Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әлеуметтік педагогтың даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Шапекенова Багдагуль Жаскайратовна
Әлеуметтік педагогтың даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл - өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Н.Ә.Назарбаев
Әлеуметтік педагог жұмысының басым бағыты-оқушылармен жұмыс. Әлеуметтік педагогтың балалармен жұмысы отбасыларын анықтаудан басталады.
Жұмыстың басты мақсаты-көмек көрсету үшін балада туындайтын проблемалардың себептерін сынып жетекшілері, психологтың көмегімен анықтау және проблемалық жағдайлардың алдын алу. Осы бағытта аз қамтамасыз етілген және көп балалы, қорғаншылық және қамқоршылықтағы және даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстар атқарылады.
Алдымен мәліметтер банкін құрып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына акт құру мақсатында үйлеріне бару, мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету, материалдық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оларды оқулықпен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектер күнін өткізу және шыршаларға қатыстыру және оларға демеушілік көмектер ұйымдастыру.Сонымен қатар әлеуметтік педагог қоғамда , ортада, үйде, мектепте жеке қатынасының орнығуына бейімдейді. Мектепте әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын жүзеге асырады. Жәрдемақы алуын,балалардың құқығын қорғау жұмыстарын атқарады. Балаларға сабақ беретін мұғалімдермен, ата-анамен, әлеуметтік қызметкерлермен тығыз байланыста болады. Қазіргі уақытта елімізде мүмкіншілігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын қалыптастыруға байланысты түрлі жұмыстар жүргізілуде.Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам өміріне өздерінің дәрежелерінің жеткенінше белсене араласуына ықпал ететін, өз қадір-қасиеттерін қамтамасыз ету жағдайы толымды өмірге дені сау балалармен бірдей құқығы барын, Қазақстан Республикасының балалардың құқұғы туралы Заңында айтылғаны белгілі. Осығын орай биыл мектебімізде түзете-дамыта оқыту сыныбы ашылды. Сыныпта 7 оқушы қамтылып отыр. Инклюзивті білім берудің мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді. Балалар білім ала отырып, өздерінің қандай да кемістіктерін түзетеді, білімін жетілдіреді. Сонымен қатар олардың денсаулығы түзелген жағдайда кәдімгі сыныптарға ауысуға болады. Олар жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын оқитын болса, үлгіре алмайды және соның салдарынан өздерін басқа балаларға қарағанда төмен санайды, ешкіммен араласпай ұяң болып қалады, яғни олар қоғамнан, өзінің сыныптастарынан бөлініп кетеді. Ал инклюзивті сыныпта бағдарламаны баланың қабілетіне лайықтап жүргізеді. Онда баланың коррекциялық дамуы мен білім алуы қатар жүреді
<<Инклюзивті>> деген термин ағылшын тілінен енген, араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік - экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады. Инклюзивті білім беру негізіне балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт балаларды жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады, балалардың тең құқығын анықтайды және барлық іс-әрекеттерге қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді және этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.
Әлеуметтік педагог пен ата-ана бірлесуі арқылы өмірге құштар, өз орнын таба білетін ұлттық сана-сезімі оянған тұлға даярлау және қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына көмек беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz