Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Adobe photoshop бағдарламасының интерфейсі
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы сурет салу тәсілдерін үйрете отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін әр түрлі суреттерді, геометриялық фигураларды салу арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара көмек беруге тез ойлауға, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдістері: Сұрау, түсіндіру, сұрақ - жауап, компьютермен жұмыс істеу.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
- Сабаққа жұмылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
* Растрлық кескіндер дегеніміз не?
* Векторлық графика дегеніміз не?
* Пиксель дегеніміз не?
* Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
* Компьютерлік графика дегеніміз не?
III.Жаңа сабақ
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді
CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black). CMYK - көгілдір, қарақошқыл, сары, кілт немесе қара түсті белгілейді. Бояудың бұл төрт түсі <<оффсетты баспа>> деген дəәстүрлі баспа әдісінде қолданылады. Алғашқы үш түске (көгілдір, қарақошқыл, сары) қараны қосатын болсақ, нəәтижесінде пайда болатын спектрде түстерді араластыра аламыз. CMYK түс араластыру жүйесі химиялық пигменттерге тəәуелді бола отырып, қажетті түсті шығарады.
ИНТЕРФЕЙСТІ ТҮСІНДІРУ
Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады:
тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып - күй қатары.
Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл-->Новый командасын орындап ашылған сұхбат терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл-->Сохранить командасын орындау керек.
Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.
Adobe Photoshop бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение --> Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін Меню жолынан Изображение-->Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.
ФОТОШОП МҮМКІНДІКТЕРІ
1) Content-aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді "Жамау" құралы. Қысқаша айтқанда, бұл құрал сізге суреттерді өзгертуге немесе жаңа сурет тудыруға мүмкіндік береді.
2) Puppet warp құралы - қолданушылардың көптен күтіп жүрген
жаңалығы, ол Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді. Бұл құрал қаңқа секілді пішін құрып, түйіндерді объектіге жалғап, объектілерді бұруға, өзгертуге мүмкіндік береді.
3) Mixer Brush Tool. Фотошоп жаққыштарының бірін таңдап, сары
жəәне қызыл түсті сызық сызып алыңыз. Жаққыштардың ішінен Mixer
Brush құралын таңдап, сызылған сызықтардың үстінен бірнеше рет
жүргізіп, екі түсті араластыруға кірісіңіз. Соңында үшінші сурет нәтижеге жетесіз.
IV. Сабақты бекіту
Adobe Photoshop дегеніміз не?
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін
жасалған, Adobe Systems Inc. тарапынан өңделген және таратылған.
Пиксель - растр суреттерде бір нүкте болып саналады.
Resolution - бір дюймдағы пиксельдердің (нүкте) саны (ppi/dpi)
Түс тəртіптемелері
Фотошоптың RGB түс тәртіптемесі - RGB моделін қолданып, əрбір
пиксельдің 0-ден (қара) 255-ке (ақ) дейінгі интенсивті мағынасын
суреттегі əәрбір RGB компонентіне иемдейді.
CMYK - көгілдір, қарақошқыл, сары немесе қара түсті белгілейді.
Бұл төрт түс <<оффсетты баспа>> деген дəстүрлі баспа əдісінде қолданылады.
Content Aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді
"Жамау" құралы.
Puppet Warp құралы - қолданушылардың көптен күткен жаңалығы,
Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді.
Mixer Brush Tool -бұл құрал цифрлық суретшілерге өте ыңғайлы жəәне олардың
жұмысын жеңілдетеді.
V. Қорытындылау, бағалау
VI. Үйге тапсырма
* Adobe Photoshop қандай графика?
* Adobe Photoshop бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз және сақтаймыз?
* Бейненің масштабын қалай өзгертеміз.
* Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал бар?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz