Абай Құнанбаевтың Ескендір поэмасы: тарихи Александр мен поэмалық бейнені салыстырмалы талдау

Сыныбы : 9

Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : «Ескендір» поэмасы туралы сипаттама жасау, жазылу тарихына тоқталу, тарих пен шығармадағы Ескендірді салыстыру, «Назира» дәстүріндегі «Александрия» тақырыбындағы ерекшеліктерді меңгерту.

Дамытушылық : Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну, дүниетанымдарын кеңейту, ізденушілікке баулу.

Тәрбиелік : Оқушыларды мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелей отырып, тәлімі мол туындыдан үлгі алып, салауатты өмірде пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру, зерттеушілік

Сабақтың түрі : ізденушілік сабақ

Сабақтың көрнекілігі : Абай Құнанбаев шығармалар жинағы, слайдтар, әлеуметтік желі материалдары

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың назарын сабаққа аудару
  2. Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.

І кезең : «Ескендір» поэмасына сипаттама жасау

ІІ кезең :Тарихтағы Александр Македонский мен Абай Құнанбаев суреттеген Ескендір

ІІІ кезең : «Александрия» тақырыбы назира дәстүрінде

«Ескендір» поэмасын жатқа оқу

Әр бөлімдегі Ескендірдің тұлғасын ашу:

  • Филипп патшаның баласы
  • Жер жүзін жаулап алуды мақсат еткен - жаһангер
  • Орамалға түйілген бас сүйек
  • Данышпан Аристотель

І кезең : «Ескендір» поэмасына сипаттама

Абай шығармасына арқау болған Ескендірдің оқиға желісі қайдан алынды ?

  • Шығыстың қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз- әңгімелерімен таныс болды.
  • Белгілі фольклортанушы Сейіт Қасқабасов шығыс халықтарында Ескендір жөнінде үш топқа негізделген хикаят кеңінен таралғандығы туралы айтады.

Енді солардың желісімен таныс болайық :

1. Ескендір патшаның мүйізі туралы

2. Жолдасы Қызыр мен Ілиясты ертіп, Зұлматқа өлмес суды іздейді.

3. Ескендір патша жорықта жүріп, бұлаққа тап болады.

ІІ кезең : Тарихтағы Александр Македонский мен Абай Құнанбаев суреттеген Ескендір

  1. Абай суреттеген Ескендір

2 . Тарихтағы Александр Македонский б. з. д. 356-323 өмір сүрген

ІІІ кезең : «Александрия» тақырыбы назира дәстүрінде

  • Рабғузи «Қисса-сүл -әнбиясы»
  • Науои «Ескендір қорғаны»
  • Низами «Ескендірнама»
  • Фирдоуси «Шахнама»
  • «Дала уалаяты» газетінің 1895 жылдың қаңтар айындағы 3-санында «Тәкаппар әскербасы турасынан» деген шағын әңгіме басылды.

(Әңгіменің арқауы, түзілімі, тіпті сөз саптасы Абай қаламынан туған әйгілі «Ескендір» поэмасына өте жақын. Екі нұсқадағы ұқсастықты кезінде Х. Бекхожин, Ү. Сүбханбердина т. б. зерттеушілер де байқаған. Абай шығармасына қай жағынан болса да бір жақындығы бар-ay, де­ген пікірлер бұрыннан мәлім. )

3 . Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктері :

  • Ескендір бейнесі жағымды болып бейнеленді.
  • Он сегіз мың ғаламды билеуші
  • Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр, әрі қолбасшы ретінде суреттелді.
  • Ақылшысы -Қызыр.
  • Қай қаладан екені, айтылмайды

Абайда

  • Ескендір бейнесі қатал, тойымсыз, қанішер қолбасшы болып суреттеледі.
  • Ақылшысы - Аристотель
  • Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.

Салыстыра отырып талдау жасасақ :

Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы. Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас. Сонда ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды екенін көрсетеді.

7. Қорытынды пікірлер :

  • Қ. Жұмалиев (1907-1968) дастанның мазмұнына тереңірек үніліп, «Абай «Ескендірді» жазғанда тек шығыс классикасын ғана емес, сонымен бірге Александр Македонский туралы тарихи шығармаларды да (Плутарх) пайдаланған», деген ой айтады.
  • М. С. Сильченконың мына пайымдауы назар аудартады: «Бәлкім, Абай өзінен бұрынғы ұлы ақындармен жарыса отырып, «нәзира» рухына беріліп қана қоймаған, Зұлқарнайын туралы мұсылман елдерінде таралған аңызға қарсы көркем туынды жасаған. Демек, ақынның өз шығармасын әңгіме (повествование) деп атауы тегін емес».

(Осы арада мына бір жайға тоқталған да жөн болар еді. Абай шығармаларының 1909 жылы шыққан алғашқы жинағында бұл поэма «Ескендір әңгімесі» деген тақырыппен басылғаны мәлім. Ал, кезінде «әңгімесі» деген тақырыпты Абайдың өзі қойған ба, әлде жинақты шығарушылар қойған ба - мәселе де көңілге түйіткіл ұялатады. )


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаны: тарихи-әдеби талдау және 10-сыныпта оқыту әдістемесі
Абай Құнанбаевтың Ескендір поэмасын талдау: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып Қазақ әдебиеті: Абай Құнанбаевтың Ескендір дастанын талдау сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Ескендір поэмасын идеялық-тақырыптық тұрғыдан талдау сабақ жоспары
10-сынып қазақ әдебиеті: А. Құнанбаевтың Ескендір поэмасын талдау жоспары
Қазақ әдебиеті: А. Құнанбаевтың Ескендір поэмасы (9-сынып) және М. Қабанбайдың Бауыр әңгімесі (7-сынып) бойынша ашық сабақ жоспарлары
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы және орыс классиктерімен салыстырмалы талдау
8-сынып: Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметінің тарихи-мағыналық талдауы
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасына арналған шығармашылық-ізденістік аралас сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың аударма лирикасы: поэтикалық ерекшеліктері мен тарихи-әлеуметтік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz