электронды оқулықтан Мағжан Жұмбаев жайлы тыңдату.
В) Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту
Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.
Г) (Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны) слайд арқылы көрсету)
Ғ) Сөздік жұмысы
Д) Өлең құрылысына талдау
Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің - //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр // күрсінер.
7 -8 буынды, 2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас
- Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді
- Тармақ.Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ - өлеңнің әр жолы)
- Бунақ.Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
- Буын- сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
- Ұйқас-өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың
буындарымен үйлесуі.
- Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Е) Дәптермен жұмыс:
Теңеу деген не?
-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора деген не?
-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс - ақ кебін, жаз - сары.
Эпитет деген не?
-Эпитет (айқындау) -заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс - ақ кебін, жаз - сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! -
деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.
Аудармасы:
Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады. Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
«Махаббат» сөзін топтастыру.
Жанұя махаббаты Достарын сыйлау Ұстазға деген махаббат
Еліне махаббат Туған жеріне махаббат
Екі жастың махаббаты Анасына деген маххаббат
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
«Жаттап ала қояйық» ойыны
І топ
Күлдей шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
ауыр күрсінер.
ІІ топ.
Көзінде көк жоқ,
Аузында жыры жоқ,
Жалынсыз, құшағы,
Иілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені ошағы
ІІІ топ.
Сағымы құрады,
Бораны тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз-сары.
Орманы жоқ, жоқ,
Тауы да жоқ, жоқ,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz