Мониторлар және олардың түрлерімен жұмыс

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің
арнаулы пән оқытушысы:
Бидашова Ардақ Оразханқызы
Панорамалық сабақтың тақырыбы: Мониторлар және олардың түрлерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Мониторлар және олардың түрлері» тақырыбы бойынша арнаулы пән және оқыту өндірістік шеберлеріне сабақ берудің әдіс-тәсілдерін көрсету, іс-тәжірибе алмасу, тарату.
Тәрбиелік: Жас мамандарға студенттермен жұмыс жасауға теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға және жұмыс тапсырмаларын беру кезінде уақытты тиімді пайдалана білуді, алдына қойған мақсаттарына жетуді, студенттерді «ақпараттық қоғамға» даярлауды, әр студентін құзіретті жоғары маман дайындауға үйрету.
Дамытушылық : Арнаулы пән оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін жас маман бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуге, жаңашылдық пен ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге, таңдап көңіл бөлуді олардың диагностикалау қасиеттерін дамыту.
Әдістері: «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны «Қарлы кесек», меңгерту, дамыту , сұрақ-жауап, тесттер
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, плакаттар, тесттер, үлестіріліп берілетін сұрақтар, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі, Мен :
1) Оқушылардың сабаққа қатысуын.
2) Сабаққа дайындығына назар аударамын және мақсатын хабарлаймын.
ІІ. Студенттердің білім деңгейін және үй тапсырмасының орындалуын қарау мақсатында және «Бейне адаптері» тақырыбын қалай меңгергендіктерін байқау үшін «Ғаламшар» ойыны арқылы сөзжұмбақ ұйымдастырамын.
1. Біртіндеп кезекпен адаптер түрін және оған сәйкес нөмерді таңдаймыз:
MDA
1. MDA сөзінің толық айтылуы (Monochrome Display Adapter)
2. MDA қандай режимде жұмыс істейді? (текстік режимде)
3. MDA символдар рұқсаттылығы (80х25)
4. MDA-да текстің неше атрибуты бар? (5)
CGA
1. CGA-дың текстік режимде символдар рұқсаттылығы (40х25 және 80х25)
2. CGA сөзінің толық айтылуы (Color Graphics Adapter)
3. CGA-дың графиктік режимде символдар рұқсаттылығы (320х240 немесе 640х200)
4. CGA-да текстік режимде символдың неше атрибуты бар? (256)
EGA
1. EGA рұқсаттылығы (640х350)
2. EGA-де түстер саны (64)
3. EGA сөзінің толық айтылуы (Enhanced Graphics Adapter)
4. 1 дюймнеге тең? (2, 54 см)
VGA
1. VGA рұқсаттылығы (640х480)
2. VGA символдық режимде түстер саны (негізгі 16-мен шектелген)
3. VGA түстер саны (256)
4. VGA сөзінің толық айтылуы (Video Graphics Array)
SVGA
1. SVGA сөзінің толық айтылуы (Super VGA)
2. SVGA рұқсаттылығы (800х600, 1024х768, 1152х864, 1280х1024, 1600х1200)
3. SVGA түстер диапазоны (65536 (High Color) және 16, 7 млн (True Color) )
4. Бейнежады көлемін есептеу формуласы (Р=((m*n) *b) /8)
2. Енді экранға назар аударып, қандай бейнежады бейнеленгенін айтайық:
1) 32 Mb DDR ASUS AGP-V7100PRO/GeForce2
2) ASUS AGP-V8170 GeForce4 64 Mb DDR TV-Out
ІІІ. Студенттерді жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру, тақырыпты жоғарыда көрсетілгендей мақсатын ауызша баяндап, қаралатын сұрақтарды жаздырамын
Монитор туралы жалпы түсінік
ЭСТ мониторлар
СҚ мониторлар
Плазменді мониторлар
ІV. Жаңа сабақты баяндау, түсіндіру, конспектілеу, суреттерді салдыру кезінде М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясының «Қарлы кесек» ойынын қолданамын.
Адаптерлер түстер палитрасын анықтап, қайдан көрсетеді? (мониторда) ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.
Біз «Мәтін бөліктері» деген ойын ойнау арқылы жаңа сабақты игереміз. Бұл ойынның шарты бойынша сендер 4 топқа бөлініп отырсыңдар. 1 топ - Кіріспе, 2 топ - Негізгі ой, 3 топ - Қорытынды, 4 топ - Толықтыру. Әр топқа алдарыңда тұрған лекцияны оқу үшін белгілі уақыт беремін. Оқып болғаннан кейін лекция бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. Толықтыру тобы әр топтан кейін сөз алып отырады.
«Кіріспе» тобы:
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы. Экранның мөлшері оның диагоналының өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14″, 15″, 17″, 19″, 20″, 21″. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюймболатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймдік мониторларды пайдаланған тиімді. Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кезде ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0, 25-0, 27мм. Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ал компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі түсті болып, ал экранға шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық (тек символдық ақпарат) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік ақпарат) болып бөлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек.
Монитор (monіtor) - 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында - жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады.
Монитордың негізгі параметрлері
Қолданушының көзқарасы бойынша монитордың негізгі мінездемесіне оның диагональ бойынша өлшемі, шешуші қабілеттіліктер, регенерация жиілігі (жаңарту) және қорғау класы жатады.
Шешуші қабілеттілік. Графикалық режимде бейненің жұмысы монитор экранында нүктелерден (пикселдер) құралады. Горизонталды және вертикалды орналасқан нүктелер саны шешуші қабілеттілік деп аталады. “Шешуші қабілеттілік 800×600” сөзі монитордың әрқайсысынан 800 нүктесі бар 600 горизонталды қатарды шығара алады деген сөз. Шешуші қабілеттіліктің стандартты режиміне: 800×600; 1024×768; 1152×864 және одан жоғары болады. Монитордың бұл қызметі экран нүктесінің (дән) размерімен анықталады. Экранның дән размері қазіргі мониторда 0. 28 мм-ден аспайды.
Регенерацияның жиілілігі. Бұл параметр басқаша кадрлы развертканың жиілілігі деп аталады. Ол монитордың секундына экранды неше рет жаңартатынын көрсетеді. Регенерацияның жиілілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Жиілілігі көп болған сайын көз аз шаршайды және ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады. Бүгінгі күні ең азы болып 75 Гц жиілілігі болып саналады, орташасы - 85 Гц, комфорттысы - 100 Гц және одан көп. Бұл параметр бейнеадаптердің міндетіне байланысты.
Мониторды қоргау класы стандартпен анықталады және қауіпсіздік техникасын талап ету көзқарас бойынша монитор жауап береді. Қазіргі жалпы қолданатын ТСО-92, ТСО-95 және ТСО-99 халықаралық стандарты болып табылады және адамның денсаулығына зиянсыз болатын электромагнитті сәуле деңгейін эргометрикалық және экологиялық нормаларды шектейді.
Мониторлар мәтіндік және график режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде - Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде - экранда өте майда мозаик. бейнелер шығарылады. Монитордың график. режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGAтипті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді.
Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0, 2 - 0, 31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0, 24 мм болады. Нүктелер көлемі 0, 39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады.
Монитор размері. Экран диагоналының өлшемі дюйммен өлшенеді (1 дюйм=2, 54 см) Рұқсатты мүмкінділігі - бұл өлшем монитор экранында қанша минималды бейнелеу элементтері, яғни нүктелері орналасуы мүмкін екенін көрсетеді.
- 640х480 (14 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 800х600 (15 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1024х768 (17 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1152х864 (19 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1280х1024 (20 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1600х1200 (21 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюймболатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймдік мониторларды пайдаланған тиімді. Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кезде ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0, 25-0, 27мм.
Жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеужүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде - бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.
« Негізгі ой» тобы:
Ең көп тараған түрі - электронды-сәулелі түтікшелер (ЭСТ не ағылш. cathode ray tube, CRT) ) негізіндегі стандартты мониторлар. Мұндай монитор жұмыс принципі жағынан кәдімгітелевизорға ұқсайды: электронды пушкамен лақтырылатын сәулелер жиынын ерекше затпен - люминоформен қоршалған кеңескоп бетіне түседі. Осы сәулелер әсерімен экранның әрбір нүктесі үш түстің бірімен -қызыл, жасыл және көк түспен жарқырайды. Бұл бірнеше онжылдық болған ескі технология, сондықтан ЭСТ-мониторлар бүгінге қымбат емес құрылғылар. Ерекшелігі - жарықтылығының жақсылығы және бағасының төмендігі, сондай-ақ рұқсаттылығы. Кемшілігі - ЭСТ-мониторлар салмағы және габариті жағынан қазіргі компьютерлер миниатюрлі құрылғы дегенге сай келмейді. Оған қоса пайдаланушыларға сәулелену жағынан кері әсер етеді.
Электрлі-сәулелік трубка шыны колба ретіндегі электрлі-вакуумды құрылым, басжағында электронды трубкасы бар, ал түбінде люминофор қабығы бар экран. Жылыту кезінде электрондар ағымы электронды пушканы сәулелендіреді, ол жоғарғы жылдамдықпен экранға жылжиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz