3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: С. Сарғасқаевтың Шыбық әңгімесін талдау, оқу дағдыларын дамыту және экологиялық тәрбие

Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы : Шыбық ( С. Сарғасқаев)
Сабақтың мақсаты :Автор туралы мағлұмат беру.
Білімділігі:Мәтіннің мазмұнын ашу, түсініксіз сөздерді кең көлемде беру, кейіпкерлерге
мінездеме беруде дәлелдеуге жетелеу.
Дамытушылығы:жүйелі өз ойын беруге, ой белсенділігін арттыруға жетелеу
Тәрбиелігі:оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, экологиалық тәрбие беру.
Сабақтың типі :ұғымды меңгерту
Оқыту әдісі :Түсіндіру, тірексызба, сұрақ-жауап.
І. Бағдарлау-мотивециялық кезең.
-Биыл қандай жыл?
-Қандай қасиеттері бар?
Осы жыл барлығымызға денсаулық, табыс, бақыт әкелсін!
-Жыл мезгілдерін атау.
ІІ. Операциялық орындаушылық кезең.
Ілияс Жансүгіровтың ”Көктемде”өлеңін жатқа сұрау.
Шумақ бойынша:
-Көктемнің қай кезеңі суреттелген?
М. Хакімжанованың “Көктем жыры” өлеңін мәнерлеп оқыту.
-Әр шумағының мағынасынын аша отырып, оқыту.
Актуалдау.
-Көктемгі өзгерістерді атау.
Жаңа ұғым
С. Сарғасқаевтың “Шыбық” әңгімесімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет беру:
Сансызбай Сарғасқаев
- 1925-95ж
- Жамбыл-Сұлутор
- Жазушы
Әңгіменің мазмұнын сөз тіркестерін пайдалана отырып, түсіндіру.
Тізбектей оқыту
Сөздікпен жұмыс:тесе, камзол
Теріп оқу
1. Әкесінің сөзі
2. Темірдің өкініші
3. Еңбек еткендегі ісі
4. Пейзаж суреттелген жер
Кейіпкерлерді атау
Темір, Бақыт, әкесі.
Мінездеме бере отырып, дәлелдеу.
-Екі баланың ісі қандай?
-Осындай балалар біздің арамызда бар ма?(өз ойлары)
-Өсімдік бізге не береді?
-Жеміс
-Таза ауа (оттегі)
-Көлеңке
-Самал жел
-Лас ауаны жұтады ( көмірқышқыл)
-Қағаз, желім
-Азайған түсін “Қызыл кітапқа” тіркейді.
Тұжырым кестесі арқылы түсініктерін толықтырып, бекіту
ІІІ кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Елбасы жолдауын еске түсіру
Әр мұғалім, оқушы, турғын өз есік алдын көгалдандырса.
-Еңбек туралы мақал-мәтел айтып, түсіндіру
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
Үйге:1түсінік айту
2Бөлімге бөлу
3Сахналау