Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Ақылды тыңдай білу де өнеге


4 cынып
Тақырып: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
-ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
-ақыл,өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, «Даналық сөздер» сандығы,
үлестірмелі кеспе қағаздар, «Бақытты балалық шақ» көрме суреттер, Данышпан
ата
Әдіс тәсілдері :Интербелсенді тақтамен жұмыс, көрме стратегиясы, автор
орындығы ,топпен жұм ыс.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Орындарына отырып ән айту «Бала тілегі»
Қызығушылығын ояту
Тақтада балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Суреттен
ұнаған суреті туралы топпен жазу. Соны топтың спикері әңгімелеп береді .
- Балалар суретті біз қай уақытта саламыз?
-Біз қандаймыз?/бақыттымыз
-Бақытты қалай түсінесіңдер? /Әке-шешеміз қасымызда, бейбітшілікте өмір
сүреміз, мектепке келеміз деген сияқты сөздерді балалар айтады.
-Әке- шешеміз,үлкендер, ұстаздар бізге не айтады?/ақыл
Олай болса бізбүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
(Балалар өздері шешеді, мақсатын да айтады)
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында үнтаспадан тыңдатамын «Қорада
малың болса , көшеде талың болсын» С.Ақаев Түсінгендерін топқа салады .
Топтан бір оқушы автор орындығына келіп айтады.
- Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде ?
- Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасындақандай дәрежеге жете
білгендері туралы өз ойыңдыбілдіріп көр.
- Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден
қиындық көрмей , жақсы өмір сүрген екен. Ал өсиет сөзге құлақ түріп
тыңдамайтын адамның ісі алға баспай ,сол күйі қалады.Ата сөзін, әке сөзін
ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын , өсиетін дұрыс ақылға салып
тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала
да ақылды атанады. Сондықтан да халық:
«Ата-анаңның ақылы-
Сайрап жатқан жол мен тең.
Ақылдының ақылы-
Сарқылмайтын көлмен тең» -деп айтқан .Интербелсенді
тақтадан қарап дәптерлерін ашып жазады .
Қаламсап қолға аламыз
Дәптерді қиғаш қоямыз
Денемізді тік ұстап,
Әдемі етіп жазамыз.
Итербелсенді тақтадағы халық даналығын жазу
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп /Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді/
Мұның аты еңбек /Екі қолын жаяды /
Кесте тіксең, зерлеп, /Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды
көрсетеді / Мұның аты еңбек /Екі қолын жаяды /
Сабағыңа жөндеп /Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды. /
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін /Құшағын ашады /
Еңбек қана жеңбек. /Екі қолын жаяды /
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Жағдаятты шешу. Суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер
деген тапсырма берілген./3(үш ) түрлі жағдаят балалар өздері қандай ақыл
беретінін тақтаға жазады,сосын оның түйінін тақтадан оқиды,өздерінің
айтқанына келістіме соны талдайды.
Жаттығу Данышпан ата қонаққа келеді.
Айтылған ойларды бекіте түсу үшін жаттығу жұмыстары беріледі .
Қоржынның ішінен алынған даналық сөздерді ,жария етіп дәптерлеріне жазады.
Тапсырма
Өздеріңе айтылған үлкендердің ақыл сөздерін естеріңе түсіріп, айтып
беріңдер.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:Дәптерде берілген бұлбылдың , күйшінің, ұстаздың, баланың,
әженің суреттері тұстарына қалдырған бос орынға олардың қандай ақыл
сөздерін тыңдағыларың келеді соны жазыңдар.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не білдік? Нені үйрендік? Көңіл күйлерін белгімен
көрсету.
Жүректен жүрекке
Бәрі шеңберге тұрады. Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.«Біздің тілек»

Қосымша

Данышпан атаның өсиеттері

Адамдарға ізет білдіріңдер !

Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!

Айтылған сөзге мән беріңдер!

Әңгімені мұқият тыңдаңдар!

Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!

Бабалар өсиетін тыңдаңдар!

[pic]

«Бақытты балалық шақ»көрмесін қарап өздеріне сурет таңдап отыр

[pic]

Үнтаспадан мәтінді тыңдап « автор орындығына» келіп талдауда

Жағдаятты көріп өз ақыл –кеңестерін жазуда

[pic]

Қонаққа келген Данышпан ата және оның қоржынындағы ақыл кеңес сөздер

Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырып: «Ақылды тыңдай білу де өнеге»
4- cынып

[pic]

Өткізген : педагог-психолог
Ыбрай Алтын Серікбайқызы

2012-2013 о.ж

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы. Сабақты қорыту
Ақылды тыңдай білуде өнеге
Алтай ақша сұрамайды
Атаның сөзі - ақылдың көзі
Қарияларды қадірлейік, 3-сынып
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Қарттарым - асыл қазынам жайлы ақпарат
Әке - отбасының діңгегі. кездесу сағаты
Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастаны
Сатылған ақыл
Пәндер