Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Абай Құнанбаев жайлы ақпарат


Жетісай медициналық колледжі

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев
туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына
тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы
Абай туралы білімдерін тереңдету
ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта
отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін,
қызығушылығын арттыру
б) тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге,
отбасын қадірлеуге тәрбиелеу, әнге
сүйіспеншілікті ояту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, философия, шетел әдебиеті
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар,
Абай-дың «Қара сөздері», М. Әуезовтың «Абай
жолы» кітаптары
Сабақтың әдіс- тәсілі: 
Сұрақ- жауап,
баяндау,
түсіндіру,
өлең оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут).
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (25 минут).
а) Оқушылардан өткен сабақты сұрау
ә) Ы.Алтынсарин әңгімелерінен үзінді сұрау
б) Қосымша сұрақтар қою
ІІІ. Жаңа сабақ: (40 минут).
«Миға шабуыл» әдісі
Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев Абайға «Шын хакім сөзің асыл баға
жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп баға берген. Біздің
бүгінгі сабағымыз қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев атамыздың өмірі мен
шығармашылығы жайлы.

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай –
қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар
биігі» деп баға берген еді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей
өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.
Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың
ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс,
ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары
Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен
өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін
барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды
әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның
медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс
ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе
оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жарялап жүрген, 1886
жылдан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға
белсене кірісуі 40 жасынан. Өз айналасындағы рулықтан, ескіліктен,
надандықтан жирене бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайта соның жолын
іздейді.
«Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың
хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.
Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1 өз
жанынан шығарған төл өлеңдері, 2 шісі қара сөздері, 3-сі өзге тілдерден
әсіресе орысшадан аударған шығармалары. Абай шығармашылығынан орын алатын
тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды
қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында
уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп те қараған,
қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан
құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі.
Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай «атымды адам қойған сой қайтып
надан болайын, халқым надан болған соң қайда барым оңайын» деп күйінішін
білдіреді. Абай қазақтағы еріншіектік, дарақылық, өсекшілдік, мақтаншақтық
жағымпаздық сияқты жаман қылықтарды сынап «Біріңді қазақ, бірің дос.
Көрмесең істің бәрі бос» деген сөздермен түйіндеп отырады. Ақын шырқы
бұзылған халықтың бейнесін суреттеген «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
деген өлеңінде.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,  
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Қазақтың жоғын жоқтай отырып
қоғамның диагнозын білді.
Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Оның «Желсіз түнде жарық ай»
«Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерін оқығанда табиғаттың әр түрлі құбылысы
елестейді.
Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қана қойған
жоқ, өмір шындығымен нық байланыстыра білді. Абай қазақтың ұғымына сай
«кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» деген оброз сөздермен өрнектейді. Қысты
ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде Абайдан
басқаларда кездеспейді.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, 
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 
Данышпан Абай «Мынау жалған дүниеде бес күндік тірлік үшін айтысып -
тартыспа, бір-біріңнің қадіріңді біл, Алланы сүй, Алла жаратқан адамды сүй»
деп анық айтады. «Махаббатсыз дүние бос. Айуанға оны қосыңдар» бұл жолдар
Абай поэзиясының өзегі, жазба әдебиетіміздің тарихына көз салсақ,
сүйіспеншлік, махаббат мәселесінде биіке көтере жыр етекен бірінші ақын
Абай екеніндігін көреміз. Абайдың махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінің
ішінде оның эстеиткалық идеялын айқындайтын өлеңдерінде жиі кездеседі.
«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы
заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.» А.Байтұрсынов.
Абай өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар
негізінде «» поэмаларын жазды, хакім Абайдың аса көңіл бөлген мәселелерінің
бірі музыка, ең алдымен ақын әнге музыка өз көзқарасын білдіріп:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.» деген ақын «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным»,
«Татьянаның әні», «Айтым сәлем Қаламқас» сияқты әндер шығарып музыка
өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан
қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан өледі, одан
кейін 1895 жылы үлкен үміт күткен баласы Абдрахман мен 1904 жылы дарынды
ақын баласы Мағауия да қайтыс болады. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен
күрт сынған Абай Мағауяның қазасынан кейін 40 күнінен соң өзіде дүние
салды. «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған»
деген хакім Абайдың өз сөзіне жүгінсек Абай мәңгі тірі, оның мұрасы
қашанда халықпен бірге жасамақ», «Абай қазақтың бары, рухани нәрі».

Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

|1855-1857ж |Ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп |
| |келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды. |
|1857-1859ж  |Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. |
| |3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша |
| |оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының|
| |кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай |
| |әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты. |
|1870ж |Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады |
|1880ж |Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады. |
|1880ж |Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. |
| |Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы |
| |демократтарымен танысады. |
|1889ж |25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген |
| |өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың |
| |атымен жарияланды. |
|1890-1898ж |Қара сөздерін жазды. |
| 1891ж  |Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне |
| |мұң араласа бастайды. |
|1895ж |Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады |
|1904ж 14 мамыр |баласы Мағауия қайтыс болды. |
|1904ж 23 маусымда|40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді. Жидебайдағы өз |
| |қыстауының жанына жерленеді |
|1909ж. |Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай |
| |Ысқақұлы басып шығарды. Абайдың баласы Тұрағұл да |
| |атсалысты. |
|1922ж |Абай өлеңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді |
|1933ж |Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды. |
|1940ж |Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде|
| |Абайдың мемориалдық- музейі ашылды |
| 1945ж |Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера |
| |және балет театры Абай атымен аталды. |
|1949ж |М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды. |
|1959ж |Лениндік сыйлық алды |
|1960ж |Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды. |
|1995ж . |А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде |
| |аталып өтті. |

 

«Абай туралы даналық ой пікірлер»

 

 

Өлеңдері: 
«Шәріпке»,
«Абралыға»,
«Жақсылыққа»,
«Жаз»,
«Көкбайға»,
«Көжекбайға»,
«Өлең сөздің – патшасы,сөз сарасы»,
«Күз»,
«Қыс»,
«Күлембайға»,
«Сегіз аяқ»,
«Жазғытұрым»,
«Оспанға»,
«Баймағамбетке»,
«Әсемпаз болма әрнеге»,
«Ескілік киімі»,
«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». т.б
«Тапқыр болсаң, шешіп көр» Абайдың жұмбақтары:
Алла мықты жаратқан сегіз батыр
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім шығары белгісіз түбінде ақыр.
Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық)
 Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әртүрлі кен,
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: (темір)
 Сыналар, ей, жігіттер келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерін,
Жан құмары дүниеде немене екен?
Соны білсең, әрнені білгендерің.
Шешуі: (білмекке құмарлық)
 Абай сынаған 7 мақал (29 сөзінде)
«Жарлы болсаң, арлы болма»
«Қалауын тапса, қар жанады»
«Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ»
«Атың шықпаса, жер өрте»
«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол»
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
«Ата-анадан мал тәтті»
IV. Жаңа сабақты бекіту: (10 минут).
Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған асыл мұралары, өлеңдерінің негізгі
тақырыбы.
Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың
ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге
баулитынын айтады. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге
шақырады.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп
тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.
V. Сабақты қорытындылау: (5 мин)
Жаңа сабақты талдау, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар. Абай шығармашылығына  байланысты.
1. Абайдың шын аты кім?
(Ибраһим).
2.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.
( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
3. Абайдың аяқталмаған поэмасы.
(«Әзім әңгімесі».)
4. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?
(Жиырма жеті шығарма аударған).
5. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
( Зере, Ұлжан.)
6. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
(1895).
7. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
(Ахмет  Байтұрсынов).
8. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
9. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?
( 1909 жылы Петербургта).
10. « Абай жолы» романын кім жазды?
( Мұхтар Әуезов).
11. Абай кімге ғашық болды?
(Тоқжанға)
12. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?
(Абайдың ағасының баласы.)
13. Абайдың туған жылы?
1845 жыл
14. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының аты?
Михаэлс
15. Абайдың неше қара сөзі бар?
45
VI. Бағалау: (5 минут).Үй тапсырмасын орындаған студенттерді бағлау
VII. Үйге тапсырма беру. (3 минут). А.Құнабаевтың өмірбаяны мен
шығармашылығы.

                                                                       

                              
                                               

[pic]

-----------------------

Абай кім?

Философ
ақын
дана ұстаз

Композитор
Классик
Жазушы
Қазақтың бас ақыны

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды
армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді
қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт
болып ұямыздың негізгі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас
темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда
қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне
маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның
бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов


Ұқсас жұмыстар
Қараңғы түнде тау қалғып
А. Құнанбаевтың Қараңғы түнде тау қалғып өлеңі
Оқушылар сабаққа
Абай Құнанбаев . Сын есім туралы қайталап өту
Мұра деген сөздің баламасын ата
Абай өлеңдері
Өлеңді мәнерлеп оқу
Абайдың табиғат лирикасы туралы
А. құнанбаев «қансонарда бүркітші шығады аңға»
Ж. қашқынов. ұнатам күзді мен
Пәндер