Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сенің есіміңмен

Сабақтың тақырыбы: <<Сенің есіміңмен>>
Білімділік мақсаты: Оқушының тұлға ретінде дамуына, күштері мен мүмкіндіктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының шығармашылық мүмкіндігін тудыратын, логикалық ойлау, ауызша тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыны өзін жеңімпаз сезіну үшін өз бетімен әртүрлі тапсырмаларды іздену еңбекке көзқарасын тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Танымдылық қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Іскерлік ойын сабағы <<Ғажайып алаң>>
* Ұйымдастыру
* Ойын ережесімен таныстыру
1-ші үштік тапсырмасы:
Француз физигі, Жоғарғы мектепті бітірген соң, сол мектепте содан кейін Париж университетінде жұмыс істейді. 1910жылы профессор атағын алды. 1940жылы неміс басқыншылары басып алғаннан соң АҚШ-қа кетіп қалады. Оған физикаға байланысты броундық қозғалысты зерттеуге жұмыс берілді. Ол бөлме температурасындағы қысымның 6 км биіктіктегі қысымнан 2 есе аз болатынын есептеді.
Тапсырма: 1926 жылы Нобель сыйлығына ие болған белгілі ғалым. (Жан Батист Перрен)
2.Атақты физиктің әкесі неміс. Парижде кішкентай тоқыма шеберхана ұстаған. 1871 жылы Франко-Прустік соғыс кезінде отбасымен Англияға көшіп кетті.Эмигрант өмірі өте ауыр болды, жұмыс табылмады. Содан 13 жасар бала жұмыс іздеп корабльмен Германияға келді. Мектеп бітіріп, политехникалық институтына оқуға түседі.Инженер мамандығын алған соң, бос уақытының бәрін, үлкен үнемді двигатель жасаумен шұғылданады. Ұзақ және қиын еңбегінің жемісін 1892 жылы іштен жану двигателіне патент алумен аяқталады.
Тапсырма: Осы инженер жасаған двигатель әлі күнге дейін қолдану үстінде. Осы инженердің фамилиясын ата.(Отто Дизель)
3.Итальян физигі.Теориялық және экспериментальды физиканың өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Теміржол қызметкерінің отбасында дүниеге келген. 25 жасында Рим университетінде теориялық физикадан профессор атағын алған. 1938 жылы Америкаға эмиграцияланған. Отбасы итальяндық фашистер соңына түскен.
Тапсырма:Практика жүзінде ядролық реакцияны алғашқы болып жасаған Итальян физигінің фамилиясын ата. (Энрико Ферми)
Көрермендермен ойын.
Неміс физигі, физиканың негізін қалаушы, салыстырмалық теориясын ашқан. Жарықтың толқылуын және корпускулалқ қасиетін ашқан.Фотоэффект, броундық қозғалыс теориясын ашқан.
Тапсырма: 1921 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, атақты ғалымның фамилиясы. (Альберт Эйнштейн)
Финал: Физик және химик.Францияда жұмыс істеген, көп елдердің академия мүшесі. Петербор академиясының корреспондент мүшесі, СССР ғылым академиясының құрметті мүшесі. 1903 және 1911 жылы Нобель сыйлығының иегері. 1898 жылы жолдасымен радиоактивті элементтер: пололий мен радиді ашты.
Тапсырма: Ұлы ғалым,оқымысты әйелдің фамилиясын ата.(Марил Кюри)
Супер ойын.
Орыс физигі, электротехнигі, Петербор ғылым академиясының мүшесі.Германияда дүниеге келген. Гете университетін бітірген. 1837 жылы Петерборда орыс азаматтығын алған. Дүние жүзінде алғашқы электродвигательді құрастырған.
Тапсырма: Ғалым, оқымысты инженердің аты жөні. (Борис Семенович Якоби)



КММ Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия

( Интеллектуалды танымдық ойын )

Дайындаған: Физика пәні мұғалімі
Ж. Ә. Асылбекова




Ақсу-Аюлы мекені 2013ж.


Ұқсас жұмыстар
Түзету жұмысының барысы
Қазақстанның астанасы қай қала
Менің электронды поштам
Сабақтың құндылығы
Дәрігер - жауапты мамандық
Тіл - ұлттың жаны
Әке, ана үш-ақ әріп тіршілік. үш әріптен үлбірейді гүл шығып
"Дос және достық"
Біз және экология
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Пәндер