Ерте темір дәуірінде көшпелілер өркениетінің қалыптасуы. 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы және оның дамуы»
Күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік
ерекшеліктерін көрсету, әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру, ежелгі көшпелілерде
мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери
істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру;
Дамытушылық: Проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін
жетілдіру, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Өз елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихынан топтамалар
Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару, тілек тілеу
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- «Қазақ» сөзінің шығуы жөнінде ғалымдар пікірлерін салыстырыңыздар
- «Жүз» сөзінің мағынасы жөнінде білесіңдер ме?
- «Алаша хан» аңызында қандай оқиға бейнеленген?
- Қазақ жүздерінің пайда болуы қай уақытқа сәйкес келеді, оларға қарасты рулар мен аумағын ажыратып беріңіздер
Жаңа сабаққа көшу:
- «Номад», «номадизм» ұғымының мәнін кім ашып береді және оның қазақ халқына қатысы не?
Мағынаны тану
Жоспар:
- Қазақстанда ежелгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы
- Көшпелі мал шаруашылығының дамуы
- Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері
- Қоғамдық құрылыс
- Көшпелі қоғамдағы әскери іс
Ұсынылатын сұрақтар:
І қатарға:
- Қай уақытта ежелгі адамдар малды қолға үйрете бастаған?
- Қола дәуірінің алғашқы кезеңінде, яғни б. з. б 2-1 мыңжылдықта қоғамда қандай кәсіптер өмірге енді?
ІІ қатарға:
- Мал шаруашылығының түрлеріне кесте толтырыңдар(түрлері, таралған аймағы)
- Көшпелі мал шаруашылығы дүние жүзі өркениетінің дамуында шаруашылықтың басқа салаларынан кем түспеген, дәлелдеңіз?
ІІІ қатарға:
- Есік обасынан табылған күміс тостағанда жазылған сөздердің мәтіні қандай және ол нені білдіреді?
- Ежелгі тайпалардағы басқару жүйелерін салыстырыңдар?
ІҮ қатарға:
- Сақтардың әскери өнері барынша дамыған тайпа болғандығын дәлелдейтін деректерді атап беріңдер?
- Ғұндар әскерінің құрамы қалай бөлінген?
- Әскерді қалай басқарған?
- Батыс Түрік қағанатын құрайтын тайпаларды атаңыз?
Негізгі мәлімет
Б. з. б. 3 мыңжылдық, энеолит кезеңі - малды қолға үйрету қалыптасқан
Б. з. б. 2-1 мыңжылдық - отырықшы мал өсіру мен жер өңдеу кәсібі пайда болған
Көшпелі өркениет артықшылықтары:
- Есік обасындағы алтын киімді адам бұйымдары материалдық мәдениеттің;
- Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар - рухани мәдениеттің;
- Күміс тостағандағы жазу - мемлекеттіліктің;
- Бесшатыр, Түгіскен, Ұйғарақ күмбездері - сәулет өнерінің дамығандығын дәлелдейді.
Күміс тостаған түбінде: «Халықта азық-түлік мол болғай!»деген тілек мемлекеттің болғандығын көрсетеді.
Сақтардың әскери өнері туралы деректер:
Геродот: «Скифтерді ешбір жау әскерлері қуып жете алмаған»
«Сақтардың барлығы бірдей әскер қатарында қызмет еткен»
Ежелгі дәуір деректері: «Сақтардың жорыққа шығар алдында өздері құрбандыққа шалған мал
терісінің үстіне отыруы салт»
Ғұн әскерлерінің құрамы: ондық, жүздік, мыңдық, онмыңдық(түмен)
Батыс Түрік қағанаты тайпалары: 5 дулу, 5 нушеби(«он оқ будун»)
Ойтолғаныс
«Көшпелілер өркениетінің қазақ елінің дамуында қандай әсері болды?»
Жағымды Жағымсыз
Қорытындылау
Көшпелі өркениет - көшпелі қоғам экономикасының қайнар көзі мал өсірудің және
одан алынатын өнімнің өсуі
Бағалау
Үйге тапсырма беру : § 13 оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қазан төңкерісі қарсаңындағы саяси партиялар»
Күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазан төңкерісі қарсаңындағы және кезіндегі, яғни ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың бағдарламасы, атқарған қызметі мен қоғамдағы ролі жайлы толық түсінік беру;
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың көрнекілігі:
Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару, тілек тілеу
Қызығушылықты ояту
«ХХ ғасырдың 20-80жж болған наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар» тақырыбына тест жұмысы:
- 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:
А) «Гүлдер», «Досмұқасан», «Айгүл»
В) «Айгүл», «Серпер»
С) «Гүлдер», «Жетіген», «Аққу»
Д) «Жетіген», «Досмұқасан»
Е) «Гүлдер», «Серпер», «Аққу»
Мағынаны тану
Жоспар:
- Ресейде түрлі партиялардың пайда болуы
- Қазақстанда бұқаралық ұйымдардың пайда болуы
- Қазақстандағы жастар қозғалысы, жастар ұйымы, оның қызметі
- «Алаш» партиясы, стратегиясы, тактикасы
- «Алашорда» автономиясының құрылуы
- «Үш жүз» партиясы, бағдарламасы
- «Қазақ» газеті
Еске түсіру сәті
Негізгі мәлімет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz