№5 орта мектептің 5-сыныпқа арналған ашық сабағы: Математикалық ойын есептері

№5 орта мектеп

Ашық сабақ:

Қызықты математика

Математикалық ойын есептері

Өткізген: Қуанова С. К.

2013-2014 оқу жылы

Сабақ тақырыбы : Математикалық ойын есептері

Сабақ мақсаты: Оқушыларға берілген білімдерін ойын арқылы бекіту және дағдыландыру

Дамытушылық: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және тез, дұрыс есептеуге, ұлттық үрдістерге тәрбиелеу

Тәрбиелік: Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілетін дамыту

Көрнекіліктер: Оқулық, асық, кеспе қағаздар

Сабақ түрі: Математикалық ойын сабақ

Сабақ әдісі: Сүрақ-жауап

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру барысы

А) Оқушыларды түгендеу

Ә) Психологиялық дайындық жасау

- Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады?Қазір қызықты математика сабағы. Қызықты математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік.

,, Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп’’

,, Есептеуді білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан’’, - деп хормен айтамыз, яғни сабаққа бар зейінімізді аударамыз.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғалымдар патшасы боп дараланып,

Математика-қызықты тоймайтұғын.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Математикалық ойын сабақ

Мына жолақтардағы тапсырмаларды орындасаң, цифрогромманы түсінеміз.

Шарты: Берілген өрнектердің мәнін тауып, әріптерін берілген ретімен қойып шықсақ, жасырын сөз табылады. Қане, жұмысқа кірісейік.

64*1:4 +4=М 4*9+34=К

400:40*2=М 200*1:20=А

90*1:3*3=Т 300:3:10=А

4*8-2=Т 80:2*1 =И

(20+60) *1=Е

20 10 30 80 20 10 30 40 70 10

М А Т Е М А Т И К А

Мұғалім: Цифрограммада қандай сөз жазылған екен?

Оқушылар: Математика

Мұғалім:, , Математика’’ сөзін оқығанда көз алдыларыңа не елестеп, қандай ой келеді?Мол сөздерді мына тармақтарға жаза қойыңдар.

Шығармашылық Ғылым Оқулық

тапсырмалар

Сандар, Математика Есеп

цифрлар

Көбейту Амал Геометриялық

кестесі таңбалар фигуралар

,, Математика’’ сөзіне ассоциациясы.

1. Қоржын той ойыны.

Балалар, Қожанасыр аталарың сабаққа қоржын әкеле жатыр екен. Біз сол қоржынды қарсы алайық

,, Асық ойыны’’. Қоржынның ішінен 4 асықты бір-бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.

  1. Аптаның 7 күнін ата. Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына.
  2. 7 атаны ата:Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
  3. 7 қазынаны ата: Ер жігіт, сұлу әйел, білім-ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
  4. 7-ге дейін санамақ айт:

1-дегенім-білім,

2-дегенім-елім,

3-дегенім-үкі,

4-дегенім-тақия,

5-дегенім-бесік,

6-дегенім-асық,

7-дегенім-жейде, көйлек дейді кейде

4-есеп, 5-есеп

4. Сергіту сәті

Миға шабуыл

Маратта бар бес іні,

Мұратта бар екі іні.

Қоссақ бес пен екіні,

Болады екен неше іні?

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Есептер шығару

5. Қорытындылау

Көбейту кестесін жақсы білу үшін жарысу.

6. Үйге тапсырма

7. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
5-Б сыныпта аралас сандарды қосуды бекіту: математикалық ойын сабағы
5-сынып ашық сабағы: Логикалық есептерді теңдеудің көмегімен шешу (математикалық ойын)
5-сыныпқа арналған Білімді мыңды жығар математикалық сайыс сабағы
Математикалық логика негіздері: жаратылыстану-математикалық бағыттағы орта мектептің элективті курсы
Ондық бөлшектерді бөлуге есептер шығару (5-сынып) - Математикалық футбол ойын сабағы
Тайынша қаласы №5 орта мектебі үшін 6-сыныпқа арналған Математикалық логика пәнінің оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт)
5-сыныпқа арналған Ғажайыптар әлемі ойын сабағы: Компьютерлік технологиялар
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің 5-сыныпқа арналған Композиция және перспектива оқу бағдарламасы
5-сыныпта ондық бөлшектерді көбейтуге арналған ашық сабақ - математикалық ралли және дидактикалық ойындар арқылы
Әй осы математика: 5-7 сыныптар арасындағы интеллектуалдық математикалық ойын-сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz