Символдық және жолдық шамалар. жолдық шамалармен жұмыс

Сапарова Құрбанай Мыңбайқызы
Жаңаөзен мектеп - гимназиясының
информатика пәні мұғалімі
Тақырыбы: Символдық және жолдық шамалар. Жолдық шамалармен жұмыс.
Мақсаты:
Білімділік: жолдық шамаларға қолданылатын лперацияларды енгізу және оқушыларға алгоритмдермен программаларды құру кезінде осы операцияларды пайдалану тәсілдерін, жолдарын көрсету;
Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық:текстерді біріктіру, ұзындығын анықтау, бөлігін қиып алу жұмыстарын жасау арқылы оқушылардың логикалық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу
2) Сабаққа қатысын тексеру
3) 2 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қолданылатын сөздер: (Алг, басы, енгізу, шығару, соңы, program; var; begin; readln, writeln; end. ) Берілген сөздерді құрап 2 топқа бөлінеді.
4) Өзін-өзі бағалау бетшесін тарату.
ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін нақтылау.
- Таңдау операторы дегеніміз не? Қызметші сөздерін ата.
- Талмақталу операторы дегеніміз не? Қызметші сөздерін ата.
- Циклдық алгоритмнің түрлері. Бір-бірінен айырмашылығы.
- Бір өлшемді массив
- Екі өлшемді массив
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жолдық шамаларға біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады. . Біріктіру амалын конкатенация деп атайды. Ол «+» таңбасымен белгіленеді. Осы амал арқылы символдардан жаңа мәтіндер құралады. Мысалы: “про”+ “грамма”= “программа”, “12”+”236”=”12236” Текстерді жалғау нәтижесі олардың ретіне байланысты: “236”+ “12” = “23612”. Салыстыру амалында <, >, <=, >=, < >, = белгілері жатады. Мысалы: ‘CCC’> ‘CC’ TRUE ‘Bol_’> ‘Bol’ TRUE ‘red’< ‘blue’ TRUE ‘100’> ‘101’ FALSE ‘MAN1’> ‘MAN2’ FALSE.
- Текстің ұзындығын анықтау. Бұл операцияұзынқызметші сөзінің көмегімен жүргізіледі. Текстің ұзындығы ондағы символдар санымен анықталады. Мысалы:ұзын(“программа”) =9.
- Символды ауыстыру. Сөздің бөлігін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: А= “маман” болғанда А [1, 3] := “айр” командасы “маман” сөзінің бір бөлігін, 1-әріптен 3-ні қоса “айр”-мен ауыстырады. Команда орындалғаннан кейін А-ның мәні “айран” сөзі болады.
Мысалдар:
№1 мысал. “ку”, “шка”, “юшон”, “пила” сөздерінен: “кукушка кукушонку купила капюшон” сөйлемін құрастыратын алгоритм жазу және оның ұзындығын анықтау керек.
Шешуі:
алг сөйлем (нәт лит Т, бүтін L)
басы лит А, B, C, D
A:=“ку”; B:=“шка”; C:=“юшон”; D:=“пила”
T:=A+A+B+“”+A+A+C[2, 3] +A+“”+A+D+“ ”+B[2, 2] +D[1, 1] +C
L:=ұзын (T)
шығару T, L
соңы
Program e1;
const a='ку'; b='шка'; c='юшон'; d='пила';
var t: string [100] ;
l: integer;
begin
t:=a+a+b+' '+a+a+copy(c, 2, 3) +a+' '+a+d+' '+copy(b, 2, 2) +copy(d, 1, 1) +c;
l:=length(t) ;
writeln(' t:=', t) ;
writeln(' l:=', l) ;
end.
№2 мысал.
А= “Қазақстан”
A[2, 1] +[6, 4] + [2, 1] := ‘Астана’
A[1, 5] := ‘Қазақ’
A[7, 2] +[3, 2] :=‘таза’
A[6, 1] +[8, 1] +[1, 2] :=‘сақа’
№3 мысал. Меншіктеу командаларын ретпен орындағаннан кейін А символдық шамасының мәнін анықтау.
А= “қал”-ға тең.
A[1, 1] := ‘т’-‘тал’
A[3, 1] := ‘й’- ‘тай’
A[1, 1] :=‘м’- ‘май’
A[1, 1] :=‘с’- ‘сай’
А= “сай”-ға тең.
s-жолдың ұзындығын анықтайды. (Қанша символ бар екенін)
Length (‘a+b’) =3
Length (‘a c d’) =5; т. с. с
s-string
p, n-integer
s1, s2, -string,
n-integer
s-string,
i-integer,
s-string,
i-integer, real
code-integer
ІҮ. Тапсырмалар орындау.
Топқа берілетін тапсырмалар:
1-тапсырма. Бұл тапсырма жұмбаққа ұқсас.
1-топқа А= ‘сабақ’ екені берілген. ‘Сабақ’ сөзінен ыдыс, ас, бас киім, ақпаратты қабылдайтын адамның бір мүшесі, жылқы төлі сөздері шығатындай тапсырманы орындау керек.
А= “сабақ”-қа тең.
A[1, 1] := ‘т’-‘табақ’
A[2, 1] :=‘ым’- ‘тымақ’
A[3, 3] :=‘құл’- ‘құлақ’
A[4, 2] :=‘ын’- ‘құлын’
А= “құлын”-ға тең.
2-топқа А= ‘сарай’ екені берілген. ‘Сарай’ сөзінен жел, дуал, адам есімі, қатты деген мағынаны білдіретін сөз шығатындай берілген тапсырманы орындау керек.
А= “сарай”-ға тең.
A[3, 3] := ‘мал’-‘самал’
A[1, 1] :=‘қ’- ‘қамал’
A[1, 1] :=‘ж’- ‘жамал’
A[1, 3] :=‘қат’- ‘қатал’
А= “қатал”-ға тең.
Оқушылар постер қорғау арқылы берілген тапсырманың мағынасын түсіндіреді, қалай шығарды қалай бұл сөздердің пайда болу туралы.
2-тапсырма. Компьютермен жұмыс.
1-топқа оқулықтан №102 беттегі №16 практикалық жұмыстың 2-есебі; А-есебіндегі кітапхана сөзінен: ана, кітап, танк, апа, хан сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.
2-топқа оқулықтан №102 беттегі №16 практикалық жұмыстың 2-есебі; В-есебіндегі компьютер сөзінен торт, том, ток, тер, рет сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.
1-топ есебінің жауабы:
Program e1;
const a='кітапхана';
var t: string [100] ;
l: integer;
begin
t:=copy(a, 3, 2) +copy(a, 8, 1) +copy(a, 1, 1) ;
l:=length(t) ;
writeln(' t:=', t) ;
writeln(' l:=', l) ;
end.
Ү. Сергіту сәті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz