Файл қосу

Тұздардың жіктелуі, қасиеттері және қолданылуы. 8-сынып

Амангалиева Фарида Марксовна,
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ОЖББМ-нің химия пәні мұғалімі

Сыныбы 8 <<б>>
Күні 06 . 05. 2014 ж
Пәні химия
Сабақтың тақырыбы

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Мақсаты

Тұздар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы тұздардың жіктелуі, аталуы, құрамы мен алу жолдары, қасиеттері мен қолданылуы туралы білімдерін кеңейту
Күтілетін нәтижелер

* тұздардың жіктелуін меңгереді;
* тұздардың алыну жолдары және қасиеттерімен таныса алады;
* тұздардың қолданылуы туралы білімдерін толықтыра алады;
* тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындайды
Сабақтың түрі
Біріккен- ізденіс сабақ
Тапсырмалар
СТО жобасы,сұрақ жауап әдісі, жұптық, өздік жұмыс
Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта,оқулық, тұздар үлгілері, тәжірибеге қажетті заттар, дидактикалық тапсырмалар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті

Кіріспе

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша формулаларды құрастыру арқылы жұп құру

Оқушылар жұп болып отырады.

Тұсаукесер

Сыныппен жұмыс.
Қышқылдардың химиялық қасиеттеріне сүйеніп, магнийдің І,ІІ,ІІІ негізді қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазу арқылы жаңа тақырыптың аты ашылады

Магнийдің І,ІІ,ІІІ негізді қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазады

Негізгі бөлім

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінмен танысу, жұп болып талдау.
а\ тұздардың жіктелуі ә\ алыну жолдары б\ химиялық қасиеттері в\тұздардың қолданылуы.
1.Слайд сызбалар арқылы жұмыс жүргізу
а\ тұздар анықтамасы, жіктелуі, мысал келтіру;

ә\ тұздарды алу жолдары демонстрациялық тәжірибелермен жүзеге асады, реакция теңдеулері арқылы сипаттау;
б\ химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу арқылы таныстырылым жасау;
в\ тұздардың қолданылуы бойынша ассоциация құру

2. Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 тапсырма
Мына тұздардың формулаларын жазыңдар: кальций хлориді, барий динитраты, темір(ІІІ) сульфаты, кальций фосфаты, магний карбонаты
2 тапсырма
Формулалары келтірілген тұздарды: K2S, KHS, CuSO4, Na2HPO4, NaH2PO4, K3PO4, MgOHCI, CaCO3, NaHCO3, AI(OH)CI2, AgNO3, FeCI3, FeSO4 берілген кестеге бөліп жаз:
3 тапсырма
Химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
а) BaCI2 + Na2SO4 -->
б) CuSO4 + NaOH -->
в)AgNO3+HCL -->
г) Zn + AgNO3 -->

Критериалды бағалау
1.Металл атомы мен қышқыл қалдығының валенттігін анықтады
2.Тұздардың формуласын дұрыс құра білді
3.Құрамы бойынша жіктей алды
Жүйелі номенклатура бойынша атады
4.Химиялық қасиеттеріне сүйеніп теңдеулерді құра білді
5.Реакция теңдеулерін жазып теңестірді

Уақыттың тиімділігін ұйымдастыру

Оқушылар өз бетімен мәтінмен танысады, жұп болып талдайды

Слайд арқылы талдау жасайды.

Тұздарды алудың 10 түрлі тәсілін сипаттайды

Реакция теңдеулерін жазып теңестіреді
Ассоциация құрады

Тапсырмаларды орындайды, формуласын құрастырады, кесте толтырады, сәйкес реакция теңдеулерін жазады.

Критерий арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды
Қорытынды

1.Тест тапсырмасы беріледі

2. Тұздар туралы эссе жазу

Бағалау
Бағалау өлшемдері бойынша өзін-өзі және өзара бағалау. Ұпай сандары бойынша баға қойылады. Бағалау шкаласы:
18-20 ұпай <<5>>
14-17 ұпай <<4>>
9-13 ұпай <<3>>

Рефлексия <<Мен бүгінгі сабақтан қандай мәлімет алдым?>>
Бағдаршам арқылы бағалау

Үй тапсырмасы: Тұздардың жіктелуі,алынуы, қасиеттері
Есептер № 7,8
Реферат <<Тұзды көлдер>>
Тест жұмысын орындайды
Тест жұмысын алмастыру арқылы жауап парағы бойынша бір- бірін тексереді
Тест бағалау жобасы бойынша бірін-бірі бағалайды.
Эссе жазады

Ұпай сандары бойынша баға қойылады.

Бағдаршам белгілерін көрсетеді

Үй тапсырмасын жазып алды.




Ұқсас жұмыстар
Тұздардың жіктелуі мен алынуы
Негіздердің қасиеттерін түсіндіру
Негіздердің химиялық қасиеттері
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері жайлы ақпарат
Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары. 8 сынып
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тарауын пысықтау
Тұздар, химиялық құрамы және химиялық қасиеттері
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Пәндер