Өнерге қанат қаққандар. сценарий

Аудандық балалар Әуез мектебі
хореография бөлімінің
«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі
(Сахна безендірілген. Ортада би падишасы мен уәзір) .
Уәзір: Уа, падишам, датым бар.
Би падишасы: Айт датыңды.
Уәзір: Уа, падишам, сізден аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертін бастауға рұқсат сұрап отыр.
Би падишасы: Қашан?
Уәзір: Дәл қазір, қонақтар жиналып қалыпты.
Би падишасы: Қанша бала қатысқалы отыр?
Уәзір: 36 бала.
Би падишасы: Қандай жетістіктері бар?
Уәзір: 1. Аудандық «Сыр сұлуы» бишілер байқауының 1 орын иегері.
2. Аудандық «Бозторғай» байқауында облыстық жолдамаға ие болды.
3. Облыстық «Бозторғай» байқауында дипломант атанды.
Би падишасы: Олай болса балаларды шақыр ортаға, өнерлерін тамашалайық.
Уәзір: Құп болады, падишам.
«ҚАЗАҚ БИІ» (ашылуы) .
Қайырлы күн көрермен баршаңызға,
Шымылдығын концерттің ашамыз ба?
Бүгінгі кеш өздеріңізге арналады,
Көрсетуге өнерді қашамыз ба?
Қимыл шіркін келіссе,
Барлық қимыл би болар.
Бүгінгі бишілердің билерін,
Тамашалаған жөн болар -дей отыра, Шара апамыздың бүгінгі із басарларына, жолын жалғастырушыларына кезек берсек.
2 жүргізуші:
Орыс ұлттық биі Ежелгі Ресейде кеңінен-ақ танымал болған. Көңілді де, шатты билер тойларда, Ежелгі Ресейдің мерекелерінде кеңінен қолданылады. Орыс ұлттық билері - жақсы көңіл-күй, қуанышты би, той-думан, күлкі және әдемі ұлттық киімдер. Би, негізінен, кадрильден, қол ұстасып айналудан, жігерлі билерден тұрады.
«ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»
орындайтындар 2-класс оқушылары.
Тағдырдың талмаусырап тасыр күзі,
Бар мұңын келеді оның жасырғысы,
Қимылы қияметтің жұмбағындай
Пейіштің мың бұралса татар қызы!!!
2 жүргізуші:
Ендеше, ортада
«ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»
орындайтындар 1-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Әр елде оны әр түрлі атайды - қазіргі күннің биі, тәуелсіз би, көркем би, ырғақты би, тағы басқа. Бірақ бәріне ортақ нәрсе - ол классикалық бидің ескі және қазіргі заман тақырыбы мен бейнелерін аша алмайды деп жоққа шығару.
Хореографиядағы бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль-Жак-Далькроз болды.
Тамашалайық ортада
«МОДЕРН БИІ»
орындайтындар 3-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың, біздің Шәмшінің әніндей ескі болса, жаңа және мәңгілік десеңші. Тамашалайық! Ортада
«РЕТРО БИІ»
орындайтындар 2-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен.
Бәріміз бірге үнді еліне саяхат жасап қайтайық.
«ҮНДІ БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Ол елдiң сән - салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы - мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Олай болса, «Көктем гүлі» деп аталатын қазақ биін тамашалайық
«ҚАЗАҚ БИІ»
орындайтындар 3-класс оқушылары.
Бойынан байқалады ұлылық тым,
Бишінің жұмбақ жанын қалай ұқтың?
Қадалған қайсар көзі бар жүзімен
Уызын жұтып барады сұлулықтың!
2 жүргізуші:
Әрбір қимылы жүрекке ұрған қанжардай, есімізге қызыл түсті елестететін би - бұл әрине испан биі, сахнада
«ИСПАН БИІ»
орындайтындар 2-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы - Тамара!
Біздің мақтанашымыз - Шара!
«ӨЗБЕК БИІ»
орындайтындар 1-класс оқушылары.
Жыласыншы тамызып айдай жырын,
Бастады екен тағдыры қандай ырым?
Төгілтіп мүсіндейді кавбой биін,
Татырып тұрған кезде балдай шырын.
2 жүргізуші:
Жер тарпып, сезім-тұлпар кісінеді,
Таза қанды жүйріктей мүсіндері.
Тағылық табиғаты тасығандай,
Бишінің баурап алар қимыл-ебі!
«КАВБОЙ БИІ»
орындайтындар 3-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Көңілді күймен ортада
Латын биі «ЛАМБАДА»
орындайтындар 2-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
Би арқылы белгілі бір күшті, жігерді, икемді қажет ететін жастар арасындағы сайыс. Атақты лезгинка биі ежелгі халықтың наным-сенімімен, салтын көрсетеді. Бидің ең басты элементі - бұл бүркіттің бейнесі болып саналады. Бұл бейне, әсіресе, биші аяғының ұшына тұрып, екі қолын қанат сияқты жайып, бүркіттің ұшуы анық байқалады.
Келесі тамашалайтындарыңыз
Грузин биі «ЛЕЗГИНКА»
орындайтындар 3-класс оқушылары.
2 жүргізуші:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz