Биология пәні: Ас қорыту тарауын қайталау сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Ас қорыту» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың «Ас қорыту» тарауы бойынша алған білімдерін саралау;

Дамытушылық:талдау, ойлау, салыстыру, қорытынды шығару, биологиялық тілде сөйлей білу, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға - асты уақытымен ішуге, ұжыммен, топпен жұмыс істей білуге, басқа адамның жауабын тыңдай білуге, адамгершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайдтар, оқулық, топқа бөлуге арналған қима қағаздар, асық, қоржын, сұрақтар, жағдаяттар тапсырмасы, сағат

Әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу, тапсырмалармен жұмыс, өзін және жолдасын тексеру блогымен жұмыс, бірін-бірі бағалау, ойын, жұмбақтар шешу

Қолданылған технология: М. М. Жанпеисова

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесіп, сынып оқушыларының сабаққа қатынасуын тексеру. Оқу құралдарын түгендетіп, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылып, сынып оқушыларын 3 топқа: түрлі-түсті қағаздарға жазылған тақырыпқа байланысты бөлу.

1 топ: Ас

2 топ: қорыту

3 топ: мүшелері

ІІІ. Сабақтың кезеңдері

  1. І. Өзін және жолдасын тексеру блогымен жұмыс. Шарты: әр топтан бір-бір оқушыдан шығады. 5 сұрақтан қойылады, жауап толық немесе дұрыс болмаса сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Жауаптары жауап парағына белгіленіп отырылады. Егер де сұраққа жауап берілмесе, немесе толық жауап айтылмаса, сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді, толықтырады. Оқушылардың жауабы сұрақ санына қарай бағаланады, сұрақ қойған оқушы да ескеріледі.
  2. ІІ. Қоржыннан алынған сұрақтар:Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Нөмірленген асықтың сұрақтары төмендегідей:

1. Ас қорыту дегеніміз не?

2. Ас қорыту бездерінің ең үлкені қалай аталады?

3. Сілекей безінің қызметін зерттеген ғалым?

4. Тістің ең соңғы жұбы қалай аталады?

5. Ауыз қуысында қанша жұп сілекей бездері бар?

6. Ас қорыту қай мүшеден басталады?

7. Ұзындығы 25см қуыс бұлшық етті мүше ?

8. Аш ішектің ұзындығы?

9. Тістің бұзылуы қалай аталады?

10. Ересек адамда қанша тіс болады?

11. Адам тәулігіне қанша литр су ішеді?

12. Бауырдан бөлінетін өттің түсі қандай?

13. Тістің ең соңғы жұбы қанша жаста шығады?

14. Ең ірі сілекей безі?

15. Қарында ас қанша уақыт қорытылады?

ІІІ. Мылқау сурет . Әр топқа ас қорыту мүшелерінің санмен белгіленген суреттері беріледі.

Жауаптары интерактивті тақтада беріледі, топтар арасында тексеру жүргізіледі, қателері табылып, бағаланады.

ІҮ. Топтық жұмыс (мәлімет беру)

1 топ: Ас қорыту мүшелерінің аурулары

2топ: Тамақтан улану

3 топ: Тамақтану және денсаулық

Ү. Сергіту сәті “Өз жартыңды тап”Музыка ойналып жатады, оқушылар мақалдың жартысын табады.

1. Байлық байлық емес, денсаулық- байлық

2. Денсаулық- зор байлық.

3. Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас

4. Тазалық - денсаулық негізі,

Денсаулық - байлық негізі.

5. Тәні саудың - жаны сау

6. Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.

7. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

8. Ас - адамның арқауы.

9. Ішің ауырса-аузыңды тый

ҮІ. Жұмбақтар

1 топ:

Дәу үңгірдің қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы

2 топ:

Есігін ашсаң, сайраған бұл-бұл.

Есігін жапсаң, жайраған құр күл.

3 топ:

Үңгір толы, асыл тас.

ҮІІ. Дәптермен жұмыс: Төмендегі ұғымдардың анықтамасын жазыңдар.

1. Асқорыту мүшелерінің қабырғасын 7. Тағамының механикалық өңделуі құрайтын қабаттар -

2. Тағамның химиялық өңделуі - 8. Ұлтабар (он екі елі ішек) -

3. Бүрлер - 9. Соқыр ішек -

4. Аппендикс өскіні - 10. Тік ішек -

5. Тұрақты тістер - 11. Ит тістер -

6. Ақыл тістер - 12. Сүт тістер -

ҮІІІ. Постермен жұмыс: тақырыптарын қорғауы

1 топ: Ауыз қуысында астың қорытылуы

2 топ: Асқазанда астың қорытылуы

3 топ: Астың ішектерде қорытылуы

ІХ. Кім жылдам? Шатасқан сөйлемдер ойыны.

1. Күніне 2 рет тазалаймын . мен тісімді.
2. күлгенде жағымды. тіс тазалығы.
3. тіс дәпігері қарайды . менің тісімді.

4. барамын. мен жиі-жиі. тіс дәрігеріне

5. тамақты. сау тіс. жеу үшін маған. керек.
6. тәтті бұзады. тісті . өте көп.

Х. дЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМА:

І топ:Биологиялық диктант

1. Ас қорыту . . . басталады.

2 . . . ас қорыту және тыныс алу жолдары

қиылысады.

3 . . . ұзындығы шамамен 25 см болып келеді.

4. Қарынның пішіні . . . немесе қапшық тәрізді.

5. Адам ағзасындағы ең ұзын ішек . . .

6. Ас қорыту жолында аш ішектен кейін . . . орналасады.

7. Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі . . . деп аталады.

8. Ең үлкен ас қорыту безі- . . .

9. Бауыр көптеген улы заттарды . . .

10. Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без . . .

ІІ топ:Сәйкестігін табыңыз

1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 2. Тағамды майдалайды шықшыт
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 3. Сәбидің 6-9айлығында шыға бастайды тістер
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 4. Үш жұп сілекей бездер лизоцим
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 5. Сілекейдің құрамында, бактерияларды жояды ауыз қуысы
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 6. Сілекейдің құрамындағы су мөлшері жақ асты
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: 7. Асқазан ауруын болдырмау 98-99%
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: асты дұрыс шайнау
1. Ас қорыту жүйесі сүт тістер: лизоцим

ІІІ топ:Сәйкестендіру тесті

ХІ. Тест

1. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?

А) 20-25% Ә) 0, 6-5, 0% Б) 60-65%

2. Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:

А) көмірсулар, нәруыздар Ә) минералды тұздар Б) су

3. Нәруыздың тәуліктік мөлшері:

А) 80-90г Ә) 100г Б) 400-500г

4. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы:


Ұқсас жұмыстар
Биология пәні: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы - сабақ жоспары
Ас қорыту жүйесін пысықтауға арналған тренинг сабақ жоспары
8-сынып биологиясы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы - сабақ жоспары
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы: орта мектеп биологиясы бойынша сабақ жоспары
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі: бастауыш мектепке арналған сабақ жоспары
Туынды тарауын қорытындылау: қайталау және бағалау сабағының жоспары
Ас қорыту жүйесі: оқушыларға арналған сабақ жоспары мен оқу тапсырмалары
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ас қорыту жүйесін салыстыру және пысықтау
Ас қорыту мүшелері: құрылымы, қызметі және адам өміріндегі маңызы
Ас қорыту мүшелерінің құрылымы мен қызметі және тамақтану гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz