Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Елбасының өмірі мен қызметі
Елбасының өмірі мен қызметі
Байтанаева Рауза Тұрғалиқызы, Шу ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта
мектеп, тарих пәнінің мұғалімі
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де
Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында
дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды.
Ата-анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады. Ерте есейген Сұлтан
мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия
комбинатында жұмыс істеді. Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын
басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.Үлкен өмірге
қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы,
домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің
шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек
қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін.
Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін
қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс
болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы
молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге
келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық
өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді
құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-
ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары
техникалық оқу орнын бітіреді. Экономика ғылымдарының докторы.
Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:
1960-1969 жылдары-Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-
комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы
болды. 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде
Нұрсұлтан Назарбаев (98,7)дауыспен жеңіске жетті.
1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011
жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының
Президенті болып сайланды.
Президентіміздің қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:
-Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;
- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі
өтімді, беделді мемлекетке айналды;
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
-Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет-
Қазақстан;
Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен,
тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен
тұлға. Әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан
жылы лебіздері: Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-
ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық
орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар
өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық
нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның
демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып
жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып
келеді». Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті:
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай
қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне
айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар, Қазақстанға терроризмге қарсы
жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде
«Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».
Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.
Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың
авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А.,
1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как
суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана»
(А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской
цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
«Деловой Мир Астана» баспасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ресми өмірбаяны жарыққа шықты.
Бұл кітапты Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-
өмірбаяндық зерттеудің алғашқы тәжірибесі деуге болады. Кітапта оның
қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы
баяндалады. Бұл орайда, басты назар Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмірбаянына
аударылған, ол Қазақстан ХХ-ХХІ ғасырларда өз дамуының барысында бастан
өткерген драмалық және қалыптан тыс оқиғалар мен үдерістердің тарихи
аясында беріледі.
Архив материалдарының ауқымды базасының негізінде әзірленген
өмірбаян Қазақстанның ең жаңа тарихының елеулі құжат көзі болып табылады.
Оны әзірлеу барысында Орталық мемлекеттік архивтің, Президент Архивінің,
Тұңғыш Президент Мұражайының, Президент Әкімшілігінің, Қарағанды облысы
мемлекеттік архивінің, Теміртау қ. мемлекеттік архивінің, Алматы облысының
Қарасай ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайының қорларындағы архивтік
құжаттарды зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Экономика және болжау институты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5]
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар
дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы
тағайындалған.
Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық. • … Тәуелсіздік – ата-
бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан
ақиқаты. • «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». • Елдің
бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. • Менің атам да, анам да –
қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын
да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті
тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың
перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. • Құдай қазаққа қырын қарамаған:
пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген,
мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға
ететін ер берген. • Сөз бостандығы шексіз емес. Ол – табындыратын ғана
емес, Талқандайтын да қуатты күш.
Елбасымыздың атақ-дәрежелері де баршылық:
Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы ,Қазақстан халықтары
Ассамблеясының төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы
,«Ғасыр адамы», Экономика ғылымының докторы, академик, Әнұранның авторы,
жазушы,көптеген кітаптардың авторы, Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы,
Алымды да, алғыр басшы, Көреген саясаткер Қорыта келгенде Елбасының «Жан
шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: Тәуелсізбін! Бар ма
мұң? Тәләйлі болсын талғамың! Өркені өссін қазақтың, Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын Қала болсын Астана, Осы – менің
мұратым! О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр. Баянды болсын Азаттық, Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім, Құрбан жаным, жүрегім! Атымыз озсын бәйгеде, Осы –
менің тілегім. Дей келе осындай өлең шумақтарымен аяқтағым келеді. “… Мен
өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын
садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне
көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне
бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу
бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы
жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай
жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…” Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі –
ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген
елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен
марапатталған.
Сілтеме
1. http://kk.wikipedia.org/wiki/Назарбаев
2. http://akorda.kz/
3. Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым - Алматы: Алматы кітап,
2006
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz