Көмектес септік: оқу-әдістемелік сабақ жоспары

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Боранқұл орта мектебі

Уелбаева Бибиля

Тақырыбы: Көмектес септік

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың көмектес септігі туралы алған білімдерін кеңейту; көмектес септік жалғауы заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту; көмектес септіктегі сөздердің қалай байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сауатты, көркем жазуын қадағалау.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, семантикалық карта.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру.

Жүрісі

І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық дайындық

Әрбір адам- туыс, туған, жұрағат!

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат!

Әрбір ісің -бірлік, тірлік, адамдық!

Әрбір сөзің- шындық, ақтық, адалдық!

ІІІ. «Ой шақыру» стратегиясы

Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата.

Баяндауыш дегеніміз не?

Дауыссыз, дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Сөйлем дегеніміз не?

Мәтін дегеніміз не?

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Жай сөйлем дегеніміз не?

“Кітап “ сөзіне дыбыстық талдау жаса

Бастауыш дегеніміз не?

Антоним, синоним, омоним дегеніміз не?

Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Біріккен сөздер туралы не білесің?

Септіктерді ата

Асан сөзін септе.

ІV. Жаңа сабақ

А) Қызығушылықты ояту

Ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылардың көмектес септігі туралы алған білімдерін кеңейту; көмектес септік жалғауы заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту; көмектес септіктегі сөздердің қалай байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын түсіндіру.

Б) Дәптермен жұмыс. Көркем жазу

Жеті атаны, жеті жұрт пен жеті қазынаны білген жігіттің соңынан ерген жұрт жұтамайды.

Қоғабай Сәрсекеев

V. Сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

VІ. Оқулықпен жұмыс

86 - ж а т т ы ғ у

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Зат есімдердің қай септікте тұрғанын айт.

VІІ. «Сәйкестендіру» стратегиясы

А. с гүлдің, әженің

І. с Асанды, демалысты

Б. с оқушылар, Айнұр

Т. с Маралмен, отпен

Ж. с ауылдан, үйден

Ш. с сабаққа, ініге

К. с Алматыда, халықта

88 - ж а т т ы ғ у

E:\УБН\Downloads\images.jpg Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

E:\УБН\Downloads\images.jpg E:\УБН\Downloads\images.jpg

Ш І

VІІІ. Терме диктанты

(Оқушыларға септіктердің аттары жазылған қағаздар таратып беріледі. Олар өз септіктеріне байланысты сөздерді теріп жазады)

Суретшінің, алмұрт, еңбекпен, даланы, кітаппен, жылқыға, қалада,

қағаздан, Арайда, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, отқа,

өсімдіктің, гүлдер, досыммен, адамның, темірден, үстелде.

А. с Алмұрт, ағаш, гүлдер

І. с Суретшінің, өсімдіктің, адамның

Б. с Жылқыға, дүкенге, отқа

Т. с Даланы, қонақты, әншіні

Ж. с Қалада, Арайда, үстелде

Ш. с Темірден, қағаздан, әкеден

К. с Еңбекпен, кітаппен, досыммен.

ІХ. Семантикалық картамен жұмыс

Х. Қорытынды.

ХІ. Үйге тапсырма 91-жаттығу

ХІІ. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Көмектес септік: теориясы, сұрақтары және сабақ жоспары
Көмектес септік тақырыбы бойынша қазақ тілі сабақ жоспары
Көмектес септік: қазақ тілі сабағының жоспар-әдістемесі
Сабақ жоспары: Көмектес септіктің анықтамасы, өзіндік белгілері және практикалық жаттығулар
Септік жалғаулары туралы сабақ жоспары
Шығыс септік: 332-336 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Шығыс септік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі: Атау септік - сабақ жоспары
Зат есім септіктерін қайталау: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі пәні: Ілік септік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz