Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Қашаған Құржыманұлы атындағы
№8 орта мектебінің
Мәдени шара жөніндегі орынбасары
Мурунбаева Орынгуль Амантаевна
«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»
(соңғы қоңырау кешінің сценарий)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар!
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Қолдарына аттестат алғалы тұр.
Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.
(Ән әуені ойнай бастайды)
Жүргізуші: Ондай білім беретін білім ордасы - мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат - әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
Сонымен бірге негізгі орта мектепті бітіргелі тұрған 9-сыныптың түлектері де ортамызда. Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектептің
9 а сынып оқушылары және сынып жетекшісі Дүйжанов Қыдыр
9 ә сынып оқушылары және сынып жетекшісі Тұяқбаева Майра
9 б сынып оқушылары және сынып жетекшісі Бақытова Ақкүрең
9 в сынып оқушылары және сынып жетекшісі Демеуова Гүлшат
9 г сынып оқушылары және сынып жетекшісі Суетова Сара
9 ғ сынып оқушылары және сынып жетекшісі Егізалиева Үмітті
Ортамызға Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектебінің түлектерін шақырамыз.
11 А сыныбы - сынып жетекшісі Мурунбаева Орынгүл
11 Ә сыныбы - сынып жетекшісі Сейлханова Қаншайым
Бүгінгі салтанатты мереке 3 бөлімнен тұрады:
І бөлім. Мерекелік жиын;
ІІ бөлім. Түлектердің ұстаздарға құрмет көрсету;
ІІІ бөлім. Оқушылармен естелік суреттерге түсу;
Жүргізуші:
Құрметті мектептің түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.
Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.
Жүргізуші: 10 жыл бойы нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз,
20 күндей боп 20 жыл өтті кесдестік,
Мектебіне арналады бұл лебіз, -дей келе, мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектерді ортаға шақырамыз. Ортада осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1994 жылы мектептен түлеп ұшқан шәкірттер тұр. Қошеметтеп, қол соғайық.
Жүргізуші: Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек.
Жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ел қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілісін!
Мектебім - сәулетті мекенім,
Өзіңде түлеймін жетемін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып өсемін, - демекші мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға атсалысып, қалалық Абай, Мұқағали, Ілияс оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің мақтанышы 11 ә сынып оқушысы Агиманов Берік және мектептің спорт саласында өзінің елеулі қолтаңбасын қалдырған спортшы қызымыз 11 а сынып оқушысы Ембергенова Майяға ту көтеру құрметін ұсынамыз.
(ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол - болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп директоры Батырова Қалдыбике Мадиярқызына береміз.
Алдарыңызда 9 сынып түлектері «Жас Дәурен» тобын «Қазақтай ел қайда?» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биіктейді мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,
Сөз кезегін береміз меймандарға, -деп ақындар жырлағандай құттықтай сөз кезегін қонақтарға береміз.
Жүргізуші: Лебіздеріңізге рахмет!
Құрметті қонақтар! Келесі әсем би өздерңізге арналады. Алдарыңызда қалалық «Жауқазын» өнер байқауында ІІ орынға ие болған МАД тобының «Керім-ай» би тобы. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Алдарыңызда сапалы білім, саналы тәртібімен жыл бойы көзге түскен, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, мектеп өміріне елеулі үлес қосқан оқушыларымызды қошеметтеп қарсы алайық.
Сәт сапар тілеп бүгін түлектерге,
Мейірімге толы болып жүректері,
Құттықтау лебізімен келіп тұрған,
№8 орта мектептің үздіктері.
Алдарыңызда өнер көрсеткен №8 орта мектептің үздік оқушылары. Ендеше келесі кезекті мектеп басшысының марапаттауына береміз.
Жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра, демекші, мектебіміздің дарынды оқушылары 11 ә сыныбының түлектері Қонысбек пен Қуанышты «Көреғлы» күйімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
Жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі құттықтау сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндермізге береміз.
Жүргізуші: Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата-аналардың алдында қарызымыз да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны да бөлек, жөні де бөлек екені рас. Біздер сол асқар тауымыз - әкелердің, мейірімді аналардың жан толқытар сөздерін естігіміз келіп отыр.
Ата- ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп аялаған алақанын
Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен әрқашан бала қамын.
Ортаға мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарының атынан
Және 9-сыныптың ата-аналарының атынан ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Көп рахмет!
Құрметті ата-аналар! Камила мен Майяның орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Еңбегің жанып күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Бірге өткізген күндерін қысы-жазы,
Жазып шықты қаншама іс-қағазын.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына -дей келе құттықтай сөз кезегін 11 ә сыныбының жетекшісі, І санатты орыс тілі пәні мұғалімі, пәндік олимпиадада, қала, облыс көлемінде жоғары жетістіктерге жетіп жүрген Сейілханова Қаншайым апайды және 9 ғ сыныбының жетекшісі І санатты математика пәні мұғалімі Егізалиева Үмітті апаймызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: О, мектебім, қашанда сен естесің,
Сен жайлы әркез төгелік жырдың кестесін.
Сені ұмытсам білімімнің ұясы,
Мені адамдар еш уақытта кешпесін.
О, менің ұстаздарым, үміт жібін үзбеген,
Білім шыңнан жарық сәуле іздеген.
Бүлдіршінді жетелер кеп партаға,
Ұшыратын қимас нұрлы жүзбенен.
Алдарыңызда 1 сынып оқушыларының алғашқы «Мектеп вальсі»
Алдарыңызда 11 сынып оқушыларының соңғы «Мектеп вальсі»
Жүргізуші: Алтын орда асыл ұя мектебім,
Мәңгіліке жайнар жасыл көктемім.
Жетеледің қанат беріп арманға,
Жеңе біл деп асау өмір өткелін! - дей отырып, 11 сынып оқушыларының пән мұғалімдеріне дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Соңғы қоңырау салтанатты мерекесінде 1 сыныптардың түлектерге және түлектердің атынан ұстаздарға өлең жолдарын арнаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақбердиева Гүлсара Сайынқызына алғысымызды білдіреміз.
Келесі кезекте алтын ұя мектебімен ұстаздарына алғыс ретінде өз әндерін арнағалы тұрған Айнагүл мен Дананы қошаметпен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген,
Үлгілі әркез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз:
Айырылар кезде қимаймыз, - дей отырып, келесі құттықтау сөз кезегін 9 сынып түлегі Орынбасарова Гүлбануға және 11 сынып түлектері Шұғаева Анармен Есмұрзаева Гүлбануға береміз.
Жүргізуші: Жас түлектер ел үмітін ақтаған,
Гүлге орансын әр қадамың аттаған.
Мектеп туын ізбасарға тапсырып
Жаңа өмірге аттағайсың бақ қадам.
Аманат тапсыру үшін мектеп бітіруші 11 А сынып оқушысы Ембергенова Майя мен 11 Ә сынып оқушысы Агиманов Берікке сөз кезегін береміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz