Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу) 7 сынып

Акинова Н.М.,Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы,Абай атындағы №4 лицей мектебінің технология пән мұғалімі
Тақырып: Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу)
Мақсаты:
1.Халқымыздың қолөнер қазынасы - осы киіз туралы түсінік беру,білімдерін дамыту;құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен танысу; жүнді киіз басу техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету;
2.Киіз басудың техникасы мен технологиясын меңгерте отырып ,шеберлігін дамыту,өнерге деген ынта - қабілетін арттыру;
3. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге,дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: теориялық білімді практикамен байланыстыру
Көрнекілігі: түрлі-түсті жүндер,ине,паралон,рамка,пинцет,суреттер,нұсқау карта,презентация.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қайталау (тестпен жұмыс)
1. Жүн матаны көбіне қай жүннен өңдейді?
а) ешкінің; ә) түйенің; б) қойдың.
2. Жүннің алғашқы өңдеуін бірізділігін дұрыс белгілеп бер.
а) сорттайды; ә) тазалайды, түтеді, қопсытады; б) іріктейді;
3.Матаның сапасы неге байланысты?
а) талшықтардың сырт көрінісіне; ә) талшықтардың құрамына; б) талшықтардың атауларына.
4.Жүн матаның ылғал ,шаң және жылу өткізгіштігі матаның қандай қасиетіне жатады?
а) технологиялық; ә) физико-механикалық б) гигиеналық 5.Жүнді ылғалды жылумен өңдеген кезді өлшеме кішірейеді матаның қандай қасиетіне жатады?
а) технологиялық; ә) физико-механикалық б) гигиеналық
6.Қандай маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанымен гигроскопнялық касиеттері жоғары болады?
а) синтетикалық маталар; б) зығыр маталар; ә) жүн маталар; 7. Қандай маталар адам организміне экологиялық әсерін тигізеді?
а) макта мата маталар;ә) синтетикалық маталар; б) жүн маталар.
8. Табиғи талшык неден өңделеді?
а) мұнай; ә) тас көмір; б)жүн;
9.Негізгі жіп қалай орналасады?
а) матаның жиегінде;ә) матаның ұзына бойымен;б) матаның көлденеңінен.
10. Арқаулық жіп калай орналасқан?
а) матаның көлденеңінен; ә) матаның шетінен; б) матаның ұзына бойымен.
ІІІ.Жаңа сабақ (теориялық бөлімі)
Киіз басу - Жердегі меткелді дайындаудағы ең көне техника. Археологтар бірінші киіз басылған бұйымдардың пайда болуын 8000 жылдық мерзімді болжайды.
Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата-бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. <<Киіз басу>> қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген.
Киіз - түрік тілінен <<жамылғы>>, ағылшын тілінде - felt, неміс тілінде - filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұйяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI-V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді. Әлемді мәдениетке киіз еуразиялық далалардың көшпенділерінің, Тибеттің, Памирдің, Алтайдың, Кавказдың тау мал өсірушілердің өнертабысы ретінде кірді. Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым, бұл арине пималар болып табылады. Сонымен қатар Ресей жерінде пималарға қоса, олар шұға және шаруашылыққа қажетті киіздерді, киіз басылған бас киімдерді, темекілерді сақтау үшін арналған дорбаларды дайындайтын.Ал енді өзіміздің қазақ халқымыздың өнеріне тоқталсақ, халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII - ші ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая,еденіне төсеніш, үстіне киім,сән-салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі.
Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.
Ескі технология бойынша дайындалған киіз қазіргі заманғы машиналарда да жылытқыш ретінде ғана емес, сонымен қатар аяқ киімді дайындау кезінде және киімді тігу кезінде қолданыс тауып отыр. Кәсібі дизайнерлер оны декор элементі ретінде және киімде, интерьерде <<ең қызық бөлігі>> рентінде қолданады. Жүн материал ретінде өте илемді және жалпақ және көлемді пішіндер секілді кез келген пішіндерді жасауға мүмкіндік береді. Табиғи жүн қойдан, ешкіден және түйе жүнінен алынады. Жүн талшықтарын қалыңдығына қарай жіңішке, жартылай жіңішке және қалың болып бөлінеді. Талшық жіңішке болған сайын, дайын бұйым нәзіктеу және жіңішке болып шығады. Қалың жүнді аяқ киім, үстіңгі киімдерді және сөмкелерді дайындау үшін, ал жіңішкені моншақтар, шарфтарды және жеңіл киімдерді дайындағанда қолданады. Жүнді басу талшықтардың өзіндік құрылымында бар қабыршықтардың өзара ілінсуінің есебінен болады.
Табиғи жүнді басу екі әдіс арқылы жүзеге асыруға болады, яғни ылғалды және құрғақ әдістер.
Құрғақ киіз басу - арнайы инелердің көмегімен жүн түйіршіктерін нығыздау.

27578056861175-2442127-107840кертіктері
00кертіктері

Инелерде арнайы кертіктері болады, олардың көмегімен жүн талшықтарын іледі, араластырады, шырмап тастайды. Бұл кертіктер шаншуға қарама-қарсы бағытта орналасқан, бұл иненің көмегімен жүннен оңай алып шығуға болады. Бұл әдіс фильцтеу деп аталады.
Губкада орналасқан жүнге арнайы инелерді тығып, бұрып және айналдырып жүн кесегінің керекті пішінін алады. Егер инені бір орынға көпрет тықса, онда жүннің нығыздалуын және ойысты болуына қол жеткізуге болады. Ине нөмері оның қалыңдығын көрсетеді. Нөмер үлкен болғаннан, ине жіңішке және кертіктер аз болады. Ине қалың болғаннан, фильцтеу тез болады, бұйымда қалдыратын саңылаулар көп болады. Көлемді киіз басу үшін инелер суарылған болаттан дайындалады. Сондықтан олар едәуір иілгіштікке ие болады және жұмыс кезінде майыспайды.
Ылғалды киіз басудың классикалық техникасы бірнеше факторлардың, яғни жүн, су, сабын және екі қолдың болуын айтады. Таңдалған түсті құрғақ жүнді үстелдің үстіне жазып қояды, әртүрлі жүнді суретті үстіне қойғаннан кейін сабынды сумен суландырамыз және жүннің талшықтары бір-бірімен біріккенге дейін әртүрлі бағытта қолмен ысқылаймыз.
Киіз басудың ылғалды әдісі кезінде сабынды судың әсерінен талшықтар ұзартылады және тегістеледі. Бұйымды кептіру кезінде талшықтар бастапқы күйге келуге тырысады, мұндай талшықтардың кішіреюі 30%-ға дейін барады. Сондықтан ылғалды басу кезінде дайыналған бұйымның өлшемдерін алдын ала жоспарлау керек, яғни бұйымның өлшемі 1,5 немесе 2 есе болуы керек. Жүн - ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 - 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.Сабынды суды жылы сумен шаю, қатты сықпай кептіру керек.
ІІІ. Инстркутаж Инелермен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
Жұмыс барысы кезінде қолды жарақаттап алмау үшін үстелде отырған қалыпта жұмыс істеу керек. Аяқтар еденге тіреліп тұруы керек, ал дене тіке немесе алдыға қарай иіліп тұруы керек.
Инелердің дұрыстығын қадағалап тұру керек. Киіз басу үшін бекітілмеген инелермен жұмыс істеуге болмайды. Себебі киіз басу үшін арналған инелер өте сынғақ болып келеді. Сонымен қатар инелермен жұмыс істеу кезінде киіз басу үшін тағайындалмаған қатты бетпен жанаспау керектігін де қадағалау керек. Егерде жұмыс барысында инелер сынатын болса, онда оларды тез уақытта абайлап алып тастау керек .
ІV.Практикалық жұмыс
Жүннен тоқылған кескіндемелердің техникасы тек қана жаңа емес, ол техника қызықты, әрі өте әдемі болып табылады. Тұтылмаған жүннен суреттерді дайындау уақыттық және қаржылық шығындарды қажет етпейтін өте қызықты, әрі жағымды сабақ болып табылады. Дегенмен кез келген қолөнер секілді шыдамдылықты және тәжірибені қажет етеді. Ең бастысы шыдамдылық және керемет материалмен жұмыс істеу тілегі.
Жүннен тоқылған кескіндемелердің тағы бір кереметтілігі оны меңгеру үшін сурет салу қажет емес. Суреттер алуан түрлі бола алады, мысалы гүлдер мен жемістерден адамдардың портреттеріне дейін. Ереже бойынша суреттер үлгі бойынша дайындалады, бұл жүннен алдын ала дайындалған сурет немесе кез келген сурет, сонымен қатар фотосурет болуы мүмкін.
Ұсынылған суреттер маталы бетке әртүрлі түсті жүндерді қою әдісімен дайындалған. Сіз жұмысыңызды аяқтасаңыз, онда суретке тек қана әйнек қойылады және рамкаға салынады. Міне осылай жүннен дайындалған сурет дайын болады.
Жүннен жасалған қолөнер техникасы келесіден тұрады (нұсқау картамен жұмыс)


Сипаттамалары
Бейнеленуі
1
Суретті таңдау


Керек заттар: рамка әйнекпен,түрлі-түсті жүндер, негіз ретінде фланель немесе ақ зонты матаны алуға болады

2
Маталы түкті негіз рамканың форматы бойынша кесіліп алынады

3
Оның үстіне жүннің қабаттары жазылып қойылады. Ең алдымен артқы планы қойылады. Жүнді талшықтармен орташа бірдей қалыңдықпен жұлып алып, тесіктер көрінбейтіндей қылып жазып қоямыз. Ең алдымен жүнді тігінен қоямыз

4
Ары қарай жүннің екінші қабатын көлденеңнен жазып қоямыз. Үшінші қабат бірінші қабат секілді тігінен жазып қоямыз

5
Ал енді суретті қоюға кірісеміз. Әртүрлі техниканы қолдануға болады: жүнді бұрау, жүнді қию

6
Дайын жұмысты әйнекпен жабады
және рамкаға салынады



V.Сабақты қорытындылау
VІ.Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Киіз үй физикасы
Paint графикалық редеакторында жұмыс істеу
Аппликация
Ойма – нақыш әдісімен (инкрустация) бұйым жасау
Оқушылардын жасаған бұйымдарын тамашалау
"кесте тігу өнері. "
Ағаш өңдеу технологиясы
Жүннен жасалатын бұйымдармен таныстыру. киіз басу технологиясы. киіздің эскизін дайындау
Сәндік қолданбалы өнер. Киіз үй суретін салу
Жаңа технологияларды қолданудың алғышарттары
Пәндер