Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Сүт қоректілер класына жалпы сипаттама. құрылысы және тіршілік әрекеті

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі <<Өрлеу>> <<Біліктілікті арттыру орталығы>> Акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты





Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Сүт қоректілер класына жалпы сипаттама.Құрылысы және тіршілік әрекеті




Орындаған: Рахимова М.К.
Жамбыл ауданы
Мыңбаев ауылындағы орта мектеп



Курс жетекшісі: Адыбаева Л.Д.



Алматы, ақпан - 2014

Модуль - 11 Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама.Құрылысы және тіршілік әрекеті / 9 сағат /
Модуль құрылысы
Сабақ саны
Сабақтың мазмұны
Бөлінген уақыты
Мерзімі
Кіріспе
1-сабақ
1.Модуль құрылымы,мақсат,міндеттерімен
таныстыру
2.Суреттер,сызбалар,электронды оқулықты пайдалып,ВВС-Млекопитающие бейнефильмін көрсете отырып §58-§64 түсіндіру
3.Кітаппен,дәптермен,жұмыс дәптерімен жұмыс
4. Қорытынды
5.Үйге тапсырма

5 минут

25 минут

10 минут

5 минут


Сөйлесу
2-сабақ





3- сабақ









4- сабақ



5-сабақ


6-сабақ



7-сабақ

Оқу материалын меңгерту
1.>>Қарлы кесек>> оқыта үйрету ойыны
2.Қорытынды
3.Үйге тапсырма

1.>>Өзара оқыту>> ойыны
2.Зертханалық жұмыс №11
Тірі аңдарды бақылау.Сыртқы құрылысы.Сүтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеп білу.Даяр ылғал препараттан ішкі құрылысын зерттеп білу
3.Қорыту.Үйге тапсырма

Тақырыпты дамыту сабағы
1.>>Сиқырлы сандықша>> ойыны
2.Қорытынды,үйге тапсырма

1.>>Брейн ринг>> ойыны
2.Қорытынды,үйге тапсырма

1.>>Бақытты сәт>> ойыны
2.Шығармашылықпен жұмыс
3.Қорытынды,үйге тапсырма

1.Пресс-конференция сабағы
2.Қорытындылау,үйге тапсырма

35 минут
5 минут
5 минут


10 минут

30 минут



5 минут



35 минут
10 минут


35 минут
10 минут

20 минут
15 минут
10 минут


45 минут


Қорытынды

8-сабақ





9-сабақ

Тақырыпты қорыту,бекіту
1.Деңгейлік тапсырмалар
2.Тест жұмыстары
3.Биологиялық диктант
4.Қорытынды,үйге тапсырма

1.<<Ж ұлдызды сағат>> ойыны
2.Қорытындылау


20 минут
10 минут
10 минут
5 минут

40 минут
5 минут


9-сабақ: Сүтқоректілер немесе аңдар класын қорытындылау мақсатында:
<<Жұлдызды сағат>> ойыны
Мақсаты: 1) Оқушылардың <<Сүтқоректілер>> тарауы бойынша алған білімдерін ойын арқылы бақылау,тексеру ; 2) Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін пысықтап,есте сақтау қабілеттерін,өз бетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеуіне,қорытынды жасай білуге, теориялық білімін өмірде қолдана білулеріне ахуал туғызту; 3) Жануарларды қорғай білуге баулу, топтаса жұмыс жасай білуге,ұжымшылдыққа, биологиялық сөз қорларын көбейте білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тақырып жазылған кеспеқағаз, қоржын,нөмірленген асықтар,бейнефильм,компьютер,жалауша,сағат,интербелсенді тақта,суреттер
Сабақтың барысы: Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Топ жетекшісі сайланады. Ойын бөлімдері интербелсенді тақтада жазылып қойылады.Онымен мұғалім таныстырады:
* Таныстыру
* <<Кім тапқыр>> бөлімі
* Мақал-мәтелдер,теңеулер,ырым-тыйым сөздер
* Кім жүйрік?
* Сен маған,мен саған
* Бәйге
* Егер де,мен ... ( ашық мінбе)
1.Таныстыру бөлімі- әр топ өз аттарын,ұранын тақпақ,өлең жолдары арқылы немесе қара сөздермен таныстырады.
2.>>Кім тапқыр?>> бөлімі - әрбір топ жетекшілері, қоржыннан нөмірленген асықтарды алып, оған сәйкес келетін сұрақтарға жауап береді.
Қоржындағы сұрақтар:
1.Не себептен класс сүтқоректілер деп аталды?
2.Қазақстанда тіршілік ететін сүтқоректілерді ата?
3.Сүтқоректілер класының негізгі отрядтарын қандай?
4.Қазақстандағы жануарларды қорғау шаралары қалай жүзеге асырылуда?
5.Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілерді ата?
6.Жылқының адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
7.Біздің ауылымызда жылқының жаңа қолтұқымын шығару үшін қандай ғалымдар еңбек сіңірді?
8. Жылқыға байланысты қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?
9.Өз өлкеңдегі өсірілетін қойдың қолтұқымдарын ата?
10.Түйе,ірі қара,қолға үйретілген жануарлар шаруашылығы туралы не айтасың?
3. Мақал-мәтелдер,теңеулер,ырым-тыйым сөздер бөлімі
Бұл бөлімде әр топ оқушылары 3 мақал, 3 мәтел,3 тыйым сөз, 3 ырымдар айтудан сайысады.
4.>>Кім жүйрік ?>>
Екі топқа суреттермен жұмыс жасау ( бір аңды - жыртқыш, үй жануары) беріледі. Сипаттау: қандай жануар немесе аң -аты, қандай тұқымдасқа жатады, негізгі ерекшелігі,пайда-зияны
5. <<Сен маған,мен саған>> бөлімі
Екі топтың бір-біріне дайындап келген сұрақтарына жауап. Бір-біріне қарама-қарсы сұрақтар қояды.Жауап алынады.
6. <<Бәйге>> бөлімі
Қойылған сұрақтарға тез жалаушаны,немесе қолды көтеріп жауап беру.
Сұрақтары:
1.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың қанша қолтұқымы бар?
2.Қазақстанның қандай қалаларында хайуанаттар бағы бар?
3.Қазақстанның Қызыл кітабы туралы не айтасың?
4.Қазақстанда қандай қорықтар бар?
5.Не себептен жылқыны елтаңбамызға бейнеледі?
6.Қойдың қолға үйретілген уақыты?
7.Үй хайуанаттарының орталығын анықтаған ғалым?
8.Терісі бағалы аңдардан алынатын өнім?
9.Суда тіршілік ететін сүт қоректілерді ата?
10. Жануарлардың аталық және аналық дараларының атауы қандай? (жынысына байланысты)
11.Жастарына байланысты қандай ат беруге болады?
12.Дүниедегі ең үлкен,ең биік,ең жүйрік,ең сезімтал,ең ақылды,ең текті,ең тексіз жануарларды ата?
7.Егер де,мен ... ( ашық мінбе)
Маммолог ғалым болсам... Топ басшыларының ой пікірі
2.Қорытындылау.Жеңімпаз топты анықтау,марапаттау
Үйге тапсырма:1. <<(Сүтқоректілер немесе аңдар>> класы тарауын қайталау
2.Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау тақырыбында реферат жазу



Ұқсас жұмыстар
Биолгия пәні бойынша оқушыларды бірыңғай ұлттық тестіге дайындау
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сүтқоректілер класы
Бұршақ тұқымдастар. Сабақтың тақырыбы
Пияз тұқымдастар
Жорғалаушылар класы. 8 сынып
Құстар класына жалпы сипаттама
Амебаның негізгі билгиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Будақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Пәндер