Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп..

Сабақтың тақырыбы:

Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп . . .

Шалқар қаласы №3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нөкешова Дамиға Өтеуліқызы

Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп . . .

Білімдік мақсат. 1. Толеранттылық ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

2. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру

3. Мен Шәкәрім идеяларының үндестігін ой елегінен өткізе отырып, көркем шығармалар мазмұнын меңгерту.

Тәрбиелік мақсат: 1. Оқушыларға полимәдени білім мен полимәдени тәрбие беру арқылы мәдениеттанымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ету.

2 . Рухани келісім, өз халқының тағлымынамен әлемнің мәдени көптүрлілігін игеруге, толеранттылық идеяларына бейім болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат: 1. Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.

2. Оқушының шығармашылық қиялы мен ой - өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.

Әдіс - тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік, СТО стратегиялары.

Техникалық құралдар: Теледидар, бейнетаспа, магнитафон, үнтаспа

Әдеби материадар: Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы

Көрнекі құралдар: Сызбанұсқалар, «Нағыз адам» моделін суреттеген тірек-сызба, кеспе қағаздар, Абай мен Шәкәрім портреттері

Оқыту формасы: Жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық, ұжымдық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг.

Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады:

Қызыл - көтеріңкі көңіл-күй;

Көк - тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;

Жасыл - өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады;

Сары - көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;

Қоңыр - психологиялық қолайсыздықты білдіреді.

ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау

Теледидардан атыс - шабыс, зомбылықтар секілді көріністер көрсетіледі. (2 мин )

  • Балалар, мына көріністер сендерге ұнаса - жасыл түсті карточканы ал ұнамаса - қызыл түсті («тоқтат » деген мағынада ) көтерулерің қажет,
  • Сендерге экрандағы көріністер қалай әсер етеді ? (жағымсыз ) осы қатігездік, соғыс, зорлық - зомбылықтың туындауы себебі неде деп ойлайсындар ? (оқушылар пікірі тыңдалады )

1 оқушы

Автор пікірі
Оқушы пікірі
Автор пікірі: Адам болам десеңіз :
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Бес нәрсеге асық бол:
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, - ойлап қой ! (Абай )
Оқушы пікірі:

2 оқушы

Автор пікірі
Оқушы пікірі
Автор пікірі: Сен бала көр аққа жақ,
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Болам десең адам.
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Алланың пендесіне рақым мол.
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол.
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Бір құдайың сабырлы, сен де шыда.
Оқушы пікірі:
Автор пікірі: Бардан барды шығарсаң болады сол.
Оқушы пікірі:

3. Үштікке бірігу.

«Әнгімені бірлесе жазу »

Бірнеше тақырыптар жазылған карточкалар болады, әр топ өзіне тақырып алады.

  1. топтпстыру арқылы тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын жазады;
  2. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін әңгіме жазуға кіріседі:
  1. оқушы - мәтінің кіріспе бөлімін ; 2- оқушы - негізгі бөлім; 3- оқушы - қорытынды бөлімін орындайды.

Тақырыптар: «Жер - ортақ үйіміз », «Дос жүрегіне қалай жол табуға болады ? », «Нағыз адам деп кімді айтамыз ? », «Менің идеяларым », «Қайырымдылық қажет пе ? », «Бейбітшілікті сақтауға менің қосар үлесім », «Егер барлық адамдар . . . »

5. Төрттік - оқыту формасы.

«Қарама - қайшылықтар ». Топ ішінде ақылдасып, кестені толтыру.

«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - Бейбітшілік
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - соғыс;
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - рухани келісім
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - араздық ;
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - ұлттар достығы
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - жанжал;
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - татулық
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - зорлық - зомбылық;
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - толеранттылық
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: Террорлық акт
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - мәдениет жетістіктерін бір - бірінен үйренуі ;
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: Жаулап алу
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - мәдениеттер диологы
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: Басқыншылық
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - жарастықты қарым - қатынас
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: Ушыққан шиеленіс
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - гуманизм
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - қатыгездік
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.: - ізгілікті қоғам
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - нәсілшілдік
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.:
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - фашизм
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.:
Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары: - аз ұлтты, кіші ұлтты кемсіну.
  • Адамдардың бір - біріне мейірімінің жоқтығынан.
  • Нәсілге бөлінбеуден.
  • Бір ұлттық екінші ұлтқа үстем көз қараспен қарауы.
  • Пікірлеріңе мен қосыламын. Ал әлемде бейбітшілік пен рухани келісімді сақтап тұру үшін, өзге адамның қадір - қасиетке қол сүқпау үшін не істеу қажет ? (оқушылардан пікірлері сұралады ) .

Бүгінгі сабақта біз осы сұрақтар төңірегінде ой қозғаймын.

Мұғалім тақтаға мынадай сызба іледі.

Сабақ құрылымы: Жеке - дара :

Жұптық:

Үштік:

Төрттік:

Алтылық:

Ұжымдық:

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жеке - дара жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.
  • Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?

Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің.

* Қамқорлық
* Қараниеттілік
* Мәдениеттілік
* Қамқорлық: * Адамшылық
* Қараниеттілік: * Адамгершілік
* Мәдениеттілік: * Рақымшылдық
* Қамқорлық: * Залымдық
* Қараниеттілік: * Бауырмалдық
* Мәдениеттілік: * Сабырлылық
* Қамқорлық: * Еңбекқорлық
* Қараниеттілік: * Күншілдік
* Мәдениеттілік: * Еркіншектік
* Қамқорлық: * Рақым
* Қараниеттілік: * Талап
* Мәдениеттілік: * Тасжүректік
* Қамқорлық: * Мейірімділік
* Қараниеттілік: * Батылдық
* Мәдениеттілік: * Талғампаздық
* Қамқорлық: * Имандылық
* Қараниеттілік: * Қанағатшылдық
* Мәдениеттілік: * Ізденімпаздық
* Қамқорлық: * Ізгілік
* Қараниеттілік: * Қатыгездік
* Мәдениеттілік:

Міндеті: Өзін -өзі бағалау, рефлексияға бейімділігін дамыту.

  1. Тақтаға екі плакат ілінеді. Бірінде Абай суреті, ал екіншісіде Шәкәрім суреті. Оқушылардың жұп болып бірігеді де, Абай өлеңіне, ал екіншісі Шәкәрім идеясына талдау жасайды. Талдап, пікір жазап болған соң, жұптаса отырып бір - бірімен пікірлеседі, бір - біріне кестесіп сұрақ қояды.

6. «Алтылыққа бірігу ».

Музыка қосылады. Психологиялық тренинг. Қызыл түсті карточка алғандар - 1 топқа, жасыл түсті карточка алғандар -2 топқа, ал сары түсті таңдағандар -3 топқа бірігеді. Әр топқа тапсырмалар ұсынылады:

І - топ Бүгінгі сабақта ай тылған ой - тұжырымдарды қорыта келіп, эмблема ойлап тап.

ІІ -топ. «Тілі басқа, тілегі бір,

Түрі басқа, жүрегі бір » - деген идеаны ашатындай, жест, ым - ишара ойлап тап. Мысалы, сен нәсілі, ұлты басқа балалармен кездескенде, өзіңнің достық ниетіңде қалай білдірер едің?

ІІІ - топ. «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін ойлап шығар.

Үлгі:

Білімді

Жанашы

Нәзік

ақылды

Мейрімді

Көңілді Зиялы

иманды Тұрақты

ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Мұғалім тақтаға өзі дайындағап әкелген «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін іледі де, 3- топтық дайындалған моделімен салыстырылады. Соңында мұғалім тұлға бейнесінің жоғарғы жағына күн сәулесін тапсырады да, оның мағынасын түсіндіріп өтеді:

Балалар, жалпы адамзатты сүю арқылы біз бейбітшілікті соқты тұруға болатының білеміз. Әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға тиіспіз. Ұлы Абай өзі өткен, ғасырда кейінгі ұрпаққа осыны аманат етіп қалдырған ғой. Алайда, әрбір адамның ең басты парызы - алдымен өз ұлтының этномәдени құбылыстарын игеру, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін бойына күн сәулесін дей сіңіріп, ұлттық тағылымынан қуат алу. Жалпы азаматты сүю - ең алдымен өзінді, туған еліңді, Отаныңды сүюден басталады. Міне, осыны әркез есте ұстайық!

2. Ұжымдық жұмыс. Мұғалім екі сұрақ қояды, егер «иә » деп жауап берсе, орнынан түру; ал «жоқ » - десе, өз орнында отыра беру.

- «Толераинттылық » идеясының жер бетінде достық пен бейбітшілікті сақтауға ешқандай қатысы жоқ.

- Қазақстанда мекендейтін 100- ден астам ұлттар арасында жарасымды татулық пен рухани келісім орнаған.

Балалар орындарынан тұрады.

  • Сабақ аяқталады. Сау болындар!

Сабақтың тақырыбы: Мейірімнен нәр алып . . .

Білімділік: 1. Адам бойындағы мейрімділік қасиеттің ішкі мән - мағынасын саналы ұғынып, мейірімділік ұғымына синонимдер іздестіру.

  1. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру.

Тәрбиелік: 1. Адамгершілік қасиеттерге баули отырып Құндылық бағдар тәрбие беру; адамзатққа, табиғатқа, Отанға сүйіспеншілік сезімін арттыру.

2. Топпен, Ұжыммен жұмыс машықтандыра отырып, өз жолдасының жауабын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық : Шығармашыл қиялын, ой -өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: Ізденушілік, сұрақ -жауап, зерттеушілік.

Сабақтың көрнекілігі: Магнитафон, үнтаспас, мәтіндер, кодоскоп, Абай суреті.

Сабақтың типі: Білімді тереңдету сабағы .

Оқыту формасы: Жеке - дара, топтық, ұжымдық .

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.

Музыка қосылады. Шарды бір -біріне беру.

Балалар, айналамызға қарайықшы. Күн сәулесін бойымызға сіңіре отырып, сол жылуды көршімізге берейікші. Жақсы сөз жанды жадыратады. Бойынды қуаныш сезімі билейді. Ендеше, өзгелерге де, жақсылық сыйлап көрейік. Өз көршіңе оның қандай жақсы қасиеттерінді бағалайтынынды айтуың керек. өз көршіңе оның қандай жақсы қасиеттеріңді бағалайтыныңды айтуың керек.

  • Сендер бір - біріңе мейрім сыйладыңдар. Енді өзіңіздің сезіміңізге көңіл аударыңыз. Жақсы сөз адамға әсері бар ма ?

Ұқсас жұмыстар
"жүрегім толы мейірім" атты "қамқорлық" қайырымдылық акциясы
Христиан діні христиан дінінің пайда болуы
Мектептен тыс жерде
Махаббат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Іңкәр көңіл, нәзік сезім
Ислам әлеміне саяхат
Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу
Жалғыз хат
Әйелдің ақылы сөзінде
Ислам тағылымы
Имандылық- ізгілік негізі (ашық тәрбие сағаты 10 А с.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz