Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Дос болайық, бәріміз 3 - сынып. Өзін - өзі тану пәні
<<Боранқұл орта мектебі>> мемлкеттік мекемесі
3 - сынып.
Өзін - өзі тану пәні
Өткізген: өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Мырзатаева Фариза
Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!
Мақсаты: Оқушыларға достық, татулық туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, жағдаяттарды шешу.
Жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Әңгімелесу сәті
1.Адал достықты қалай түсінесіңдер?
2.Сендердің достарың көп пе?
3.Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?
4.Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
5.Достық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
ІІІ.Мәтінмен жұмыс. Сазды хикая. (Ертегі)
Е.Козлова
Аударған: М.Есенәлиева
Күздің бір күні еді. Құстар да жылы жаққа бет алған мезгіл. Тынышталып қалған орман ішінде бір Көртышқан келе жатады. Кенет ол орманда қалып қойған бір құстың керемет әуенін естиді. Мұндай әуенді келесі жазға дейін тыңдай алмаймыз - ау деген ойдан Көртышқанның көңілі бір түрлі жабырқау күйге түсіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сынған ағаш бұтақтарының арасынан:
-Ай-әй-әй-әй-әй-әй,
-Ай-әй-әй-әй-әй-әй, - деген әуен естілді.
-Амансың ба, құрметті Бұлан! Айта қойшы, қазіргі орындағаның қандай ән? - деп қызыға сұрайды Көртышқан.
-Ә, не.., тым қатты әндеттім бе?
-Жоқ, өлеңді тамаша орындадың. Менің ойымша, сен мынадай бұлбұл дауысыңмен эстрада сахнасына шығуың керек. Біздің орманымызда өз <<жұлдыздарымыз>> бар емес пе? Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар, - деп Көртышқан армандайды.
-Біз мына құстан жүз есе артық айтпасақ, кем айтпаймыз. Мен достарымды ұйымдастырып, музыкалық топ құрайын, содан соң көрші ормандарға гастрольге шығамыз. Арғысын тағы көрерміз.
<<Көртышқан дарындарды жинап жүр>> деген жаңалық әп-сәтте бүкіл орманға тарайды. <<Дарындымын>> дегендер орманның түкпір-түкпірінен жортып та, жорғалап та, секіріп те, жүгіріп те жинала бастады. Әндетемін деп егіз - шылбыр Қырықбуындар, желкілдеген Қоян, әуендеткен Тиін, Қабан-торай, Құрт-құмырсқа, Шыбын-шіркей түгел жиналады.
Көртышқанның алдына келген орманның әрбір тұрғыны өз әнін өзгеден қатты айтқысы келеді. Алаңқайды құлақ жарарлық айқай-шу басады. Жамыраған дауыстан шошып қалмасын деп орман тұрғындары балақайларының құлақтарына мақта тығады. Ал көрші алаңның тұрғындары мекенжайларын ауыстырады.
-Болды! Тоқтатыңдар! - деп айғай салады Көртышқан. - Жетер енді! Ешкімді де тыңдағым келмейді! Ешқайсың да өлең айта алмайсыңдар! Сендерде не дауыс, не қабілет жоқ, еш нәрсеге жарамайсыңдар!
Көртышқан айқай-әндерден үйіне қашады. Екі құлағын жастықпен бекітіп, мазасы кетеді. Ол ойлаған ойын іске асыра алмай, қатты қапаланады. Ал Көртышқанға дарындарын көрсеткісі келген достары оған наразы болып, жан - жаққа тарайды. Енді ол мүлде жалғыз қалған еді.
Арада бірнеше күн өтеді. Көртышқан достарын сағына бастайды. Оларды қалай қайтарудың амалын ойластырады. Ақыры, біреуден ақыл сұрау керек деген шешімге келеді. Осы ниетпен ол жақын маңайдағы көлді мекендеп жүрген дана Бақаны іздеп табады. Көртышқан Бақаға болған мән - жайды баяндап береді. Көртышқанның әңгімесін тыңдап болып, Бақа:
-Ымм... Енді құлақ салып, көпті көрген мені тыңда, - дейді, - дүниеде құстар көп, даусы керемет, әсерлісі де бар, даусы жоқ бақырғандары да кездеседі. Ал нағыз досты жолықтару өте қиын. Ескі достан айрылсаң, жаңасын таппайсың. Осыдан өзің қорытынды жаса!
Көртышқан үйіне қайтып келе жатып, қарияның сөзін есіне түсіреді. <<Бақа дұрыс айтады, жалпы олар тым нашар әндетпейді. Өздері де жақсы достар еді>>, - деп ойланып қалады: Кенеттен ол:
-Таптым! Таптым! Мен олардың басын қосып, ән айтуды үйретемін! - дейді қуана айқайлап. Көртышқан достарын жинап:
-Мені кешіріңдер! Мен әділ болмадым. Сендерді дұрыс көріп, дұрыс естімеппін. Дүниедегі ең дарынды әнші екендеріңе көзім енді жетті. Егер бәріміз бірігіп, тамаша хор ұйымдастырсақ, бізден талантты ұжым болмас еді, - деп өз ұсынысын айтады. Осылай достар татуласады. Бірігіп сүйікті әндерін шырқайды.
ІV.Бекіту сұрақтары
1.Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?
2.Көртышқан достарымен қалай татуласты?
3. "Ескі достан айрылса, жаңасын таппайсың" дегенді" дегенді қалай түсінесіңдер?
V.Сергіту сәті.
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай болып жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз!
VІ.Дәптермен жұмыс
VІІ.Дәйексөз
1.Татулық - достық кепілі.
Халық мақалы.
2.Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес.
Е.Өтетілеуов.
VІІІ.Жағдаяттарды шешіңдер
№1.
Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды. Бір - бірден өтпек болды...
Демалыс күні достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.
* Сен неге дастарқан басына жақындамай тұрсың? - деді Қайрат.
* Дайындап қойған тамағымды үйде ұмытып кетіппін.
* Қиын болған екен, - деді Досын, нанын аузына қомағайлана тығып жатып.
Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.
№2.
Сенің жан досың жаман қылық көрсетіп, сол үшін мұғалім алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сен жан досыңның ісі дұрыс болмаса да оның көңіліне қарап оны жақтайсың ба?
№3.
Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сеннен көшіріп алды. Сеннен кеткен қатені ол байқап өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен "4", ол "5" деген баға алды. Сен не істер едің?
№4.
Сен көптен күткен циркке бару үшін билет алуға бара жатырсың? Қалтаңда 200 теңге бар, билеттің құны 200 теңге. Жолдан досың кездесіп тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып қарызға 100 теңге беруін өтінді. Сен не істейсің?
ІХ.Жүректен жүрекке . Достарыңа арнап өз тілектеріңді білдіріңдер
Х.Қорытындылау.
Үйге тапсырма: "Сазды хикая" ертегісін оқып, мазмұнын айтып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz