Ms access әлемінде

№9 АТК

математика, информатика, физика пәндері бойынша

АШЫҚ САБАҚ

Дайындағандар: Ускина Ж. С.

Ахметова Г. М.

2013-2014 оқу жылы

Ашық сабақтың жоспары

Пән: Информатика

Тақырыбы: MS Access әлемінде.

Күні: 15. 05. 2014

Топ: Ф-11

Сабақтың мақсаты:

  1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
  2. Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
  3. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Сабақтың түрі : Танымдық ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: білімді меңгеру деңгейін байқау

Әдісі : ой-қозғау - «ойын-сабағы»

Көрнекілігі : интерактивті тақта, тапсырма, слайдтар, мультимедиа проектор .

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1. 1 Студентердің сабаққа дайындығын тексеру

1. 2 Студенттердің зейінің сабаққа аудару

  1. Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
  2. Сабақтың актуалдылығы
  3. Сабақтың барысы

4. 1 «Қас - қағым сәт» Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

  1. «Ғажайып үштік»кезеңі. Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.
  2. «Логика»Пәндер бойынша логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
  3. «Шебер қолдар» ойыны. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет - ретімен салып шығуларың керек. Әр дұрыс пішінге 1 балл қойылады.
  4. «Кім білгір» ойыны. Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т. с. с. Әр дұрыс 5жауапқа 1 балл қойылады.
  5. «Қызықты жұмбақтар». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
  6. «Мақал -мәтілдер жалғасын тап». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. .
  7. MS Access - тен тесттік сұрақтар. Экранда баллды өзі береді.
  1. Қорытындылау
  2. Бағалау:Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
  3. Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: MS Access әлемінде.

Мақсаты:

  1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
  2. Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
  3. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: білімді меңгеру деңгейін байқау

Әдісі: ой-қозғау - «ойын-сабағы»

Көрнекілігі : интерактивті тақта, тапсырма, слайдтар, мультимедиа проектор .

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1. 1 Студентердің сабаққа дайындығын тексеру

  1. Студенттердің зейінің сабаққа аудару
  1. Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
  2. Сабақтың актуалдылығы
  3. Сабақтың барысы

4. 1 «Қас - қағым сәт» . Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

  1. «Ғажайып үштік»кезеңі. Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.
  2. «Логика»Пәндер бойынша логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
  3. «Шебер қолдар» ойыны. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет - ретімен салып шығуларың керек. Әр дұрыс пішінге 1 балл қойылады.
  4. «Кім білгір» ойыны. Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т. с. с. Әр дұрыс 5жауапқа 1 балл қойылады.
  5. «Қызықты жұмбақтар». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
  6. «Мақал -мәтілдер жалғасын тап»Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. .
  7. MS Access - тен тесттік сұрақтар. Экранда баллды өзі береді.
  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау. Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
  3. Үйге тапсырма беру

ІІІ. Сабақтың актуалдылығы

Ойын толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.

Ғылымдардың ғылымы

Математика, физика, информатика жайында

Ойын сабағымызды бастаймыз.

1 - студент

Азаматтық ақыл-кенін ашқандар

Архимед, Ньютон мен Паскальдар

Сусындаған өзің сынды ұстаздан

Ізгі мәңгі өшпейді дастандар

2-студент

Информатика әлемі

Қызығы мол әдемі

Компьютердей құралды

Меңгердік біз енді

IV. Сабақтың жүруі

4. 1. «Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

Физика

  1. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех. қозғалыс)
  2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
  3. Жылу берілу кезінде дененің алған немесежоғалтқан энергиясы ( жылу мөлшері)
  4. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)
  5. Өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)

Математика

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бұйірлі)
  2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
  3. Квадрат пен ромбның перимертлері бірдей. Қай фигураның ауданы бірдей (квадрат)
  4. 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)
  5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)

Информатика

  1. компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз. - ол … (Деректер қоры)
  2. мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер. (Кестелер)
  3. жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. - бүл (Сұраныс)
  4. мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелік құжаттар. (Есептер)
  5. мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі. ? (Конструктор)

4. 2. «Ғажайып үштік» кезеңі.

Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.

Математика: Математика
10: 10
20: 20
30: 30
Математика:
10:
20:
30:
Математика: Физика
10: 10
20: 20
30: 30
Математика:
10:
20:
30:
Математика: Информатика
10: 10
20: 20
30: 30

Пәндер аты:

Пәндер аты

Сұрақтары:

Сұрақтары

Жауабы:

Жауабы

Пәндер аты: Информатика 10
Сұрақтары: Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект қандай?
Жауабы: Форма
Пәндер аты: Информатика 20
Сұрақтары: белгілі бір мақсатта шектеулі әрекет-тер жиынын біртіндеп орындайтын программа.
Жауабы: Шебер
Пәндер аты: Информатика 30
Сұрақтары: жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған не,
Жауабы: Макростар
Пәндер аты: Физика10
Сұрақтары: Күштің өлшем бірлігі?
Жауабы: Ньютон
Пәндер аты: Физика 20
Сұрақтары: Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал
Жауабы: Амперметр
Пәндер аты: Физика 30
Сұрақтары: Тоқтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар?
Жауабы: Джоуль - Ленц
Пәндер аты: Математика 10
Сұрақтары: Таңбалары қарама - қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан?
Жауабы: Теріс
Пәндер аты: Математика 20
Сұрақтары: Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады?
Жауабы: Ондық
Пәндер аты: Математика 30
Сұрақтары: Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Ол қандай сан?
Жауабы: 111

4. 3. «Логика»

Пәндер бойынша логикалық сұрақтар

Математика

  1. Кез -келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)
  2. Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық

9 9 9 = 72 (9*9) -9=72

44 44 = 1 44 / 44 = 1

5 5 5 5 =50 (5 *5 ) + (5 * 5) =50

3. Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиды. Ол қалай болуы мүмкін. (мұнда әңгіме атасы, әкесі және баласы жайлы жүреді)

4. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 -тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5, 5)

5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)

Физика

  1. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
  2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)
  3. Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады (аспалы сағат)
  4. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
  5. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)

4. 4. «Шебер қолдар» суретшілер сайысы.

Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет - ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!

4. 5. «Кім білгір» ойыны

Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т. с. с. Олай болса, қане бастайық

13, 21, 54, 212, 10009, 1338, 66, 2999, 689, 1000, 4099

11, 25, 45, 313, , 1447, 77, 3999, 889, 3002, 9090

18, 32, 65, 345, 10010, 1399, 89, 1899, 669, 2002,

4. 6. «Қызықты жұмбақтар»

Физика пәні бойынша

1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың . (Жол)

2. Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді . (Үдеу)

3 Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

4. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньюонға ол келеді. (Күш)

5. Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық-

Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)

Иформатика

1. Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші, достарым! ( Shift + Alt )

2. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғы жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

3. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)

5. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тінтуір)

Математика

  1. Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)

  1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін-бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)

  1. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)

  1. Қарама -қарсы қабырғалары

Паралель боп қосылған

Оқыңызшы аталуын

Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)

  1. Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны біз де (теңсіздік)

4. 7. «Мақал -мәтелдер жалғасын тап»

Физика

  1. Түйені жел қозғаса

Ешкіні . . . аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)

  1. Жел соқпаса . . . шөптің басы қозғалмайды (күш)
  2. Аузы күйген, . . . үрлеп ішер (Кебу)
  3. Ай мен күн ауысты

Тәулікті . . . тауысты (жерлің өз осімен айналуы)

  1. Ай жоғары әлемге

Күн жоғары . . . төменге (жарық сәулесі)

Математика

  1. Екі жақса қас болмас

Екі жаман . . . ( дос болмас)

  1. Алты жыл аш болсаңда, . . . (атаңның салтын ұмытпа)
  2. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі білім біл)
  3. Жеті атасын білмеген . . . (жетімдіктің белгісі)
  4. Қызға . . . (қырық үйден тию)

Информатика

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
  5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

4. 8. MS Access - тен тесттік сұрақтар

1. Деректер қоры дегеніміз не ?

A. Арнайы ұйымдастырылған жазулар мен файлдар тізбегі*

B. Арнайы ұйымдастырылған файлдар тізбегі

C. Тізім түрінде ұйымдастырылған жазулар тізбегі

D. Арнайы ұйымдастырылған жазулар тізбегі

2. Access қалай құрылған ?

A. Си тілінде құрастырылған.

B. Деректер қорын басқару жүйесі негізінде құрылған.

C. Деректер қорын басқаруды реляциялық модель негізінде құрылған*.

D. Fun тілі негізінде құрастырылған.

3. Деректер қорының негізгі объектілерін есепте?

A. Кестелер, отчеттар, макростар және модульдер.

B. Кестелер, сұраулар, формалар, отчеттар, макростар және модульдер*

C. Кесте және модуль.

D. Кестелер, сұраулар, формалар, отчеттар

4. Access объектісіне әрекеттерді сипаттау енгізіледі:

A. Отчет

B. Кесте

C. Сұрау

D. Макрос*

5. Қолданушының деректер қоры не үшін қолданылады?

A. атаулы режимде *

B демонстрациялық режимде

C. жасырын режимде

D. арнайы режимде

6. Мектеп оқушыларының есебі туралы деректер қоры жасақталды. Бұл деректер қорында қандай алаң қажет емес?

A. Тегі, аты, әкесінің аты

B. Мектептегі сыныптар саны*

C. Мекен-жайы, үй телефоны

D. Сынып

7. Деректер қоры алаңының сипаттамасына не енбейді?

A. аты

B. типі

C. ұзындығы

D. кілті*

8. Деректер қорымен жұмыс жасау кезінде қандай ұғым қолданылмайды?

A. Ұяшық (тор) *

B. Алаң

C. Идентификатор

D. Кілт

9. Деректер қорында алаң типі (сандық, мәтіндік және т. б. ) қалай анықталады?

A. алаң аты

B. алаң ені

C. жолдар саны

D. деректер типі*

10. Деректер қорындағы кілт дегеніміз:

A. Деректерді өңдеуге негізделген арнайы құрылым

B. Нақты объект немесе процесс параметрлерінің бір мәнін сақтауға негізделген деректер қорындағы жай объект

C. белгілі бір параметрлер бойынша деректерді топтау процесі


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Access бағдарламасында кесте құру
Жобаларды қорғау
Мәліметтер базасы терезесінде
Сұранысты құру жолдары
Информацияны оқу құрылғысы
Деректер қорын ұйымдастыру
Омж 11 класс
Деректер қоймасын құру
Power point-пен презентация жасау
Сұраныстар конструкторының терезесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz